Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Елтаңбасы елімнің"

Материал туралы қысқаша түсінік
ортаңғы топ тәрбиешілеріне арналған сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Елтаңбасы елімнің»
Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық.
Бөлімдері: Көркем әдебиет, сурет
Мақсаты: Балаларды Отан сүйгіштікке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тудың, Елтаңбаның, Н.Ә.Назарбаевтың, Астананың суреттері.
Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, құрастыру.
Билингвалды компонент: әнұран-гимн, елтаіба-герб, ту-флаг.

Іс әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Ынталандыру кезеңі

Шаттық шеңбер

-Біздің еліміз қалай аталады?

-Қазақстан елінің президенті кім?

Балалар шеңберде тұрып Отан туралы өлеңдерін айтады, орыс, қазақ тілінде.

Екі орталыққа бөліну

- Балалар, әрбір егеменді елдің өзінің рәміздері болады. Олар: Әнұран, Елтаңба, Ту.
Әнұранды мемлекет басшылары бір-бірімен кездескенде, үлкен салтанаттарда айтылады. Біз күнде таңертең осы әнұранды айтамыз.
- Қане, балалар, орнымыздан тұрып, оң қолымызбен кеудемізді ұстап, әнұран орындайық. Жақсы 
балалар орындарыңа отыра қойыңдар.
- Балалар, мына суретке қараңыздар. Мынау Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, мынау Қазақстан Республтуымыздың Туы. Тудың түсі қандай? Тудың ортасында не бейнеленген? 
- Ал, мынау балалар, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.

Билингвалдьды компонент елтаңба-герб, әнұран-гимн, елбасы-президент, ту- флаг.
С. Қалиұлының «Елтаңбасы елімнің» өлеңін оқып берейін.
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада – аспан әлемі.
Құт, береке, шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім – Елтаңбам.
- Балалар, тақпақ сендерге ұнады ма?

Сөздік жұмысы: «арғымақ, қос, көмкерген»
- Қазақстан біздің Отанымыз. Ал Отан дегеніміз – еліміз, жеріміз, туған-туыс, бауырымыз, туып-өскен жеріміз.

-Ал енді пойызға мініп саяхатқа шығып келейік. Д/о: «Дұрыс тауып ал»

Ту, елтаңба туралы тақпақ айтады.

-Ал енді кері қайтайық.

-Балалар сендерге сабақ ұнады ма? –Қандай өлең жаттадық?

- Біз Отанды жақсы көреміз бе? Олай болса, Отан туралы мақал айтайық.
1. Отан оттан да ыстық.
2. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Балаларды мадақтау.

Балалар сұрақтарға жауап береді.


Орыс тілінде өлендерін айтады.



Белгілер арқылы екі орталыққа бөлінеді.






Балалар рәміздерді сипаттап береді.














Балалар екі тілде рәміздерді қайталалйды.

Сұлтан Қалиұлының портретімен танысады. «Елтаңбасы елімнің» деген өленді мұқият тындайды.














Жаңа сөздердің мағынасын түсініп алады.






Д/ойын ойнайды.

Рәміздер туралы тақпақтар айтады.




Мақал-мәтел жаттайды.









Күтілетін нәтиже:
Баланың білуі: Қазақстан Республикасының рәміздері Ту, Елтаңба, Әнұран туралы.
Баланың меңгеруі: Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екенін.
Баланың жасай алуы: Тудың бейнесін құрастыруы.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.04.2018
3023
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі