жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ: «Ертегіде қонақта» ортаңғы орыс тобы
Махатова Бибихадиша Омаровна- қазақ тілі мұғалімі
№65 «Балбұлақ» бөбекжай-бақшасы
Ашық сабақ: «Ертегіде қонақта» ортаңғы орыс тобы.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімдері: Қазак тілі
Тақырыбы: «Ертегіде қонақта»
Мақсаты: Білетін ертегілерін тыңдату, аңдарды сипаттау сөздерін үйрету.Ертегіні рөлдерге бөліп ойнау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытуСахналау барысында жағымды- жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез- құлқын келтіру. Балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: үйшік үйі, аңдардың отрибуттары,гүлдер, қолшатыр.
Билингвалдық компаненті: Сказка-ертегі, Колобок-Бауырсақ, Репка-Шалқан, Теремок-Сәулетті үйшік,заяц-қоян, волк-қасқыр,лиса-түлкі, лягушка-бақа,медведь-аю, мышь-тышқан,
|
Қызмет кезеңдері |
Мұғалім қызметі |
Балалар қызметі |
|
Мотивациялық- қозғаушылық |
Бәріміз күндей жарқырап, Бәріміз тату болайық! Достығымыз жарассын,- деп келген қонақтармен амандасайық. |
- Сәлеметсіздер ме! - Здравствуйте! Алтын сауле арайлы Бақшамызға тарайды Қуанышпен шат күлкі Қарсы алайық арайды |
|
Ұйымдастыру шылық -ізденістік |
-Балалар сендер қандай ертегілерді білесіңдер? Жарайсыңдар сендер театрға барғыларың келе ме? -Олай болса мен сендерді театрға шақырамын. Біз өлеңімізді еске түсірейікші: Шөп үстімен жүреміз Сырт-сырт-сырт Тас үстімен жүреміз Тарс-тарс-тарс Жолдарменен жүреміз. Топ-топ-топ. -Мінекей театрымызға да келіп жеттік, жайғасып отырыңдар. -Ал сендердің ұнататын ертегілерің қандай? «Сәулетті үйшік» ертегісін сахналау: - Ерте,ерте, ертегі елінде, бір үйшік болыпты. Ол үйшікті ең бірінші болып тышқан көріпті. Балалар біздер тышқан қалай жүреді көрсетейік сонда тышқанды үркітпейміз. Тышқан : -Бұл үйде кім бар? -Ешкім жауап бермейді. Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады. -Балалар тышқан неден қорқады? -Дұрыс айтасыңдар? -Ал, кім айтады мысық үй жануары ма жоқ жабайы жануар ма? -Ал, мысық орыс тілінде қалай айтылады? Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді. Бақа: - Бұл үйде кім бар? Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын! Сен кімсің? Бақа: - Мен бақылдауық бақамын. -Балалар бақа қайда өмір сүреді? Бақаны үйшікке кіргізу үшін өлеңін айтып берейік. Бақа- бақа, балпақ Басың неге жалпақ? Темір телпек көп киіп, Басым содан жалпақ. Жүргізуші: - Бақа бақылдап үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып , бірге тұрады. Енді үйшік қасына ытқып- ытқып қоян келеді. Қоян: - бұл үйде кім бар? Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын! Бақа: - Мен бақылдауық бақамын. Сен кімсің? Қоян: - Мен қорқақ қоянмын! -Балалар қоян қандай? -Қоян нені жақсы көреді? -Сәбізді жақсы көреді Менің қолымдағы сәбіз қандай? Біреу ме жоқ көп пе? Жүргізуші: - Қоянда үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге өмір сүріпті. Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп , терезені қағады. Түлкі: - Бұл үйде кім бар ? Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын! Бақа: - Мен бақылдауық бақамын! Қоян: - Мен қорқақ қоянмын! Ал сен кімсің? Түлкі: - Мен қу түлкімін. - Балалар түлкі қандай? Түлкі үйшікке кіру үшін көмектесіп жіберейік: Түлкі шықты серуенге Бұлаңдатып құйрықты Жолда келе жатыпты Гүлдер жинап алыпты Ал қанекей осы гүлдерімізді иіскеп көрейікші: «Тыныс алу» жаттығуы Жүргізуші: - Үйшіктен түлкіге де орын табылады. Достар енді төртеу болады. Үйшікке тілі салақтап , айналасына алақ- жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып , қырылдаған даусымен: Бұл үйде кім бар? Тышқан: -Мен тықырлауық тышқанмын! Бақа: - Мен бақылдауық бақамын! Қоян: - Мен қорқақ қоянмын! Түлкі: - Мен қу түлкімін! Ал сен кімсің? Қасқыр: -Мен сұр қасқырмын! Қасқырға да үйшікке кіру үшін көмектесіп жіберейік қанекей қасқыр қалай қимылдайды? -Қасқыр жабайы жануарма жоқ үй жануарына жатады ма? Жүргізуші: -Қасқыр қысыла- қымтырыла ішке кіреді. Әйтседе кіп – кішкентай үйшікке бесеуіде сыйып кетеді. Барлығы қосылып тату –тәтті өмір сүреді. Бір күні құлпынай теріп жүрген аю үйшік жанына келіп бар дауысымен: Аю: -Бұл үйде кім бар? Тышқан: -Мен тықырлауық тышқанмын! Бақа : - Мен бақылдауық бақамын! Қоян : - Мен қорқақ қоянмын! Түлкі : - Мен қу түлкімін! Қасқыр : - Мен сұр қасқырмын!Ал сен кімсің? Аю: - Мен қорбаңбай аюмын! -Балалар аю қандай? -Аю нені жақсы көреді? Аюды үйшікке кіргізу үшін өлеңін айтып берейік. Қорбаңдаған аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп,теріп алайық, Қалтамызға салайық. Мінекей барлық аңдар жиналып ертегілер әлемінде бәрі тату- тәтті , дос болып өмір сүріпті. Би: «Ертегі кейіпкерлері» Ертегі сендерге ұнады ма? - Ендеше менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр, «Күн мен бұлт»- ойын Балалар қараңдаршы қандай әдемі күн (күн көрсетеді) Балалар, күнге арнап ән айтайық: Қараңдаршы жаңбырда жауа бастады кәнекей қол шатырдың астына жиналайық. Жаңбырда сейілді, балалар біз де балабақшамызға оралайық. |
-Бауырсақ, Шұбар тауық, Шалқан, Сәулетті үйшік. -Ия Шөп үстімен жүреміз Сырт-сырт-сырт Тас үстімен жүреміз Тарс-тарс-тарс Жолдарменен жүреміз. Топ-топ-топ. -Сәулетті үйшік. - Пи-пи-пи-пи -деп дауыстап тышқан жүрісін салады.
-Мысықтан.
-үй жануары
-мысық-кошка - Көлшікте, суда Бақа- бақа, балпақ Басың неге жалпақ? Темір телпек көп киіп, Басым содан жалпақ. -Қорқақ, жүйрік -Сәбізді жақсы көреді -Үлкен -Біреу - Қу,айлакер Түлкі шықты серуенге Бұлаңдатып құйрықты Жолда келе жатыпты Гүлдер жинап алыпты Гүлдерді иіскеп тыныс алу жаттығуын жасайды. Қасқырдың қимылын көрсетеді. -Жабайы жануар. -Аю үлкен, маймақ - Балды жақсы көреді Қорбаңдаған аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп,теріп алайық, Қалтамызға салайық. -Ия Балалар: Алақай, алақай күн шықты, Жер бетіне нұр төкті
Бұлт көрсеткенде: Тамшылайды тамшылар Там,там,там там,там,там |
|
Рефлекциялық-
|



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген