Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Екпін және оның түрлері 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Екпіннің лексикалық мағынасын аша отырып, оның оқу, сөйлеу нормасына тән құбылыс екеніне түсіндіру, орыс тіліндегі екпін мен қазақ тіліндегі екпінді салыстыра отырып айырмашылықтарын білу, екпін түрлерін түсіндіру, меңгерту, екпін түрлерін ажырата білу, екпін түспейтін қосымшаларды білу; Берілген тапсырмалар арқылы ғылым, білімді үйренуге, әдебиетті сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу Оқушылардың фонетикадан алған білімдерін дамыту, үндестік заңына сай орфографиялық, орфоэпиялық сауаттылықтарын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: Екпін  және оның түрлері
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Екпіннің лексикалық мағынасын аша отырып, оның оқу, сөйлеу нормасына тән құбылыс екеніне түсіндіру, орыс тіліндегі екпін мен қазақ тіліндегі екпінді салыстыра отырып айырмашылықтарын білу, екпін түрлерін түсіндіру, меңгерту, екпін түрлерін ажырата білу, екпін түспейтін қосымшаларды білу;

Тәрбиелік: Берілген тапсырмалар арқылы ғылым, білімді үйренуге, әдебиетті сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың фонетикадан алған білімдерін дамыту, үндестік заңына сай орфографиялық, орфоэпиялық сауаттылықтарын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

Сабақ типі: Жаңа сабақ 
Сабақ түрі: саяхат сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, жаттығу орындау
Сабақ барысы: 
І .Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп, сабаққа зейіндерін аудару.

ІІ Оқушы білімін жан-жақты тексеру
1.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
2.Данышпан атаның сұрақтары :
А) Фонетика нені зерттейді?
Ә) Орфография мен орфоэпия деген не?
Б) Буын дегеніміз не? Буынның түрлерін ата
В) Үндестік заңы деген не?
Г) Дыбыс үндестігі деген не? Оның түрлерін ата

ІІІ Жаңа сабақ 
1. Данышпан ата түсіндіреді:Балалар, алдымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбын , яғни, « Екпін» сөзінің мағынасын ашып алайық. Мысалы: Бар екпінімен құлап түсті, екпіндетіп сөйледі, екпіні қатты жел соқты, оқу екпіндісі.Даусы ерекше шықты. Даусы ерекше шықты. Даусы екпінді шықты. Біз екпін сөзін аз қолданбайды екенбіз. Екпін ... күшті, көтеріңкі, қатты, ерекше. Мысалдарға қарағанда екпін мағына жағынан қандай сөз?
- Көп мағыналы сөз
- Ал тіл ғылымында қолданылуы қандай сөз болады?
- Тіл ғылымында термин сөз болады.
- Термин сөз 
2. Оқулықпен жұмыс
Ережені түсініп оқу. Екпін нелерге түседі екен? Ереже бойынша атаңдар.
- Бір сөзге. Бір буынға. Бір дыбысқа. Бір тіркеске
Ережені жинақтап, тірек - сызба жасайық...
.....................................бір сөздің
.....................................бір буынның 
Екпін............................бір дыбыстың ..............................................көтеріңкі , күшті айтылуы 
.....................................бір тіркестің 
Сөйлеп тұрғанда, бір сөз басқа сөздерге, бір буын басқа буындарға, бір дыбыс басқа дыбыстарға қарағанда күшті, көтеріңкі айтылуын екпін дейміз.
Екпін
Сөз екпіні
Дыбыс екпіні
Ой екпіні
Тіркес екпіні
Екі немесе одан да көп буынды бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады.Қазақ тіліндегі сөз екпінінің орны тұрақты болады: Екпін сөздің ең соңғы буынына түседі. Мысалы: Мектеп – кеме, білім – теңіз.
Білім-паз- дар-ға. Сөз екпіні сөйлемдегі барлық сөздің соңғы буынына түседі екен.

Орыс тілінде
Замок - құлып
Замок – қорған
Мука - азап
Мука - ұн
Қазақ тілінде
Оқу
Оқушы
Оқушылар
Оқушыларға

Әдебиет пәніндегі С. Жүнісовтың «Ақырғы бәйге» үзіндісінен тірек сөздерді атап, сөздерге екпін қойыңдар.
Мектепте үздік оқушыларға «Мақтау қағазы» беріледі. Беріледі сөзіне екпін түспейді. Оны дәлелдеп көрейік.
Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалар сияқты екпін түспейтін сөздің соңғы буынында тұратын қосымшалар болады. Олар : жіктік жалғауы, болымсыз етістік жасайтын жұрнақтар : (- ма ,- ме, -ба,- бе,-па,- пе; -тай, -тей, -дай,- дей, - лай,-лей)
Ұмай ана түсіндіреді:
Орыс тілі пәні мұғалімі екпін (ударение) туралы айтып өтеді.

ІV. Сабақты бекіту
Данышпан атаның тапсырмасы: 343- жаттығу.
Шеңбердегі сөздерде екпін қай буынға түскен? Екпін түспей тұрған ұқсас қосымшаларды табыңдар.
Оқушымын
Айтайын
Мұздай
Айтпа

Баласың
Көрелік
Оқтай
Барма

Адамбыз
Айтшы
Тастай
Сызба
Данышпан атаның тапсырмасы: Шығармашылық жұмыс (Мұзафар Әлімбаев)
Ұлыстың ұлы күнінде,
Көппенен бірге күлімде.
Көбейсін жаңа достарың, 
Молайсын елге қосқаның.
Тапсырма: Өлеңді жатқа жазу. Өлеңдегі сөздерге сөз екпінін қойыңдар.

V. Сабақты қорыту
1. Екпін дегеніміз не?
2. Оның қандай түрлері бар?
3.Сөз екпіні деген не?
4.Екпін түспейтін қосымшаларды атаңдар

VІ.Оқушыларды бағалау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
9720
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11