жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Дулат Исабеков "Әпке "драмасы 8-сынып
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Юрий Гагарин о/м ІІІ. Махаббат және абырой Мұғалімнің аты-жөні: Отегенова А
Сыныбы: 8 |
|
Сабақтың тақырыбы |
Дулат Исабеков «Әпке» драмасы
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
8.2.2.1 Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау; |
Сабақ мақсаты |
Автор образы мен кейіпкерлер қарым-қатынасын ашу үшін олардың сөздеріне, яғни репликаларға, диалог, монологтарға талдау жасау. |
Бағалау критерийі |
Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдай алады; |
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: қаламгердің өз кейіпкерлеріне деген қарым-қатынасы әртүрлі болатынын тілдік құралдар арқылы анықтайды. Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: автор образы, шығарма атауы, кейіпкерлер тізімін құру, реплика, ремарка, сахналық ескерту т.б. Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, автордың бағалауынша ..., мен ... ойлаймын т.б. |
Құндылықтарды дарыту |
Сабақ мазмұны арқылы жеке/топта жұмыс жасау, жауапкершілік және өзін-өзі, өзгені бағалай білу құндылықтары оқушы бойына сіңіріледі. |
Пәнаралық байланыс |
Өзін-өзі тану пәнімен байланыс. Отбасылық құндылықтардың маңызы. |
Алдыңғы білім |
«Әпке» драмасының композициясын тұтастан-бөлшекке қарай талдады. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер |
Ресурстар |
||||||||||||||
Сабақтың басы
|
3.Өтілген тақырып пен жаңа сабақты байланыстыру.
Кейіпкер мен олардың сөздерін сәйкестендіреді.
|
слайд
1-таратпа |
||||||||||||||
Сабақтың ортасы
|
Т. 1-тапсырма. Оқушылар шығарманың басты кейіпкерлеріне үш сөйлеммен өз сөзімен мінездеме береді. Қамажай ………………………………… Омар …………………………………….. Темірбек ………………………………… Нәзила ……………………………………
Т. 2-тапсырма. Кейіпкерге берген мінездемесін драма мәтініне сүйене отырып толықтырады, яғни, тілдік көрінісін талдайды. РЕПЛИКА/МОНОЛОГ/ДИАЛОГ Мысалы, Қамажай бейнесіне қатысты: Не боп кетті, құдай-ау?! Өң мен түстей. Теміржан, қарындасыңның балалығын кешір. Япырым-ай, әуре боп жасаған тамақты да іше алмадыңдар ғой.
Қабілеті жоғары оқушылар автор бейнесі мен кейіпкер қарым-қатынасының тілдік көрінісін анықтап талдайды.
Қабілеті төмендеу оқушылар диалог/монологтарды тауып оқиды. Дескриптор
5. Мұғалімнің кері байланысы: «Екі жұлдыз, бір тілек». |
2-таратпа
3-таратпа |
||||||||||||||
Сабақтың аяғы
|
6. «Аяқталмаған сөйлемдер»
6. Рефлексия «Сауалнама» әдісі
|
|
||||||||||||||
Дифференциация Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау |
||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.
|
Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. |
Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.
|
||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген