Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Электрондық кестеде формула, функцияларды қолдану 10-топ "Тігінші" мамандығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өмірдегі күнделікті тіршіліктен мысалдар келтіре отырып, өз бетімен іздену, білімдерін іс – жүзінде қолдана білу дағдыларын дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

___ сабақ жоспары

Тобы:





Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестеде формула, функцияларды қолдану.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: MS Excel – электрондық кестеде формула, функцияларды

қолдану жұмыс есептер шығару.

Дамытушылық: Өмірдегі күнделікті тіршіліктен мысалдар келтіре отырып, өз

бетімен іздену, білімдерін іс – жүзінде қолдана білу

дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: MS Excel – электрондық кестеде формула, функцияларды

қолдану жұмыс есептер шығара отырып шапшаңдыққа,

ұқыптылыққа және еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақ әдісі: Халықтық педагогика технологиясы және деңгейлік оқыту

технологиялары арқылы алдына мақсат қоя отырып оқыту,

зерттеу әдістері.

Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, математика, астрономия, орыс тілі, ағылшын тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу;

  2. Түгелдеу;

  3. Оқытушының сабаққа деген психологиялық дайындығы.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  1. Ақпарат ұғымы дегенде нені түсінесің?

  2. Ақпараттың түрлері?

  3. Компьютердің негізгі құрылғылары?

  4. Компьютердің қосымша құрылғылары?

  5. Стандартты бағдарламалар қайсылар?

  6. Стандартты бағдарламаларды іске қосу жолдары?

  7. Компьютерлік вирус дегенде нені түсінеміз?

  8. Word бағдарламасы не үшін қажет?

  9. MS Word бағдарламасын қалай іске қосамыз?

  10. MS Word бағдарламасы қандай қызмет атқарады?

  11. MS Excel бағдарламасын қалай іске қосамыз?

  12. MS Excel бағдарламасы қандай қызмет атқарады?


ІІІ. Жаңа тақырып.

Жоспар:

  1. Жаңа тақырып бойынша түсіндіру

  2. Практикалық жұмыс

Excel электрондық кестесінің негізгі абзалдығы  онда күшті формула және функциялар аппартының барлығы. Excel - де  барлық мәліметтерды  өңдеу сол аппарат көмегі арқылы жүзеге асырылады. Сіздер сандарды қосуыңыз, азайтуыңыз  , бөлуіңіз, көбейтуіңіз , синусты, косинусты, лагорифмді, экспонентаны  есептеулеріңіз мүмкін.

         Excel электрондық кестесі  арифметикалық амалдарды , функциялармен біріктірілген сандар тізбегін  немесе ұяшықтар  адрестерінен тұратын  арифметикалық өрнектерды формула ретінде қабылдайды.

         Формула – бұл Excel бағдарламасы орындайтын  жазылған есептеулер.  Сіз ұяшыққа өрнекті енгізген кезде бағдарлама оны есте сақтап қалады, бірақ ұяшықтың өзінде есептеу нәтижесі ғана көрініс табады.

         Формулаларды міндетті түрде   “=” теңдік немесе “+” қосу белгісінен бастап жазу керек.

Формуланы көру үшін осы орнек орналасқан ұяшықты шерту керек.  Формула формулалар жолағында көрініс табады.  Формуланы енгізу аяқталған кезде ұяшықта оның өзі емес , осы формула бойынша жүргізілген есептеу нәтижесі  көрінеді.

Excel  - де өрнектерді есептеу кезінде амалдар мынадай ретпен орындалады:

  1. Жақша ішіндегі өрнектер.

  2. Теріс таңба (мысалы: -2).

  3. Дәрежеге шығару (мысалы: 2^3).

  4. Процентті есептеу.

  5. Көбейту немесе бөлу.

  6. Қосу немесе алу.

А1 ұяшығындағы деректі В1 ұяшығындағы дерекке бөлу формуласы

Excel бағдарламасында былайша көрініс табады: А1/В1.

 Формуланы енгізу:

  1. Формуланы кірістіру қажет ететін ұяшықты белсенді етіңіз.

  2. =” белгісін қойып, формуланы енгізіңіз (мысалы: А5*С5).  Енгізу барысында  формула екі орында : ағымдағы ұяшықта және өрнектер жолағында көрініс табады.

  1. Деректерді енгізгеннен кейін  <Enter> перенсін  немесе өрнектер

жолағындағы  Енгізу пернесін басыңыз.

Cандың процентін есептеу формуласы төмендегіше орындалады 

Бетте орындалатын есептеулерден ең көп таралғандарынан бірі-ұяшықтар ауқымдарын қосу болып табылады. Ұяшықтар ауқымын ағымдағы қосу (+) амалдағыштарымен  бөлінген барлық ұяшықтардың  мекен жайларын қамтитын өрнек жасап қосуға болады.

         Дәл осындай нәтиже алудың оңайырақ тәсілі – «ҚОСЫНДЫ» жетесін пайдалану.

         Excel бағдарламасында ұяшықтар ауқымының жалпы қосындысын есептеп шығаруға мүмкіндік беретін  «ҚОСЫНДЫ» жетесін жылдам шығаруға арналған Өзқосынды  (Автосумма)  батырмасы бар.  

         Бір жолдың бойында немесе бір бағанада орналасқан ұяшықтар қосындысын есептеу үшін , ұяшықтардың барлығын бөлектеп  алыңыз да , Стандартты құралдар  үстеліндегі  Автосумма батырмасын басыңыз.

2. Практикалық бөлім.

  1. MS Excel – де кесте құру.

  2. Кесте ұяшықтарына ақпараттарды еңгізу.

  3. Енгізілген ақпараттарға формула еңгізе отырып есептеу.

  4. Есеп жауаптарын тексеру.


Тапсырманы орындау реті.

1 – тапсырма:

MS Excel – та кесте құру.

Студенттер MS Excel бағдарламасында 16х7 кесте құрастырады. Құрастырылған кесте бойынша ұяшықтарды үлкейтіп, реттестіреді.

2 – тапсырма:

Кесте ұяшықтарына ақпараттарды еңгізу.

Кұрастырылған кестеге берілген ақпараттарды енгізіп шығады.



3 – тапсырма:

Енгізілген ақпараттарға формула еңгізе отырып есептеу.

Кестеге енгізілген ақпараттарды формула көмегімен (=((B4+C4)/D4)-E4*F4) есептеп шығарады.

4 – тапсырма:

Есеп жауаптарын тексеру.


«Кім тапқыр» Ойынның шарты: Әр командаға 10 сұрақтан қойылады. Сұраққа “иә” не “жоқ” деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпай деп саналады.

І топ:
1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды.(ия)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
9. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
10. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)

ІІ топ:
1. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
2. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)
3. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)
4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
6. ЭЕМ - нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)
7. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)
8. Пернетақта, сканер ДК - дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
9. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
10. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 104 перне болады. (иә)


«Кім жүйрік» Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, болу керек. Әр топқа 4 сұрақтан береді, жауап бермесе келесі топқа жауап беруге рұқсат. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
I топ.
1. Әріптер мен сандарды енгізу құрылғысы (Пернетақта)
2. Өшірілген құжаттар қайда сақталады (Қоқыс жәшігі)
3. Бас әріпті жазу үшін қандай пернені басу керек (Shift)
4. Компьютердің алдына қандай өсімдікті қою қажет (Кактус)
II топ.
1. Тінтуірдің (тышқан) неше батырмасы болады? (2)
2. Интернетке қосылуға арналған құрылғы (Модем )
3. Word Pad бағдарламасында келесі жолға өту үшін қай пернені басу керек? (Ентер)
4. Дыбыс шығару құрылғысы қалай аталады? (Колонка).


Жұмбақтарды тап”. Бұл кезеңде жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орыс, ағылшын тілдеріне аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 1 ұпай, екі тілде жауап берсе 2 ұпай, 3 тілде жауап берсе 3 ұпай қосылады.

1 - топ
1. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор – монитор-monitor screen)
2. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі - пробел - blank)
3. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (кактус - cactus - тікенекгүл)

2 - топ
4. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан - мышка - maus)
5. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта - клавиатура - space)
6. Жақтаулар арқылы шектеледі
Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді. (терезе, окно, windows)


V. Сабақты бекіту

Бұл бөлімде оқушылар шапшаңдық, жылдамдық, білімділік көрсетуі тиіс)

  1. Бағдарламаны қалай іске қосамыз?

  2. MS Excel бағдарламасы қандай бағдарлама?

  3. Кесте кірістіру үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?

  4. Кестелердің ұяшықтарына ақпараттарды қалай енгіземіз?

  5. MS Excel бағдарламасындағы авто сумма қандай қызмет атқарады?

  6. MS Excel бағдарламасында есептерді қалай шығаруға болады?

  7. MS Excel бағдарламасында формулаларды қалай қолданамыз?


VI.Үйге тапсырма беру. MS Excel бағдарламасында формулаларды қолдана отырып есептер шығару, қайталау.

VIІ. Бағалау


Оқытушы: ______________А.Ш Хамракулов




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2021
401
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12