Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық сабақ Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Кулон заңы тақырыптарына есептер 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
физика пәнінің мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

БҚО, Казталов ауданы

Хайнешова Зауре Халеловна физика пәні мұғалімі


Сыныбы: 10-сынып. 

Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Кулон заңы

тақырыптарына есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Электр өрісі, электр өрісінің кернеулігі, Кулон заңы тақырыптарына

есептер шығару.

Тәрбиелік: Оқушылардың топтық жұмыс түрінде түрлі деңгейдегі есептер шешуде

есептеу, формула қорыту икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.

Күтілетін нәтиже:

  • Электр өрісі, кернеулік, Кулон заңы тақырыптары бойынша білімдері бекиді;

  • Есеп шығару және біріне-бірі үйрету дағдылары қалыптасады.

Қолданылатын модульдер: Сыни ойлауды дамыту, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-

тәсілдер, көшбасшылық, оқу және оқыту үшін бағалау, АКТ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Мозайка» әдісі, «1 сөйлем» стратег., көрсетілім,

критериалды бағалау, «Шығу картасы», деңгейлік

есептер,  тренинг «Сағат бой.достар», «Маршруттық

карта» қорғау.

Әдебиеттер: Физика. Әдістемелік журнал 2006; Оқулық, Физика есептер жинағы.

Көрнекіліктері: бағалау парағы, сағат суреттері бар стикерлер, флипчарт.

 

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс – әрекеті

 

Уақыты

Сабақтың кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

10 мин

І. Кіріспе.

Ұйымдастыру.

Психологиялық ахуал орнату.

-          Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу.

-          «Сағат бойынша достар» тренинг

Сәлемдеседі жылы қабақты сезеді.

Тренингке қатысады.

12 мин

Үй тапсырмасын сұрау.

 

 

 

Топқа бөлу.

Үйге берілген тапсырма бойынша «электр өрісі» тақырыбына «менталды карта» құру.

 

«Мозайка» әдісімен топқа бөліну

 

Өткен тақырыптар бойынша әр топ менталды картасын құрып, оны қорғайды, үй жұмысының есептерін топта өзара тексереді, қатесін жөндейді.

2 мин

ІІ. Тұсау кесер

Қызығушылықты ояту.

 

Бейнеролик. «Топтық жұмыстың күші»

Оқушылардың ойланады, өз пікірлерін ортаға салады.

15 мин

ІІІ. Негізгі бөлім.

-          Деңгейлік есептер шығару.А, Б, С тобындағы есептер

-          Маршруттық карта бойынша есептер

Топтарға берілген есептерді шығарады. Әр топтан 1 оқушыға маршруттық карта арқылы есеп шығарады.

2 мин

IV. Қорытынды.

Рефлексия.

 «Шығу картасы»

Оқушылар сабақ процесінде өзінің қалай жұмыс істегені туралы ойын түйеді, таратылған парақшаларға жазады.

3 мин

V. Бағалау.

 

Бағалау парағындағы критерийлер бойынша жиынтық бағалау жасайды.

Топ басшылары бағалау парағындағы критерийлер бойынша топ мүшелеріне ұпайын қояды, жұмысына баға береді.

1 мин

VІ. Үйге тапсырма.

 

3.61; 3.62

Формулаларды қайталайды, есептерді шығарады.

 

Қосымша:

                                                    Деңгейлік тапсырма. 

Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі, Кулон заңы тақырыптары бойынша

А тобы (2 ұпай)

  1. Өрістің қандай да бір нүктесінде 2 нКл зарядқа 0,4 мкН күш әсер етеді. Өрістің осы нүктесіндегі кернеулікті табыңдар.

  2. Электр өрісінің кернеулігі 2 кВ/м-ге тең нүктесінде орналасқан 12 нКл зарядқа қандай күш әсер етеді?


Б тобы (3 ұпай)

  1. 2*10-8 Кл зарядтан 2*10-2 м қашықтықтағы өрістің кернеулігі қандай?

  2. Кернеулігі 3,7*106 Н/Кл өрісте 8,6 мкКл зарядтың осы өрістен қашықтығы қандай?


С тобы (4 ұпай)

  1. Нүктелік заряд электр өрісін туғызады. Осы зарядтан 12 см қашықтықтағы өрістің кернеулігі 345 кН/Кл болса, ол зарядтан 3 см қашықтықтағы өріс кернеулігі қандай?

  2. Кернеулігі 4*105 В/м болатын біртекті электр өрісіндегі электронның үдеуін және оған әрекет ететін күшті табыңдар.


 Рефлексия.  «Шығу картасы»

  1. Маған оңай болды __________________________________________________________

Мен өзімді _________________________________________________  мақтай аламын.

  1. Мен топтағы кластастарымды ____________________________________________________________мақтай аламын.

  2. Меніңойымша _________________________________________орындай алмадым,

  3. Себебі ___________________________________________________________.

  4. Келесіде­_______________________________________________________ескеремін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2019
1120
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12