400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Эстафеталық ойын-жарыс" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың есептер шығарған кездегі білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика-5

Эстафеталық ойын-жарыс

Мақсаты:

1. Білімділігі: Оқушылардың есептер шығарған кездегі білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру

2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.

3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын еркін толық дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, ептілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу; салауатты өмір салтын насихаттау.



Безендіру , көрнекіліктер: Спорт бөлмесін шарлармен, білім туралы, математика туралы ұлы адамдардың сөздерімен безендіру. Ойын-жарыс тапсырмаларын да түрлі-түсті , тартымды етіп әсемдеп жасау.

Топқа бөлу: Сынып оқушылары математика пәні бойынша деңгейлеп бөлінді. Әр топта 9 оқушыдан болды. 1-топ «Тапқырлар», 2-топ «Алау».

Сарапшылар: Жоғарғы сыныптан екі оқушы алынды.

Олардың міндеті:

- Топ мүшелерінің әрқайсысының жеке-жеке баллдарын есептеу;

- Ойын барысында әр оқушының дұрыс, қате жауаптарын жазып отыру;

- Ойын шартының дұрыс орындалуын қадағалау;

- Әр турда алған баллдарын айтып отыру.

Эстафеталық ойын-жарыстың өтілу барысы:



1) Жай бөлшектерді салыстыру.

Васкетбол добын жерге ұра отырып, кедергілердің арасынан өтіп келіп сарапшылардың қасындағы «Жай бөлке шектерді салыстыру»-ға арналған есептерді шығарып, кері қайтарда да сол ережені сақтай отырып, допты келесі ойыншыға тапсырады. Келесі ойыншылар да ойынды осылай жалғастырып, сарапшылар осы турда қай ойыншы балл жинай алды, қай ойыншы есептен қате жібергендігі айтылады. Әр топтың осы турда жинаған жалпы балл саны да айтылады.

(Ескерту. Әр шығарылған дұрыс бір есеп үшін 1- балл, шығара алмаса

0- балл есептеледі.)



2) Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру.

Бұл ойында волейбол добын екі тізенің арасына қатты қыса отырып, жорғалап жүріп барып сарапшылардың қасында «Бұрыс бөлшектерді аралас санға айналдыру» амалдарын орындайды. кері қайтарда да сол ережені сақтай отырып, допты келесі ойыншыға тапсырады. Келесі ойыншылар да ойынды осылай жалғастырып, сарапшылар осы турда қай ойыншы балл жинай алды, қай ойыншы есептен қате жібергендігі айтылады. Әр топтың осы турда жинаған жалпы балл саны айтылады.



  1. Жай бөлшектерді қосу.

Үрленген резина шарды алдыға қарай лақтыра отырып, жерге түсірмей, кедергілерден өте отырып сарапшылардың қасында «Жай бөлшектерді қосу» амалдарын орындап, кері қарай да сол шартты орындай отырып шарды келесі ойыншыға тапсыру керек.

Сөйтіп әр оқушы мен әр топтың алған ұпай сандары анықталады.

Соңында көп ұпай жинаған оқушылар мадақталып , жеңімпаз атанған командалар мақтау қағазымен марапатталады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
1272
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі