400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Еңлік-кебек" поэмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға сабақ жоспары ретінде көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бейімбетов Қ.Б.

Жамбыл облысы,

Мойынқұм ауданы

№8 Мойынқұм колледжі

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: «Еңлік-Кебек» дастаны

Сабақтың мақсаты:

білімділік: поэмадағы ең негізгі мәселелер мен ең негізгі тартыстарды қарастыра отырып, феодалдық әдет-салт, заңның құрбаны болған Еңлік пен Кебектің бейнесін ашу, поэманың композициялық құрылымы мен көркемдік ерекшелігін таныту;

дамытушылық: өз бетінше білім алу дағдысын қалыптастыру, білімдерін өз бетінше қолдануға, іздену, зерттеу жұмыстарына, өз пікірін жеткізіп айтуға үйрету;

тәрбиелік: адам бойындағы жақсы қасиеттерге баулу, махаббат сезімін қадірлей білуге үйрету, туған жерге, ана тілге деген сүйіспеншілікті қастерлеуге баулу;

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 

1.Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы.

2. «Еңлік-Кебек» дастанын оқып келу.

1. «Шәкәрім кім?» деген сұраққа жауап беру

1.Шәкәрім –жұрттың алдындағы батпандай ауыр міндеттерді азаматтық  парасатымен сезініп, осы рухта  әсем жырлар тудырған тамаша ақын.

2. Ол- келешек ұрпағына  өнеге-өсиеті мол туындылар қалдырған қаламы жүйрік жазушы.

3. Ол- заманы мен халқы жөнінде ой толғаған тарихшы,ойшыл пәлсапашы.

4 .Ол-шығыс пен батыстың үздік әдебиет үлгілерін халқына  танытқан талантты аудармашы.

 5. Ол-қоғам дамуының тынысын тап басқан ойлы мақалалардың авторы.

 6. Ол-сәні мен сазын бүгінге дейін жоғалтпаған әуезді  әндердің туындыгері.

     Шәкәрім – лирик: 1)адамгершілік тақырыбы;2)ғылым-білім тақырыбы;3)әлеуметтік тақырып;4)еңбек тақырыбы;5)махаббат тақырыбы.

     Шәкәрім – аудармашы: 1)Пушкиннен «Дубровский», «Боран»;2)Толстойдан «Асахордан патша», «Үш сауал»;3)Физулиден «Ләйлі – Мәжнүн».

     Шәкәрім – эпик: 1) «Еңлік –Кебек»;2) «Қалқаман –Мамыр»; 3) «Нартайлақ пен Айсұлу».

Шәкәрім – тарихшы,ойшыл. «Түрік,қырғыз,қазақ һәм хандар шежіресі» «Мұсылмандық шарты». «Қазақ шежіресі». «Үш анық».

Шәкәрім – жазушы: 1) «Әділ – Мария»

Шәкәрім – сазгер: 1) «Шын сырым»;2) «Жастық»;3) «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»;

4) «Анадан алғаш туғанда» т.б.

Жаңа сабақ.

1. Электрондық оқулық. «Еңлік-Кебек» дастаны туралы тыңдау

2 «Еңлік-Кебек» дастанының мазмұнын айту

3. Поэманы композициялық – сюжеттік құрылысына талдау.

Р/с Оқиға желісі Оқиға өрісі

1 Оқиғаның басталуы

Кебектің Нысан абызға бал ашқызуы


2 Оқиғаның байланысуы

Кебектің аңға шығуы. Еңлікпен кездесуі.

3 Оқиғаның дамуы

Кебек пен Еңліктің бір-біріне сөз беруі.Қара жартаста кездесуі

4 Оқиғаның шиеленісуі

Кебектің Еңлікті алып қашуы, сәбилерінің дүниеге келуі

5 Оқиғаның шарықтауы

Екі жасты өлтіруге шешім қабылдауы.Кеңгірбайдың қатал үкімі.

6 Оқиғаның шешімі

Еңлік пен Кебекті ат құйрығына байлап өлтіруі. Шырылдаған сәбидің тауда қалуы.


4. Кейіпкерлерге мінездеме беру.
Әр кейіпкердің  жағымды қасиеттері мен  оларға қарама -қарсы жағымсыз қасиеттерін тауып жазады.

Еңлік Кебек

Өжет те қазақтың жаны отты,жауға батыл,жақынға Еңліктің қандай

тәкаппар, салтында жоқ мейірімді,алған бетінен қайтпайтын екенін танып-

ары таза, әрекет жасайды, қайсар,уәдеге берік жігіт білмей тұрып,

жаны нәзік, жігітке өзі көрсеқызар,

жаман мен сөз салады әдепсіз қыз деп

жақсыны ойлайды

тани білетін

талғампаз,

қайсар

қыз


Кеңгірбай


Тобықты руының Еңлік пен Кебектің тығылған жерін

ақылды, әділ биі. көрсетіп қойғанын қолдамаймын.

Еңлікті алып қашқан

Кебек екенін біле тұрып,

Уақыт оздырып, үш

ай бойы бір шешімін

айтпай, Тоқтамыс

батырдың жорықтан

келуін күтеді.


Еңлік пен Кебектің өліміне кім (не) кінәлі?

1.Ру басылары кінәлі.

2. Екі жастың өздері кінәлі

3.Салт -дәстүр

Әр топ өз ойларын жеткізеді

7.Сабақты қорытындылау.

  1. «Еңлік-Кебек» поэмасының неше нұсқасы бар?

  2. Поэма кімнің ақыл-кеңесімен жазылған?

  3. Поэма оқиғасы қай уақытта, қай жерде болды?

  4. Поэманың басты тақырыбы мен идеясы қандай?

5. Еңлік атастырып қойған күйеуін неге өзіне тең көрмеді, менсінбеді?

6. Кебек қыз сөзіне неге бірден келісім бермеді, өзінің сезімін білдірмеді?

7. Еңліктің көз жұмар алдында сұраған үш тілегін ата.

Үйге тапсырма:

1.Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» поэмасынан үзінді жаттау;

2. «Еңлік -Кебек»  ─  ғашықтық  трагедия»  атты  шағын  шығарма  жазу.

Бағалау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
939
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі