Ашық сабақ Ертегілер еліне саяхат 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Ертегілер еліне саяхат 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы қазақ ертегі арқылы үлкенге ізет, кішіге қамқорлық тұрғысында мысалдардың оқушыны тәрбиелеуде маңызы зор. Оқушының ана тіліне аударып, тәрбиелік мақсатта қолдануы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ю.Гагарин атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар№8 арнаулы гимназиясы»коммуналдық мемлекеттік мекеме

Тәрбие сағаты:

Ертегілер еліне саяхат”



Өткізген:Досқараева М.Д.

3Гсынып

Ертегілер еліне саяхат

Сабақтын мақсаты:оқушыларға ертегілерді дауыстап оқу

арқылы кітап оқуға тарту. Көркем әдебиет ,газет-журналды оқуға үйрету арқылы оқушылардың оқуға деген ынтасын артырып қазақ тілін байытып, сана сезімдерін жетілдіріп, білімге деген ізденістерін калыптастыру.

Көрнекілігі:слайттар, шарлар,жалаушалар.

Сабақтын барысы: Балапан бір ағаштың жанында ойнап отырып ,құлап қалады, апасы жүгіріп келіп:Ой балапан, сен мені бүгін шаршаттын ғой-дейді.



Балапан: Апа ,екеуміз бір жаққа қыдырайықшы.

Апасы:Жарайды екеуіміз “Ертегілер еліне саяхатқа”барайық.

Екуіне жолдан кірпі жолығады .

Кірпі балапанды көріп:Ой балапан, мен сені жеймін.

Балапан қорқып апасының артына тығылады.

Апасы:Кірпі сен балапанды жеме, оданда бізбен бірге “Ертегілер еліне саяхатқа” шығайық.

Кірпі,балапан және апасы үшеуі келе жатады,оларға қоян жолығады.

Қоян:ой қандай әдемі балапан, мен сені жеймін.

Балапан қорқып апасына қарай тығылды.

Апасы:Қоян сен балапанды жеме, жүр бізбен бірге “Ертегілер еліне саяхатқа ” шығайық.

































Кірпі, балапан қоян және апасы төртеуі келе жатады, олардың алдынан қорқынышты қасқыр шыға келеді.

Қасқыр:Ой менің қарным аш, мен мына балапанды жеймін.

Балапан қорқып апасынын артына тығылады.

Апасы:Қасқыр сен балапанды жеме ,оданда бізбен бірге “Ертегілер еліне саяхатқа ” барайық.

Кірпі, балапан,қоян,қасқыр және апасы барлығы “Ертегілер еліне саяхатқа” 3” Г” сыныбына келеді.

Қоян : Апатай ,енді бізге ертегіні кім айтып береді?

Апасы:Барлығымыз бірге шақырайық “Кітап ханшайымы”,”Кітап ханзада”

Барлығы хормен”Ханшайым ,Ханзада”.

Кітапханшайым: Сәлеметсіздер ме,кұрметі қонақтар,оқушылар және достарым!

Біздін қыздар ертекші,

Көп ертегі біледі

Қай кезде сұрасан, ертегі айтып береді.

Ертегілер еліне саяхатқа ” шығу үшін ертегішілерімізді шақырамыз.

Балалар: Бәрі бірігіп хормен Ертекшілер 2рет

Ертекшілер: Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар, оқушылар және достарым!

Ертегіш “ Дүниеде не күшті” ертегісін ертегі кейіпкерлерінің рөлімен дауыстап оқиды.





Кітапханзада:Балалар сендерге ертегі ұнады ма ? Бүл ертегідегі ең күшті кейіпкер кім екен? Кұмысқа неліктен күшті болды?



Балапан:Құмырысқа көп еңбек етеді, сондықтан ол күшті.

Балалар кім еңбек туралы мақал-мәтел біледі?

Оқушылар:



«Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті»



«Еңбек бәрін де жеңбек»

«Еңбек түбі- береке»



«Кім еңбек етсе, сол-тоқ»



Осы кезде қасқыр- менің қарным аш , мен балапанды жеймін,-деп бүлк шығарады.

Кітапханшайым:Қасқыр сен балапанды жеуге асықпа, бізде тағы да қызық ертегі бар, кәне достар,”Құмырсқаның қанағаты” . атты ертегіні тыңдайық.

Ертегіш: “Құмырсқа қанағаты” атты ертегісін мәнерлеп дауыстап оқиды.

Кітапханзад: Балалар сендерге ертегі ұнады ма? Бұл ертегіде кімге қай кейіпкер ұнады?

Кірпі: Маған құмырсқа ұнады.



Кітапханшайым: Кірпі , неліктен саған құмырсқа ұнады?

Кірпі: Себебі , құмырсқа өте қанағатшыл, тамақты үнемдеп аз жейді. Қасқыр сияқты қомағай емес.

Кітапханзада: Балалар сендерге ертегіде қай кейіпке ұнаған жоқ?

Қоян: Маған данышпан адам ұнаған жоқ,ол құмырсқаны қорапқа салып қамап қойды,құмырсқа болса өліп қалуы мүмкүн еді.

Кітапханзада: Қасқыр саған ертегі ұнады ма?

Қасқыр: Маған ертегі ұнауын ұнады ғой, менің балапанды жегім келіп отыр.

Кітапханзада: Қасқыр сен балапанды жеуге асықпа ,бізде қызық ойын бар. Ол ойын”Ойлан тап” деп аталады.









Ойлан тап.

1-тапсырма. Жұмбақтарды шешу.

Арқасында тауы бар,

Иір мойыны тағы бар,

Шөлге төзіп су татпай,

Ұзақ жолдан табылар.



(Түйе)



Төлі –егіз,өзі- семіз,

Терісі-тон , сондай жылы кисеңіз,

Айтыңызшы,бұл қай түлік білсеңіз?







(Қой)









Алшан-алшан басады,

Құйрығында шашағы,

Аң біткен одан қашады.









(Арыстан)



Болмаса да қалқасы,

Инеге толы арқасы.

Домалана қалады-

Жақпаса жүрген ортасы.















(Кірпі)



2-тапсырма. Тақпақтар сайысы







Кітапханзада:Балалар мен сендерді кітапханаға оқырман болуға шақырамын.

Қасқыр: Мен енді балапанды жемеймін, сендермен дос боламын.

Барлығы “ біз доспыз, доспыз қол “ алысады.

Кітапханшайым және Кітапханзада: Ендеше, балалар біздің достығымыздың құрметіне барлығымызды ән салуға шақырамын.















Ән: Ерден Атайдың әні
Сөзі: Ә.Асылбековтікі
Әні: Е.Хасанғалиевтікі

 

Кел,балалар,тұрмаңдар
Бізде қызық думан бар.
Атамыздың алуан
Ертегісін тыңдаңдар

 

Қайырмасы:

 

Ерте,ерте,ерте,екен,
Ешкі-ай жүні бөрте екен.
Ертегі сөз қашанда
Тамашаның көркі екен

 

Түрлі-түрлі ертегі,
Тұла бойды ертеді.
Ерте өткен ерлердің,
Ерлік ісін шертеді.

 

Қайырмасы:

 

Қиялдаймыз,самғаймыз,
Кең әлемді шарлаймыз.
Ертегісін атайдың
Тыңдаудан біз талмаймыз

 

Қайырмасы:

 



Кітапханшайым және Кітапханзада : осымен біздің

«Ертегілер еліне саяхат » атты ертегіміз аяқталды, келесі кездескенше.

Тақпақтар



Айтады ертек жан атам,

Ақ сақалын салалап

Құмарымды таратқам,

Жер мен көкті аралап .





Ертегілер еліне,

Бір шегетін сапары,

Ардақтаймын өмірде,

Асқар таудай атамды.





Жақсылыққа үйреткен

Жамандықтан шектейді

Ертегі айтып беретін,

Әжеге ешкім жетпейді.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.00.2018
1034
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі