400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Еңбек - ер атандырады" 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ мемлекеттік тілде оқымайтын 8-сынып мұғалімдері үшін керекті сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп: «Жұлдыз» санатаорлық типтегі облыстық орта мектеп-интернеты

Күні: 28.11.19

Мұғалімнің аты-жөні: Дағыстан Н.Ғ.

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Еңбек ер атандырады

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.2.4.1 идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстыру және талдау

8.5.1.3 – етістіктің бұйрық рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

Сабақтың мақсаттары

Барлығы ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасайды, мазмұнынын дамуын салыстырады және талдайды;

Көбі етістіктің бұйрық рай қызыметін біледі;

Кейбірі кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға береді.

Бағалау критерийлері

Мәтіннен нақты ақпараттарды табады,

Бұйрық райлы сөздерді қолдана алады.

Еңбектің маңызы жайлы айтады


Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: Жекпе-жек, Қарсыластар, Жарыстар, Атақ, Жеңіліс, Табыс табу, Кейіпкерлер, Кедей, көшіп-қону , жастайынан, жасыру, тиын-тебенге, құптамаған

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Айтыңыз, кеңес еберейін, еңбектен, жұмыс істе, көріңіз, есте сақтаңыз, қара, болғым келеді.

Осыған дейін меңгерілген білім

Еңбек ету туралы өз ойын айтады. Мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы оқушылардың бастапқы білімін анықтай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


1 минут


2 минут






3 минут













2 минут






4 минут



















1 минут

































7 минут












Мәтінсоңы жұмыс.




5 минут














8 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

«Ойна, - Сыйла» әдісі арқылы әр топты қолдарынан ұстатып бірінші қарсылас команаға жылы лебіз білдірту, сосын өз командаларына тілек айту.

Үй тапсырмасын тексеру. 10-тапсырма 105 бет.

Диаграмманы тексеріп толтырып шығу


Тақырыпты болжап көріңіз.

Қызығушылық ояту.«Галерея» тәсілін қолданып, интербелсенді тақтаға еңбек тақырыбына байланысты суреттерді көрсетемін, ой шақыру сұрақтарын қоямын.

  1. Бұл суреттерде кім бейнеленген?

  2. Олар не істеп жатыр?

  3. Бұл екі суреттің қандай ұқсастығы бар?

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жазыңыздар.

Оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен танысады.

Сабақ соңында тағылатын төс белгілер көрсетіледі


Мәтіналды жұмыс. Интербелсенді тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстыру, аудармасын айту, оқу, оқушыларға оқыту, сөз тіркесін құрастыру, сөйлем құрастыру.

Қызметші – рабочий

Жекпе-жек – поединок

Қарсыластар – соперники

Жарыстар – соревнования

Атақ – звание

Жеңіліс – поражение

Табыс табу – зарабатывать


Кейіпкерлер – герои

Кедей – бедный

көшіп-қону – переезжать

жастйынан – с ренних лет

жасыру – прятать

тиын-тебенге – за копейки

құптамаған – не поддержал

сазайын тартқызған - наказывал


Мәтінмен жұмыс.Ол үшін қазір топқа бөлініп отырсыңдар! Әр топқа өзінің жеке мәтіні беріледі. Бәрақ кімге қандай мәтін түсеінін білу үшін алдарыдағы мақалдарды дұрыс құрасырып, артық сөздерді алып тастау керек. Сонда мәтін тақырыбы шығады.

Мақалдар беріледі

1. Еңбекпен келген нан тәтті (Артық сөздер: жаман, ащы, жалқау)

2. Тасты тас қозғалтады (Артық сөздер: итереді, су, қолға)


Дұрыс мақал артынан мәтін тақырыбы шығады


1-топ. Геннадий Головкин

2-топ. Уолт Дисней


1-мәтін

Генадий Головкин

Генадий қарапайым отбасынан шыққан қарапайым бала. Әкесі – шахтер, анасы - химиялық зертхана қызметшісі болған. Бокспен 8 жасынан айналыса бастаған. Өзінің алғашқы жекпе-жекке Головкин 11 жасында түсті. Онда ол өзінен 2 – 4 жас үлкен қарсыластарын жеңіп шықты. Бұдан кейін ол облыстық, мемлекеттік және халықаралық бокстан жарыстарға үміткер болып қатыса бастады. 2003 жылы 21 жасында алғаш рет әлем чемпионы атағына ие болады.Осы уақытқа дейін Генадий Головкин өзінің қатысқан 350 жекпе-жегінде тек 5 рет қана жеңіліске ұшыраған болатын. Ол он екі айда 25 миллион доллар (қазіргі бағаммен шамамен — 9 миллиард 100 миллион теңге: айына шамамен — 758,3 миллион теңге) табыс табады екен.


2-мәтін

Уолт Дисней

Әлемнің барлық балалары сүйіп көретін Микки Маус пен Дональд Дак, одан басқа 200-ден аса кейіпкерлердің әкесі, мультипликатор Уолт Дисней (1901-1966жж) кедей отбасында дүниеге келген. Күнкөріс қамымен көшіп-қонып жүрген отбасына көмектесу үшін Уолт жастайынан жұмыс істейді. Күнделікті газет таратып, әкесіне көмектеседі, түнде әке-шешесінен жасырып, түрлі сурет пен комикстер салып, тиын-тебенге көршілеріне сатқан. Бұл оның ең сүйікті ісі еді. Алайда баласының қызығу­шылығын құптамаған әкесі оның қайдағы бір суреттерді салумен уақытын босқа өткізгені үшін сазайын тартқызған кездері аз болмаған. Оның алғашқы анимациялық фильмі 1924 жылы «Алиса в стране чудес» ертегесінің үзіндісіне түсірілген.


  • мәтін алдарына алдын ала беріледі

  • Екі мәтін ретімен тыңдалады

  • Мәтінның жалпы мазмұны сұралады.


ТАПСЫРМА

Берілген сұрақтарға әр топ өз мәтіндері бойынша жауап дәптерге жазып, оқып береді.

«Генадий Головкин»

  1. Генадийдің әкесі мен анасы кімдер?

  2. Алғашқы жекпе-жегіне неше жасында түсті?

  3. Нешінші жылы алғаш рен әлім чемпионы атанды?

  4. 350 жекпе-жегінің нешеуінде ғана жеңілді?

«Уолт Дисней»

  1. Уолт Дисней қандай отбасында дүниеге келген?

  2. Қалай әкесіне көмектеседі?

  3. Комикстерін не істеді?

  4. Алғаш анимациясы нешінші жылы түсірілген?

Дескриптор:

-мәтіннен қажет ақпаратты алады;

-қорғау кезінде жаңа сөздерді қолданады;

-қойылған сұрақтарға жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау. Топта берілген тақырыптардың бірін таңдап, шағын диалог дайындаңыз. Диалог

мазмұнында бұйрық райлы етістіктерді қолданыңыз.

  • Табысты кәсіпкермен сездесу

  • Менің болашақ мамандығым

  • Еңбекпен келген нан тәтті

Дискриптор: Білім алушы

- тақырып бойынша топпен шағын диалог дайындайды;

- диалогте бұйрық райлы етістіктерді қолданады.

- еңбектің маңызы жайлы айтады


Оқушыларға тақырып



Оқулық, суреттер,ғаламтор ресурстары, интербелсенді тақта.































Сабақтың соңы


4 минут










2 минут


1 минут


Кері байланыс.

Сұрақтар салоны Текше-әр бұрышы нөмірленген.

  1. Уолт Дисней нешінші жылы туылған?

  2. «Қарсылас», «Кейіпкер» сөзінің қазақша аудармасы

  3. Генадий Головкин неше жекпе-жекке шықты ?

  4. Уолт Дисней қандай отбасында дүниеге келген?

  5. Генадий жылына қанша табыс табады?

  6. Уолт Дисней салған суретерін не істеді?


«Ағаштың қай шетіндемін?» арқылы өз-өзін бағалау

Және кеудесіне шағын «Ер» орденін тағып алу

Үйге тапсырма. «Мен еңбек ері боламын» тақырыбына шағын эссе жазып келу














Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:


2:


Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:


2:



Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Франшиза – қандай да бір, атағы бар брендті, заңды түрде өндіруге немесе сол сияқты мақсаттарда қолдануға рұқсат алу. Мысалы Doner – ді кез-келген ірі, тіпті шағын қалалардан да кездестіруге болады, бірақ ол басқа елге, қателеспесем Америкалық бренд, дегенмен кез-келген қалада ашуға болады, яғни солардың логотипін, ас дайындау мәзірін, тағы да атын пайдаланып. Бұл дегеніміз франшиза деп аталады.


Комикс – ағылшын тілінде comic – күлкілі деген мағына береді. Комикс – суретпен салынған хикая. 



Генадий бокспен 8 жасынан бастап айналыса бастады. 1993 жылы оны облыстық бокстан өткен жарысқа оның бапкері жіберген болатын. Соңында осы сайыстан 3 жеңіс әкелді. 19 жасында шығыс боксында бірінші орын алады да, 2002 жылы бұл жеңісін тағы бір мәрте қайталайды. 2003 жылы Таиландта өткен боксшылар жекпе-жегінде өзінің 4 қарсыласының екеуін накаутқа жібергені үшін бірінші орынды алады.

2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.


Генадий қарапайым отбасынан шыққан қарапайым бала. Әкесі – шахтер, анасы - химиялық зертхана қызметшісі болған. Бокспен 8 жасынан айналыса бастаған. Өзінің алғашқы шайқасқа Головкин 11 жасында түсті. Онда ол өзінен 2 – 4 жас үлкен қарсыластарын жеңіп шықты. Бұдан кейін ол облыстық, мемлекеттік және халықаралық бокстан жарыстарға үміткер болып қатыса бастады. 2003 жылы 21 жасында алғаш рет әлем чемпионы атағна ие болады.Осы уақытқа дейін Генадий Головкин өзінің қатысқан 350 жекпе-жегінде тек 5 рет қана жеңіліске ұшыраған болатын. Ол он екі айда 25 миллион доллар (қазіргі бағаммен шамамен — 9 миллиард 100 миллион теңге: айына шамамен — 758,3 миллион теңге) табыс табады екен.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
20 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
6324
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі