Ашық сабақ Е дыбысы мен əрпі 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Е дыбысы мен əрпі 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән: Сауат ашу

Орта мерзімді жоспар бөлімі: 4 тарау: Бізді қоршаған әлем

Күні:

Сынып: 1-сынып

Мектеп:Құрсай бастауыш мектебі КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Хамитова Мейрамгул Қадыржанқызы

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

4-бөлім: Бізді қоршаған әлем

Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.1.9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.

1.1.4.1   Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау.

1.3.8.1  Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: 4- тарау бірінші және үшінші тарауларда қалыптасқан дағдыларға негізделеді. Оқушылар шағын танымдық мәтіндерден ақпарат алуға мүмкіндік беретінін түсінеді. Сонымен қатар, сөздер мен сөйлемдерді дұрыс оқуға дағдыланады.

Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

Кейбір оқушылар: тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

  • тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіндіреді.

  • шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

  • тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім




4 тарау бірінші және үшінші тарауларда қалыптасқан дағдыларға негізделеді. Оқушылар шағын танымдық мәтіндерден ақпарат алуға

мүмкіндік беретінін түсінеді. Сонымен қатар, сөздер мен сөйлемдерді дұрыс оқуға дағдыланады.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Қайырлы күн, балалар! Көңіл-күйлерің қалай?

Ендеше келген қонақтарымызға амандасып алайық;

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлембердік сіздерге

Құрметпенен біз!

«Алақан» әдісі арқылы бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейікші.



Алдыңғы білімді еске түсіру «Ой қозғау» әдісі арқылы

  • Дыбыс деген не?

  • Әріп деген не?

  • Буын деген не?

  • Сөздерден не құралады?

  • Қандай дауысты дыбыспен таныстық?( а,о, ұ, ы, і, у)

  • Қандай дауыссыз дыбыспен таныстық? (н, ш, т, д,р, л, с,қ, м, )

ҚБ: Басбармақ арқылы бір-бірін бағалау.






Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары








Сабақтың ортасы

Оқу мақсатымен таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

1 Тыңдалым.

-Мен атам мен әжеме кім боламын?

Дескриптор:

  • мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

  • шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

  • берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.


«Ребус шешейік» Суреттердің алғашқы әріптерінен ребустың жауабын табамыз.


2 Айтылым

Е –дыбысы дауысты дыбыс.Тілдің қатысына қарай жіңішке дауысты дыбыс.Жақтың қатысына қарай қысаң
дауысты дыбыс.Еріннің қатысына қарай езулік.


3 Тыңдалым. (Е дыбысы жайлы видео көрсету)


«Серпілген доп»
Е дыбысы бар сөздерді айтамыз.
Е дыбысы орын талғамайды. Сөздің басында,ортасында
аяғында кездеседі.
Дискриптор:(Е дыбысына байланысты сөздерді айта алады және е дыбыс сөздің қай жерінде кездесетінін аңғарып, айтады.)
 ҚБ: Жарайсың!(шарға смайлик жапсыру)


4 Оқылым:
69 беттегі, №2 тапсырманы оқу.

Буындарды  оқу: (хормен оқу)
Сөздерді оқу. (Жеке оқу)
Дискриптор: (Тұтастай оқи алады)
Смайлик арқылы бағалау.

4 Жазылым

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау


Дәптермен жұмыс: Е әрпінің жазылуын таныстыру.

Е дыбысының бас әрпі екі тармақтан тұрады.
Бірінші тармағы жолдың  үстінде жарты шеңбер тәрізді оңға қарай салынады. Кіші әрпі толықтай жолдың ішінде салынады.
Дискриптор: Сөздерді каллиграфияға сай жазуы.

Жеке жұмыс:
Е 
дыбысына байланысты сөздерді өзбетімен  жазу және жазған сөздерін оқыту.

Дискриптор: Е дыбысына байланысты сөздерді жаза алуы.
ҚБ: топтық бағалау. Смайлик арқылы


Аудио запись









Видео көрсетілім


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Таныстырылым
доп,

оқулықпен жұмыс



Белсенді оқу тапсырма

лары










Оқулық, дәптер






Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану


Сұрақтың жауабын суреттің көмегімен болжа








.


ҚБ:Алма ағашы арқылы бір-бірін бағалау.


Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім



Флипчарт
маркер, табиғат суреттер, буындар, сөздер.



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Сабақтан алған әсерлерін хабарлама арқылы ұстазға оқып береді, немесе қалдырады.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
471
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі