Материалдар / Ашық сабақ "Ертегі елінде қонақта"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Ертегі елінде қонақта"

Материал туралы қысқаша түсінік
кіріктірілген сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2024
83
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мектепалды даярлық 0 «Ә» сыныбы

Бөлімдері: Математика негіздері, Сауат ашу негіздері, Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Ертегі елінде қонақта»
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту, сөздік қорын кеңейту.

Міндеттері: Балалардың апта күндері, тәулік бөліктерінің реттілігі туралы білімдерін бекіту.

10 саны көлеміндегі сандар мен цифрлар туралы ұғымдарын қалыптастыру, тура және кері санауға жаттықтыру;

Қарапайым мысалдар мен есептерді шеше білу дағдыларын бекіту.

Топпен жұмыс істеуге, өз ойын дәлелдеуге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: Сандар, суретті тапсырмалар, ноутбук.

Сабақ барысы:
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Себебі, біз ертегілер еліне қонаққа барамыз. Қонаққа бармас бұрын көңіл-күйімізді көтеріп, бір-бірімізге жылулық сыйлап, амандасып алайық.

Шаттық шеңбері: Сәлем деймін достарға

Сәлем деймін құстарға

Сәлем деймін аспанға

Сәлем деймін апайға

Вуги-вуги, Вуги-вуги ОК

Вуги-вуги, Вуги-вуги ОК

- Балалар көңіл күйлерің қалай? Ендеше осындай жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық

«Миға шабуыл». Жылдам жауап беру.
- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қазір қай ай?

- Бір аптада неше күн бар?
- Апта күндерін атап айт.
- Бүгін аптаның нешінші күні?
- Жақсы жарайсыңдар.

-Енді орнымызға отырайық. Балалар біз өзіміз жақсы көріп тыңдаған ертегілерімізді еске түсірейік.
-Мақтақыз бен мысық, арыстан мен тышқан, қорыққанға қос көрінеді, ақымақ қасқыр, қоянның үйшігі т.б..

- Балалар мына суреттен қандай ертегіні көріп тұрсыңдар?

- Жақсы, жарайсыңдар.






- Балалар мен сендерге ертегіні тегін естеріңе түсірген жоқпын.

- «Түлкі мен қоян» ертегісіндегі Қоян бізден көмек сұрап хат жазыпты.

-Қу түлкі оның үйін тағы алып қойыпты, ал тапсырмаларды орындамаса ол қоянның үйін босатпаймын дейді.

Қоянның достары тапсырманы орындай алмай жатыр екен. Көмектесеміз бе?

-Ендеше орманға саяхатқа шығайық. /музыка/ «Қыстың күні көңілді» әні қосылады.

-Балалар қараңдаршы біз орманға келдік, мұнда түлкі өзінің тапсырмасын қойып қойыпты.

Енді түлкінің тапсырмаларын орындап көрейік.

1. Түлкінің тапсырмасы

Ойын: «Ойна да ойла». Логикалық сұрақтар. Түлкінің жүрісін кім салып береді?
1. Қоян екеу, құлағы нешеу?
2. Не ауыр піл ме, қоян ба?

3. Орманда аңдар арасында жүгіруден жарыс өткізілді. Жүгіруге қоян, түлкі, балық қатысты. Осы жарыста балық нешінші болып келді деп ойлайсыңдар?
4. Екі мысықтың аяғы нешеу? (8)

5. Үш сиырдың мүйізі нешеу? (6)

6. Ай көп пе, жұлдыз көп пе?

7. Аю үлкен, ал тиын...

8. Алма тәтті, лимон...

9. Адамда неше бас бар?

10. Бағдаршамда неше көз бар? (3)

11. Жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)

Логикалық есептер:
1.
Тарелкеде 5 алма

Қандай тәтті жесе алма

Бесеуінде жеп қойсам

Қалады сонда неше алма? 0
2.Бір-бірімен жарысқан

Бір аю, бір арыстан

2 қоян, 3 түлкі

Бәрі нешеу ойлан тап.

3.Аулада 6 үйрек

Қорада 3 үйрек

1 үйрек тығылды

1 үйрек жығылды

Қалғаны неше үйрек? 7
4.Он асықтың үшеуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?



-Жарайсыңдар балалар.

2. Иттің тапсырмасы. Иттің дауысын кім салады?

1.Тапсырма: Мына жерде су құйғыштарда берілген есептерді шығару керек. Жауабы мына гүлдерде жасырынған.

2.Тапсырма: Мына жерде араның ұялары тұр. Ұялар сандармен берілген, сендер мына араларға өз ұяларын табуға көмектесулерің керек. Бұл тапсырмаларды орындамас бұрын, мына тапсырманы орындауларың керек. Яғни, мына пластмасса стакандарды пришепкамен бірінің үстіне бірін салып жинайсыңдар. Кім бірінші жинап болады сол бала тездетіп араларды өз ұяшықтарына орналастырады. Ол үшін 6 бала шығады.

- Жақсы жарайсыңдар!

3. Аюдың тапсырмасы. Аю қалай қозғалады?

1.Тапсырма: Сергіту сәті.

Балалар орнымыздан тұрып сергіп алайық.

Қайда екен қолымыз?

Оңымыз бен солымыз

Міне оң мен солымыз

Қане алақан қолымыз

Кел санайық бір, екі

Кел соғайық бір, екі

Топылдатып билейтін

Аяқтарым қайда екен.

- Жақсы жарайсыңдар!

2.Тапсырмасы. Енді сендермен «Дәмді әріптер» деген ойын ойнаймыз. Мына жерде сөздер баспа түрінде берілген, сендер мына трубочка арқылы жазбаша түрін тауып, қандай сөз шыққанын оқып бересіңдер.

4. Әтештің тапсырмасы. Әтештің дауысын кім салады?

1.Тапсырма: Балалар тыңдаңдаршы сыныпқа масалар кіріп кеткен сияқты, олай болса қазір «Шыбын ұрғыш» әдісі арқылы масаларды ұстаймыз. Масаларда буын сөздер берілген, сендер мен айтқан буынды табуларың керек.

2.Тапсырмасы. «Дыбыстық талдау» жасаймыз. «Қар кесегі» әдісі арқылы ойын ойнаймыз. Шарты: Қолшатырға ілінген қарларда сөздер жазылып тұр, музыка қосылғанда билеп айналамыз, музыка тоқтағанда кім қай қар кесегіне тоқтады, соны алып берілген сөздерді оқисыңдар.


Қорытындылау. «Ыстық орындық»
- Балалар біз қай ертегіні еске түсірдік?
- Қандай тапсырмалар орындадық?

-Қандай тапсырмалар сендерге ұнады?
- Қандай тапсырмалар сендерге қиын болды?
- Сабақта не ұнады? Сұрақтарға толық жауап береді, өз ойларын айтады.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!