400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Ашық сабақ «Ер Төстік» ертегісі, қорытындылау 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы

Қоныс орта жалпы білім беретін мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Балдахова Алия Алпамысовна



Сабақтың тақырыбы: «Ер Төстік» ертегісі, қорытындылау 5 сынып

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды халық ауыз әдебиетінің бір түрі-ертегі әлеміне жетелеу, Ер Төстік

ертегісін қорытындылау барысында түрлі тапсырмалар орындау;

ертегілерді талдай отырып оқушы білімін жинақтау, оларды өзіндік пікірін

қалыптастыруға жетелеу; оқушыларды ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке

тәрбиелеу;

Сабақтың типі: Білімді жинақтап қорытындылау

Сабақтың түрі: саяхат сабағы

Сабақтың әдісі: әңгімелесу, ой қозғау, сөзжұмбақ әдісі, оқулықпен жұмыс,кестемен жұмыс

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың көнекілігі: интерактивтік тақта, тапшамалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,

зейінін сабаққа аудару.

Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз Ер Төстік еретегісіне саяхат сабағы. Біз ертегіні аяқтай келген болатынбыз.

- Ертегідегі Төстіктің достары кім еді?

- Бізге бүгінгі сабақта сол Ер Төстіктің достары тапсырмалар беріп отыр, сол тапсырмаларды орындауға дайынсыздар ма?

ІІ. Желаяқ. Үй тапсырмасын тексеру

Тест-интервью кестесі

Сұрақ

Жауап

Ерназардың сегіз ұлы қалай жоғалды?

 

Ер Төстік өзінің ағалары бар екенін кімнен білді?

 

Перінің қызы Бекторының айласы

 

Ер Төстіктің серігі екеуі қандай қиыншылықтарға тап болды?

 

Бапы ханның Төстікке берген бұйрығы?

 

Шойынқұлақтың жанының жасырылған жері?

 

ІІІ. Саққұлақ. Оқулықпен жұмыс.

“Ер Төстік” ертегісінің шарықтау шегі.

Оқулықтан оқу.

ІІІ. Таусоғар. Тапсырма.

1-кесте

Жырдың кейіпкерлері

Ұнаған кейіпкер

Қасиеті

 

 

 

2-кесте






Кімдердің сөзі

Кемпір

Ерназар

Кенжекей

Жалмауыз

кемпір

Анасы

Ер

Төстік

1

«Кемпір, сүйінші! Керулі тұрған кер биенің төстігі майлы көрінеді, бол, жылдам, асып жібер»

 

 

 

 

 

 

2

«Ертеден қара кешке бүйтіп жар қуалап, торғай атқанша, тентіреп кеткен сегіз ағаңды тауып алсаң болмай ма?»

 

 

 

 

 

 

3

«Сегіз ағаңның бары рас еді, жұт жылы кетіп еді, содан қайтқан жоқ. Қайда жүргендерін білмейміз.»

 

 

 

 

 

 

4

«Әкем маған жылқыдан таңдатсын Шалқұйрық атты берсін, жасаудан ақ сырмалы сауытты берсін, түйеден Құба інгенді берсін.»

 

 

 

 

 

 

5

«Тұрсам отыра алмаймын, шырағым, отырсам тұра алмаймын, шырағым, әперуге әлім жоқ, нашар адаммын.»

 

 

 

 

 

 

6

«Жер үстіне шығып, еліме қайтқым келеді»

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті.

3-кесте

Сұрақ

Ия

Жоқ

Себебі

Ер Төстіктің ағаларын іздеуі дұрыс болды ма?

 

 

 

Ер Төстік қиял-ғажайып ертегіге жатады ма?

 

 

 

ІҮ. Көлтауысар. Сабақты бекіту

Ертегінің мазмұнын білесіңдер, олай болса, мына сөзжұмбақты шешіп көрелік.

Ү. Үйге тапсырма беру.

1. Ертегі мәтінін оқу.

2. «Егер мен Ер Төстік болсам...» шығарма жазып келу.

ҮІ. Бағалау.

- Сабақ аяқталды.

- Сау болыңдар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
2222
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі