жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Еңлік-Кебек" дастаны
24.01.2018 жыл
№7 жалпы орта білім беретін мектебі
Тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны
Пән мұғалімдері: Ж.Орынбаев
Л.Булекбаева

2017-2018 оқу жылы
|
САБАҚ: қазақ тілі |
Мектеп: №7 жалпы орта мектеп |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні: 24.01.18 ж |
Оқытушының аты-жөні:Ж.Орынбаев, Л.Булекбаева |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
СЫНЫП: 10 - сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
Поэмадағы ең негізгі мәселелер мен ең негізгі тартыстарды қарастыра отырып, феодалдық әдет-салт, заңның құрбаны болған Еңлік пен Кебектің бейнесін ашу, поэманың композициялық құрылымы мен көркемдік ерекшелігін таныту; |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасының тақырыбы, идеясын ашу, сюжеттік –композициялық құрылымын талдау. Топ жұмысы арқылы жеке тілдік дағды қалыптасады. Сыни ойлау, еркін сөйлеуі қалыптасады.. Білімдерін өз бетінше қолданады, ізденеді, зерттеу жұмыстарына, өз пікірін жеткізіп айтады; |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Сөздік қоры молаяды, мәнерлеп оқиды, тірек сөздерді түсінеді, ойлау дағдылары қалыптасады, табиғаттың тамаша құбылыстарын суреттейді |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
Жазылым бойынша: Әңгіме кестесін құрады, тірек сөздерді жазып отырады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Тарих, қазақ тілі, музыка, құқық негіздері |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Әдіс-тәсілдер |
Тізбектеп айту, әңгіме кестесі, жұптық, топтық жұмыстар, сұрақ-жауап |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
Бұл тақырып Ш.Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр» поэмасымен байланысты. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспар-ланған уақыт |
Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз) |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Басы 2мин
10 мин |
1.Ұйымдастыру кезеңі,
шаттық шеңбері арқылы оқушылар бір - бірімен амандасып алады. І топ ІІ топ ІІІ топ ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 1.Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы. 2. «Еңлік-Кебек» дастанын оқып келу. 1.«Тізбектеп айту» әдісі бойынша «Шәкәрім кім?» деген сұраққа жауап беру 1.Шәкәрім –жұрттың алдындағы батпандай ауыр міндеттерді азаматтық парасатымен сезініп, осы рухта әсем жырлар тудырған тамаша ақын. 2. Ол- келешек ұрпағына өнеге-өсиеті мол туындылар қалдырған қаламы жүйрік жазушы. 3. Ол- заманы мен халқы жөнінде ой толғаған тарихшы,ойшыл пәлсапашы. 4 .Ол-шығыс пен батыстың үздік әдебиет үлгілерін халқына танытқан талантты аудармашы. 5. Ол-қоғам дамуының тынысын тап басқан ойлы мақалалардың авторы. 6. Ол-сәні мен сазын бүгінге дейін жоғалтпаған әуезді әндердің туындыгері. Шәкәрім – лирик: 1)адамгершілік тақырыбы;2)ғылым-білім тақырыбы;3)әлеуметтік тақырып;4)еңбек тақырыбы;5)махаббат тақырыбы. Шәкәрім – аудармашы: 1)Пушкиннен «Дубровский», «Боран»;2)Толстойдан «Асахордан патша», «Үш сауал»;3)Физулиден «Ләйлі – Мәжнүн». Шәкәрім – эпик: 1) «Еңлік –Кебек»;2) «Қалқаман –Мамыр»; 3) «Нартайлақ пен Айсұлу». Шәкәрім – тарихшы,ойшыл. «Түрік,қырғыз,қазақ һәм хандар шежіресі» «Мұсылмандық шарты». «Қазақ шежіресі». «Үш анық». Шәкәрім – жазушы: 1) «Әділ – Мария» Шәкәрім – сазгер: 1) «Шын сырым»;2) «Жастық»;3) «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»; 4) «Анадан алғаш туғанда» т.б. 2. «Бір айналып сөйлесу» әдісі бойынша «Еңлік-Кебек» дастанының мазмұнын айту |
Түрлі – түсті стикерлер |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ортасы 15 мин
|
Жаңа сабақ. 1. Тарих қойнауына шолу Іздендіру тапсырмасы. "Еңлік - Кебек" аңызының екі әңгіме, екі поэма түрінде келген төрт нұсқасын талдау. 1-нұсқа "Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз" деген атпен 1892 жылы "Дала уалаяты" газетінің 31-39 сандарында жарияланды. 2-нұсқа "Дала уәлаяты" газетінің 1900 жылғы 46-санында жарияланған нұсқа "Қазақ тұрмысынан хикая" деп аталды. 3- нұсқа – Мағауия Абайұлының "Еңлік - Кебек" поэмасы. Ол Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы архивінде сақталған қолжазба бойынша 1960 жылы "Дастандар" жинағында басылды. 4- нұсқа - 1912 жылы Семейде жеке кітап болып басылған "Жолсыз жаза" поэмасы. Ескілікті жақсы білген шежіре ақын Шәкәрім Еңлік - Кебек оқиғасы 1780 жылдар шамасында болды деп дәл көрсетеді.
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында қасындағы жас өнерпаздарға, шәкірттеріне Абай :«Осы жалғыз мола осынау елсіз жотаға пайда болғалы, міне жүз рет жадырап жаз, кірбең тартқан күз келіпті. Сол бір ықылымнан бергі көп буындар тіршілігінің үнсіз куәсі осы мола. Бұл мола — ішіне ауыр сыр бүккен мола. Мұнда жатқан бір қыз, бір жігіт. Жігіті — Кебек, қызы — Еңлік аталушы еді,»- деп сол оқиғаны әңгімелей келіп, жас ақын інілеріне осыны жыр етіп жазуды тапсырады. Міне, осылай Абай ағасының тапсыруымен дүниеге келген «Еңлік — Кебек» дастаны бүгінгі жастардың сүйіп оқитын шығармасы, ғашықтарға қойылған мәңгілік ескерткіштей. 3.Шығарманың композициялық құрылымына сатылай кешенді талдау 1. Басталуы. Кебектің Нысан абызға бал аштыруы 2. Байланысуы. Кебектің аңға шығып, адасып, Еңлік үйіне түсуі 3. Дамуы. Кебек пен Еңліктің бір-біріне сөз беруі. Қара жартаста кездесуі 4. Шиеленісуі. Еңлік пен Кебектің елден қашып кетуі 5. Шарықтау шегі. Көбейдің Кеңгірбай жұмбағын шешуі. Кеңгірбайдың қатал үкімі 6. Шешімі. Еңлік пен Кебекті ат құйрығына байлап өлтіруі. Бесіктегі шырылдаған сәбидің тауда қалуы.
4. «Әңгіме кестесі»
5. «Бұрыш стратегиясы» Еңлік пен Кебектің өліміне кім (не) кінәлі? 1.Ру басылары кінәлі. 2. Екі жастың өздері кінәлі 3.Салт -дәстүр Әр топ өз ойларын жеткізеді.
|
Оқулық. 1.А-4 парағы 2.Флипчарт 3.Стикер 4.Оқулық 5. Роwer point таныстырылым, бейне көрсетілім 6. Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
8 мин |
ІІ. Менің пікірім ( зерделейік, ойлайық, айтайық)
ІҮ. Шәкәрімнің әні: «Бұл ән бұрынғы әннен өзгеше»
|
қосымша материалдар |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Соңы 3 мин |
Оқушылар тапсырманы орындап жатқанда Роза Рымбаеваның «Еңлік-Кебек» әнін тыңдатамын.
«Алдыңғының соқпағын артқы
түзер» Шәкәрім ақын өз дастанында өз ойын осылай түйіндеген екен. Осымен мен де өз ашық сабағымды қорытындылаймын. Үйге тапсырма: Эссе “Дастаннан кейінгі ой” Авторға немесе ұнаған кейіпкерге деген пікірлерін жазу. Оқушыларды бағалау. Кері байланыс: Осы кестеге оқушылар өз ойларын стикерге жазып, тақтаға іліп қояды.
|
Смайликтер |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? |
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ Құндылықтармен байланыс |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қиялдарын шарықтатады, жаңа дүние ойлап табады. |
Смайликтер, бағалау парақшасы |
Жаратылыстану, бейнелеу Сыныптың және ауаның тазалығы. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? 1: 2: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушының
аты-жөні: .
«Әңгіме кестесі»
|
Шығарманың аты |
«Еңлік-Кебек» |
«Қалқаман-Мамыр» |
|
Авторы |
|
|
|
Оқиға болған кезеңі |
|
|
|
Басты кейіпкерлер |
|
|
|
Шығармадағы тарихи тұлғалар |
|
|
|
Оқиға қалай аяқталады? |
|
|
|
Шығармадағы әдет-ғұрып, салттар |
|
|
|
Шығармадағы жер-су атаулары: |
|
|
|
Не үйретті?
|
|
|
КЕРІ БАЙЛАНЫС
|
Мен үшін жаңалық |
Мен үшін туғызған қиындық |
Сабақтан алған әсерім |
|
|
|
|

шағым қалдыра аласыз





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген