15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Еліміздегі сауықтыру орындары" 8 сынып
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы
№38 Н.Д.Оңдасынов атындағы мектеп – гимназиясы
Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі
Абуова Гульжахон Ермагамбетовна
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Есімше Лексикалық тақырыбы: Еліміздегі сауықтыру орындары
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Балаларға «Еліміздегі сауықтыру орындары» тақырыбы бойынша әңгіме жүргізу. Есімшенің жасалу жолдарына байланысты тапсырмалар орындату. Денсаулық туралы мақал-мәтел меңгерту.
Дамытушылығы: Балалардың сөздік қорын байыту, танымдық, сөйлесімділік , сөз тіркестерінен сөйлем құрау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелігі: Балаларды ізденімпаздыққа, алғырлыққа , мейірімділікке, адамгершілкке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, әңгімелеу, сөйлесу, жазба жұмысы.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық сызба, кесте, суреттер, мақал-мәтелдер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Жазба жұмыстарын тексеру.
Мәтін мазмұнын әңгімелету
Ережені пысықтау.
ІІІ. Жаңа сабақ
Сөздікпен жұмыс
Меңгерілетін сөздер: шипажай, емдік балшық, құйқалы қырат, бедер, жыра, саяжол, әлеует, шатқал, жайма-шуақ
-
Жаңа сөздерді айтып, мағынасын түсіндіру.
2. Сөздерді дұрыс айтуға үйрету.
3. Жаңа сөздермен бірнеше сөз тіркесін, сөйлем құрастырту.
Миға шабуыл
Елімізде сауықтыру шипажайлары бар ма?
Оңтүстік Қазақстанда қандай сауықтыру шипажайлары бар?
Шипажайлардың қандай пайдасы бар?
Шипажайлардың көп болғанын қалайсың ба? Неге?
Суретпен жұмыс жасау


Топтық жұмыс
Мақал – мәтел
1. Денсаулық – зор байлық.
2. Жасырғанның жарасы асқынады.
3. Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
4. Аурыдың алдын ал.
Мәтінмен жұмыс жасау
1-тапсырма
Мәтінді оқыту, деңгейлік тапсырмаларды орындату
ІІІ деңгей
1.Мәтін бойынша бірнеше сұрақ дайындаңдар.
2.Мәтіннен шипажайлардың атын теріп жазып, қайсысы туралы мәлімет
білетіндеріңді әңгімелеңдер.
ІІ деңгей
1. Бос оындарға мәтін бойынша тиісті сөздерді қойып жазыңдар.
1) Қазақстан ... қорларға бай өлке.
2) ... адам игілігіне жаратылуда.
3) 1986 жылдан бастап Қазақстан мемлекеттік мәні бар ... өз қызметтерін атқаруда.
4) Қапшағай су қоймасының демалыс базаларына ... өткізу кеңінен таралып келеді.
5) Бұл шипажайлар ... үлкен жетістіктерге жетіп отыр.
2. Сөз тіркестерінен бірнеше сөйлем құрастырыңдар.
Емдік шаралары, шипажайға алдын ала жазылу, сауықтыру орындары, шипалы су, емдік балшық.
І деңгей
«Мен білетін шипажай» тақырыбында диалог құраңдар
2-тапсырма
Сызбамен жұмыс жасау
Тірексызба бойынша мәтінді әңгімелету.
-
-
Қазақстандағы шипажайлар
-
![]()
|
Шипажайлар табиғаты |
![]()
-
-
-
Шипажайлар емдері
-
-
Жазбаша жұмыс
3-тапсырма
Сөйлемдерді толықтырып оқу, содан соң жазбаша орындау.
Сауықтыру орындарында ___________ . Емдік шаралары ___________ жүргізіледі. Шипажайлар табиғаты ___________ . Қазақстандағы шипажайлар ___________ . Еліміз шипажайлық қорларға ___________ . Шипажайлы су мен емдік балшық ___________ . Емделушілердің ең көп баратын жері ___________ сауықтыру орындары.
___________ емдік шараларды жүргізуде үлкен жетістіктерге жетіп отыр.
Жеке жұмыс
4-тапсырма
Сөйлемдерді мағынасына қарай сәйкестендіріңдер.
|
1. Қазақстан ... |
1. буын, тері, асқазан ауруларынемдеуде үлкен жетістіктепге жетіп отыр. |
|
2. 1930-1960 жылдар арасында ... |
2. керемет табиғат көрңнңстеріне куә боласыз. |
|
3. Шипажайлар бүгінде ... |
3. шипалы су мен емдік балшық адам игілігіне жаратылып жүр. |
|
4. Кез келген шипажайда ... |
4. шипажайға бай өлке. |
Жұптық жұмыс
5-тапсырма
Диалогті толықтырып өзара сөйлесу.
- Елімізде шипалы су мен емдік балшық қай жылдары табылып, зерттелді?
- ... .
- Қазір олар адамға қандай пайдасын тигізіп жатыр?
- ... .
- Қазақстандағы қандай сауықтыру орындарын білесің?
- ... .
- Сауықтыру орындарының табиғаты қандай болу керек?
- ... .
Қандай емдік шараларын өткізіп жүр?
- ... .
Сенің қалаңда сауықтыру орындары бар ма?
- ... .
Сабақты бекіту сұрақтары:
1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2. Етіс дегеніміз не?
3.Есімше дегеніміз не?
4. Елімізде қандай сауықтыру шипажайлары бар?
5. Шипажайлардың қандай пайдасы бар екен?
ІҮ.Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
Ү.Үйге тапсырма беру
59-60-бет.
1,5-тапсырманы оқу.
Ережені жаттау.
«Еліміздегі сауықтыру шипажайлары» эссе жазып келу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген