Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ең үлкен байлық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Зайырлы қоғам және жоғары руханият: Балалардың бойына ең үлкен байлық «денсаулық» деген негізгі ойларын өмірмен байланыстырып,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:№1Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебі

Ұзақ мерзімді жоспар.7-тарау.Денсаулық-зор байлық


Сабақ тақырыжбы: Ең үлкен байлық

Күні: 27.04.201

Мұғалімнің есімі: Махаметова Лола

Сынып: 5

Қатысқандар саны



Қатыспағандар саны


Сабаққа негізделген оқу мақсаты

5.1.1.1. Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау.


5.3.1.1. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау.


5.5.1.6. Мекен және мезгіл үстеулерді ауызша және жазбаша жұмыстарда орынды қолдану.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Мәтінді оқиды,түсінеді,тапсырмаларды орындайды,сұраққа жауап береді,тақырып мазмұнын түсінеді.


Оқушылардың басым бөлігі: Адам денсаулығының қымбаттылығын,өмір сүру үшін қажеттілігін,бағалы екенін түсінеді.


Кейбір оқушылар: Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп,мекен және мезгіл үстеулерді қолдана алады.Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері,табыс критерийлері,күтілетін нәтиже)

-Мәтіндегі ақпараттың дұрыстығын талдай алады.

-Тақырыптағы тірек сөздер арқылы ақпарат береді.

-Ауызша және жазбаша жұмыстарда тілдік бағдар дағдысында мекен және мезгіл үстеулерді орынды қолданады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: тыңдалым,оқылым,айтылым

Терминология: рухани,күш-қуат,айырбастау

Сөз тіркестері:

дене мүшелері,ата-ана,рухани байлық,кен орындары

Құндылықтарды дарыту

Зайырлы қоғам және жоғары руханият: Балалардың бойына ең үлкен байлық «денсаулық» деген негізгі ойларын өмірмен байланыстырып,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану,биология (оқушыларға денсаулықтың қадірін білу үшін, оның ең үлкен байлық екендігі өзін-өзі тану,дене мүшелерді зерттейтін пән болғандықтан биология пәндерімен байланыстырылды)

АКТ қолдану дағдылары

Слайдтар,электронды оқулықтар,ғаламтор желісін қолдану

Алдыңғы оқу/Бастапқы білім

Рухани,адами,материалдық,табиғи байланыстардың айырмашылықтарын ажыратады.

Жоспар



Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

12 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеу,психологиялық ахуалын қалыптастыру.

Топқа біріктіру арқылы оқушылардың қызығушылықтарын ояту.Адами,табиғи,рухани деген жазуы бар парақшалар тартылып:

1 топ.Адами байлық

2 топ.Табиғи байлық

3 топ.Рухани байлық-деп 3 топқа бөлінеді.

«Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі.Сабақ басында жаңа тақырып бойынша үш терминді тақтаға жазып,оқушыларға осы атауларға қатысты мынадай сұрақтар қойылады.

1.Қайда?Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда кездестіріп едіңіз?

2.Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?

3.Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?

Оқушылар осы үш атауды «Венн диаграммасы» арқылы біріктіріп,өз ойларын айта отырып,жаңа сабақтың тақырыбын болжап,анықтайды.

(Ең үлкен байлық)




Үйге берілген тапсырманы сұрау:

1-тапсырма.

Кестені пайдаланып,сөйлем құра.Сөйлемге мезгіл үстеуі не мекен үстеуін қосып жаз.«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі бойынша орындалады.

1-топ 2 сөйлем

2-топ 2 сөйлемді түсіндіреді.

Екі топ бірін-бірі бағалайды.

(мұғалім жетекшілігімен топтық жұмыс)

Дескриптор:

-Сөйлемде қосымшаларды дұрыс қолданады

-Берілген тапсырманы сауатты,нақты, дәл түсіндіреді

-Тірек сөздер арқылы толық мағынаны жеткізеді.

Кері байланыс беру.

Қалыптастырушы бағалау. Бағдаршам арқылы бағаланады (жасыл-өте жақсы,сары-орта,қызыл-нашар)

Топқа арналған кеспе қағаздар,Венн диаграммасы





«Атаулар туралы үш сұрақ» әдіс-тәсіл «Әдістер қоймасы»





















«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі

«Сабақ тиімділігін арттыратын 370 әдіс».

Б.К.Умиралиева,

З.А.Сапарбаева

Ортасы

20 мин

2-тапсырма.

Оқушылар мәтінмен танысады.Мәтінді тыңдап,рөлге бөліп оқиды.

Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып,әрдайым мұның шығады екен.

-Шіркін-ай,менің байлығым көп болса,жақсы өмір сүрер едім,-деп зарлауын қоймапты.

Бір күні қарт тас қашаушы өтіп бара жатып,зарлап отырған жігіттің қасына келеді.

-Саған не болды сонша жылап?Сен нағыз бай адам емессің бе?-дейді.

-Мен баймын ба?-деп жігіт таң қалады.-Ол қандай байлық?

-Сенің көзін ше?Бір көзіңді қаншаға сатар едің?-деп сұрайды қарт.

-Оның не?!-деп шошып кетеді жігіт,-көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын.

-Ал енді екі қолың мен аяғыңды алтынға айырбастар ма едің?

-Жоқ ешқайсысын да алтынға айырбастамаймын,-дейді жігіт.

-Міне,көрдің бе,сен өте бай адамсың.Адамның ең үлкен байлығы-күш-қуаты мен денсаулығы,-дейді қарт.Оны ақшаға сатып ала алмайсың.Қарт осыны айтады да жөніне кетеді.

Дескриптор:

-Мәтінді мұқият оқиды

- Тақырып мазмұнын түсінеді

-Көтерілген мәселені талдайды

Кері байланыс беру.

Қалыптастырушы бағалау.Күлегештер суреті


3-тапсырма.«Аквариум» әдісі бойынша топтық жұмыс жүргізілді. «Аквариум әдісі»нде оқушылар белгілі бір мәселе бойынша жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды.Мәтіннің мазмұны бойынша сахналық көріністі үш топ дайындап,көрсетті.Сынып ең үздік көрсетілімді анықтайды.

Дескриптор:

-Мәтіндегі негізгі ақпаратты мазмұндай алады

-Мәтін бойынша сұраққа жауап береді

-Сөз сауаттылықтарын толық жеткізуге талпынады.

Кері байланыс беру.

Қалыптастырушы бағалау.Екі топ

-Әртістік қабілет

-Сөз сауаттылығы деп оқушылар бірін-бірі бағалайды


4-тапсырма.Музыка әуенімен «Ассонанс» әдісі бойынша әр жұптағы оқушылар «Денсаулық-ең үлкен байлық» тақырыбында бірнеше сөйлем құрайды.Сөйлемге қойылатын талаптар:

1)сөйлемдегі барлық сөз бір дыбыстан басталуы керек.

2)сөйлем құрамында кемінде бес сөз болсын.

3)сөйлемдегі ой түсінікті болуы керек.


Дескриптор:

-Жаңа сабақ бойынша оқушылар өз білімдерін жинақтайды.

-Сөйлем құрай алады.

-Сөздік қорларын байытады.

Кері байланыс беру.

Қалыптастырушы бағалау.Үш минуттың ішінде қай жұп көп әрі мағыналы сөйлем құраса,сол жеңімпаз болады.

5-тапсырма.Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына мезгіл,мекен үстеулерін қойып,жазыңдар.«Сөйлемді толықтыр» әдісі бойынша мағынасы сай келетін сөздерді қойып,сөйлемдерді толықтырды.Егер мұғалім деңгейі төмен оқушылар үшін толықтырылатын сөздердің реттілігін өзгертіп отырса,ал деңгейі жоғары оқушылар тапсырманы,өздігінен орындай алса саралау іске асады.

1.Күнде ... бір алма жесең,денсаулығың жақсы болады.(кешке)

2. ... ағаштың жоғары жағында екі алма қалып қойыпты.(қыста)

3.Екі алманы үзіп алып, ... дейін сақтап қойдым.(түнге)

Менің тістерім таза,көзім ... да, ... да жақсы көреді (алыстан,жақыннан)


Дескриптор:

-Мезгіл,мекен үстеулердің қойылу тәртібін ажыратады.

-Толықтыратын сөздерді реттей алады.

-Жаңа сөздерді сөздік дәптерге аудармасымен жазып алады (рухани,күш-қуат,айырбастау)

Кері байланыс беру.

Қалыптастырушы бағалау.Геометриялық фигуралар арқылы (жұлдызша-өте жақсы,төртбұрыш-жақсы,үшбұрыш-орта)

Равнобедренный треугольник 19 Прямоугольник 20 5-конечная звезда 21




5-сынып.Қазақ тілі.Бәйшешек 2-бөлім.Мәтін «Ең үлкен байлық» Ф.Ш.Оразбаева,

Ж.Т.Дәулетбекова,

А.Қ Рауандина,

Р.С.Рахметова,

Қ.С.Жайлаубаева





















Күлегештер суреті






«Аквариум» әдісі

5-сынып,оқулық,

Бәйшешек баспасы

2-бөлім.













Аудиожазбаны тыңдайытын құрал,

«Ассонанс» әдісі

«Сөйлемдерді толықтыр»

әдісі

Аяқталуы

8 мин

Мәтіндегі ақпараттың дұрыстығын тексеру (Иә/Жоқ)

«Жалған мәліметті тап» әдісі

1.Жігіт кедей болды.

2.Қария бай болды.

3.Жігіттің байлығы жоғалды.

4.Қария жігітке ақыл айтты.

5.Жігіт бір қолын сатқысы келді.

6.Қария тас қашаушы болып жұмыс істейді.

7.Жігіт байлықты тапты.

Пікіріңді дәлелде.


Дескриптор:

-Оқыған мәтінін терең түсінеді.

-Жалған мәліметті табады.

-Күмәнді тұжырымды жұптаса отырып,жауап беруге ынталанады.

Кері байланыс беру.

Қалыптастырушы бағалау. «Жұлдызды кімге бересін?» әдісі арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Топ мүшелері сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды жұлдызшалар арқылы бағалайды.

Үйге тапсырма:

«Денсаулық» тақырыбына синквейн (бес жолды тақпақ) дайындаңдар.

1.тақырыпқа қатысты бір зат есім

2.бірінші зат есімге екі анықтауыш

3.бірінші зат есімге үш етістік

4.бірінші зат есімді суреттеп толықтыратын төрт кілт сөз

5.бір зат есім-метафора (бірінші жолдағы зат есімге назар аударатындай)


«Жалған мәліметті тап» әдісі





5-сынып.Қазақ тілі

«Бәйшешек» баспасы.

2-Бөлім







«Жұлдызды кімге бересін?» әдісі бойынша жұлдызшалар таратылады.










Қосымша ақпарат


Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді

қалай

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

«Атаулар туралы үш сұрақ»әдісі , «Венн» диаграммасы арқылы жаңа сабақ мазмұнын ашу мақсатында қолдандым. Қабілеті жоғары оқушылар деңгейлік тапсырмаларды түрлі

жолдармен орындайды,күрделендіреді,әдістерді түрлендіреді.Үлгерімі баяу оқушыларға топтық тапсырмаларда тірек сөздерді пайдалана отырып,болжам жасайды. “Сөйлемді толықтыр” әдісі бойынша мағынасы сай келетін сөздерді қойып,сөйлемді толықтырады.

Оқушылар түрлі дереккөздерді пайдалана отырып,төменнен жоғары қарай білімдерін пысықтайды.


Бағалау-Оқушылардың үйренгенін,мате-риалды,меңгер-генін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Рефлексия

«Плюс,минус,қызықты»

«Плюс»-оң әсер еткен фактілерді,алған білімдері жайлы жазады.

«Минус»-қолымнан кеелмй жатыр,немесе «түсініксіз болып тұр» деген ойларын жазады.

«Қызықты»-деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады немесе не жайында көбірек білгісі келеді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

-Сабақтың оқу мақсаты мен сабақ мақсаты айқын,нақты қойылды.

-Оқушылар бүгінгі сабақтан өмірден кездесетін түрлі ақпаратқа талдау жұмыстарын жасады.

-Сыныптағы ахуалдың көңіл-күйі көтеріңкі болды.

-Орындаған саралау шараларын оқушылар тиімді пайдаланды.

-40 минуттық сабағымды барлық тапсырмаларды орындап,үлгердім.

-Сабақ жоғары деңгейде өтті.Өзімнің жоспарыма мәтінге байланысты проблемалық сұрақтарды енгіздім.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)? Педагогикалық қоржынымды мен мынадай жолдармен

1.Оқытуда «Аквариум».Топтық жұмыста сахналық көрініс

2.«Ассонанс» әдіс-тәсілі арқылы бүгінгі сабақ табысты болды.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады(оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)?

1.Белсенділік

2.Дамытушылық

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім?Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі,неге көңіл бөлу керек?

1.Ұсынылған әдіс-тәсілдер оқушылардың оқылым,тыңдалым,айтылым,жазылым дағдыларын барынша сабақ барысында қолдау көрсетуге бағыттауға көбірек көңіл бөлу керек.

2.Келесі сабақта кедергілерді жеңу жолдары туралы шәкірттермен ақылдасып,бірлесе отырып,амал іздеу керек.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.02.2019
731
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12