400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Ашық сабақ. "Ертегідегі Кендебайдың ерліктері" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 5-сыныппен қазақ тілі сабағында өткізген ашық сабақтың қысқа мерзімді жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі

№97 Сұраншы батыр атындағы ЖББМ

(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

«Ертегідегі Кендебайдың ерліктері»

(сабақтың тақырыбы)


Бөлім:Таза, мінсіз асыл сөз

Пәні: қазақ әдебиеті

Күні: 17.09.2024ж

Мұғалімнің аты-жөні: Есжанова.Г.Н


Сынып: 5 «Ә»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ертегідегі Кендебайдың ерліктері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.3.1-көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу;

Сабақтың мақсаты

Көркем шығармадағы кейіпкерлер портретін анықтау;

Кейіпкердің образға қызмет етіп тұрған маңызды әрекеттерін талдайды;

Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкерге қатысты өз пікірін білдіру, көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу, өз көзқарасын дәлелдеуде үзінділерді орынды қолдану.

Құндылықтарға баулу

3-құндылық. Әділдік және жауапкершілік

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы




І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Түгелдеу


Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Мен бақыттымын ...»

Оқушылар ары қарай жалғастырып, өздерің қалай бақытты екендіктерін айтады. Мысалы: «Мен бақыттымын, себебі менің ата-анам бар» деген сияқты ойларын жалғастырулары тиіс.



Қызығушылықты ояту. ЖИ «Wordwall» платформасы арқылы сюжеттік-композициялық жоспарына талдау жасайды.





Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.






Оқушылар ертегінің сюжеттік-композициялық жоспарын құрады. Осылай оқушылардың ертегі мазмұнын қаншалықты меңгергендігі аңғарылады.


Ауызша кері байланыс беру. Жақсы!

Тамаша!

Дескриптор:

-Ертегінің сюжеттік-композициялық жоспарын құрады.

1 балл

ҚБ «Асықтар»

арқылы бағалау



5-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы




ЖИ «Wordwall»


Сабақтың ортасы







































Мағынаны тану.

  • Балалар, кейіпкер, образ, бейне, портрет ұғымдары жайлы не білесіздер?



1-тапсырма. Бейнежазбаны көру арқылы «Кендебай қандай адам?» - деген сұраққа жауап беру. Picture 1 «Додекаэдр» әдісі арқылы төмендегі сызба көмегімен басты кейіпкеріміздің образын сипаттау.



  1. Кейіпкер образы

  2. Сыртқы бейнесі

  3. Іс-әрекеті

  4. Сөзі, пікірі

  5. Мінезі

  6. Көңіл-күйі





2-тапсырма. ЖИ. «Virbo» платформасы бойынша шығарма үзіндісін тыңдап, үзіндіде қандай оқиға болғанын жаздырту.

Күндерде бір күн Кендебай аң аулап, алысқа ұзап кетіпті. Жолда қозы бағып жүрген бір балаға кездесіпті. Бала еңіреп, жылап жүр екен. Кендебай жетіп келіп: - Көзің жасты, көкірегің қайғылы неткен жансың? – деп сұрапты. Баланың басы таз, киімі өрім-өрім екен. - Ардақтаған анаңды алса, төгілмей ме ырысың? Асқар таудай әкеңді алса, көрген күнің құрысын! – деп жылап қоя беріпті.





Тапсырма

Жауабы

Қандай оқиға болды?


Қай кейіпкер оқиғада кездесті?


Қайда болғанын жаз?




Бекіту. «Кинолента» әдісі арқылы Кендебайдың ерліктерін сипаттау.



  1. Ертегі кейіпкерінің образын ашатын қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?



  1. Кендебайдың тұлпарындай аттар бүгінгі күні кездесе ме?



  1. Кендебайдың орнында болсаңдар, сендер не істер едіңдер, қандай шешім қабылдар едіңдер?



Оқушылар кейіпкер, образ, бейне, портрет ұғымдары жайлы білім алады.






•Кейіпкердің сыртқы бейнесін сипаттайды;

•Кейіпкердің сөзі, пікірі арқылы қандай адам екенін анықтайды, дәлел келтіреді;

•Мінезін сипаттайтын іс-әрекеттерін анықтайды;

•Кейіпкердің көңіл күйін анықтайды;

•Іс-әрекетін анықтайды, ойын дәлелдейді.
















Шығарма үзіндісінде қандай оқиға болғанын жазады;

Шығармадағы кейіпкерлерді анықтайды;

Оқиға орнын сипаттап жазады.
















«Кинолента» әдісі арқылы Кендебайдың ерліктерін сипаттап, сұрақтарға жауап береді.










Дескриптор:

-Кейіпкердің сыртқы бейнесін сипаттайды;

-Кейіпкердің сөзі, пікірі арқылы қандай адам екенін анықтайды, дәлел келтіреді;

-Мінезін сипаттайтын іс-әрекеттерін анықтайды;

-Кейіпкердің көңіл күйін анықтайды;

-Іс-әрекетін анықтайды, ойын дәлелдейді.

5 балл

ҚБ «Бәйге»

арқылы бағалау



Дескриптор:

-Шығарма үзіндісінде қандай оқиға болғанын жазыңыз;

-Шығармадағы кейіпкерлерді анықтаңыз;

-Оқиға орнын сипаттап жазыңыз.

3 балл

ҚБ «Бәйге»

арқылы бағалау






Дескриптор:

-Кендебайдың ерліктері туралы әңгімелеп, сұрақтарға жауап береді.

1 балл

ҚБ

«Бәйге»

арқылы бағалау



«Керқұла атты Кендебай» ертегісі




https://www.youtube.com/watch?v=hBZWiPQCVEI&t=9s



Picture 1

«Додекаэдр»
























ЖИ. «Virbo»





















Кинолента суреттер

Сабақтың соңы



Рефлексия. Бүгінгі тақырып бойынша қандай ой түйдім?


Бағалау

Үй жұмысы

Ғажайыпқа толы ертегілерді оқыдыңдар, ертегі кейіпкерлері мен таныстыңдар. «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбына өздеріңе ұнаған ертегі мазмұнын суреттер арқылы беріңдер.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 қазан
261
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі