400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Есту мүшесінің құрылысы 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы. Естудің бұзылу себептері. Есту мүшесінің гигиенасы. Зертханалық жұмыс «Дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу». (құлақтың есту қабілетін анықтау).
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп:С.Сейфуллин ат. ЖББМ

Күні:28.02.2022 Мұғалімнің аты-жөні: А.С.Калкенов.

Сынып:8 Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы. Естудің бұзылу себептері. Есту мүшесінің гигиенасы.

Зертханалық жұмыс «Дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу». (құлақтың есту қабілетін анықтау).

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

8.1.7.2 дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу және есту гигиенасының ережелерін сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Есту мүшесінің құрылысы мен естудің маңызы біледі.

Оқушылардың көбісі: Есту гигиенасының ережелерін сипаттайды

Кейбір оқушылар: Есту мүшесінің құрылысы мен гигиенасын сипаттай отырып, дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттейді


Бағалау критерийі:

Дыбысты қабылдау ерекшеліктерін

анықтайды

Есту гигиенасының ережелерін көрсетеді

Тілдік мақсаттар:

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Сырты құлақ, құлақ қалқаны, есту түтігі, дабыл жарғағы, Евстахий түтігі.

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Ортаңғы құлақ: .....................................

Есту сүйектері:......................................

Құлақ құрылысы:..............................

Құндылықтарға баулу:

Адамгершілік, бір-бірінің пікірін тыңдау,оқушы мен мұғалім арасындағы оңтайлы қарым-қатынас,ынтымақтастық орта, өмір бойы білім алу;

Пәнаралық байланыс:

Медицина

Алдыңғы білім:

7- сынып. Координация және қозғалыс. Анализаторлар жұмысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, түгендеу.


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Үнсіз телефон»әдісі.

Оқушылар бір-бірінің құлақтарына алғашқы сөзді сыбырлап, тез-тез бір-біріне айтады. Бастапқы сөзбенен соңғы сөзді салыстырады.

Топқа бөлу «Түсті қағаз»әдісі

Түсті қағаз арқылы 2 топқа бөлемін

І-топ Ортаңғы құлақ

ІІ- топ Ішкі құлақ

Үй тапсырмасын тексеру: «Еркін микрофон» әдісі

(Оқушылар мұғалімге үй тапсырмасы бойынша түсінбеген сұрақтарын қояды, бұл сұрақтарға мұғалім жауап беруі міндетті емес, сұрақтың жауабын білетін оқушылар жауап береді. Оқушылар жауап бере алмаған жағдайда мұғалім жауап береді.)

  1. Көздің қосымша мүшелерін атаңдар

  2. Көздің қосымша мүшелері қандай қызмет атқарады?

  3. Көздің алмасы қандай қабықтардан тұрады?

  4. Көзбұршақ пен қарашық қандай қызмет атқарады?

  5. Көзбұршақ пен қарашық қандай қызмет атқарады?

  6. Жарыққа сезімтал рецепторлар- құтышалар мен таяқшалар қайда орналасады?

  7. Құтышалар мен таяқшалар қызметі қандай?

  8. Торлы қабықтағы сары дақ дегеніміз не?

  9. Көру анализаторлары қандай бөліктерден тұрады?

  10. Көрудің бұзылу себептері?



Қ/б : «Бағалау тақтасы»


Дереккөз

дер, ресурстар

Сабақтың басы

12 мин






Тақырыпты ашу: Бейнематериал тамашалау

  1. «Есту қабілет»

Проблемалық сұрақ. Не себепті жас ұлғайған сайын, есту қабілеті нашарлайды.


  1. «Құлақтың құрылысы»

(осы бейнематериал бойынша тақырып ашылады.)



Бейнеролик

Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

20 мин

  1. Тапсырма «Суреттер сөйлейді» әдісі

Ортаңғы және ішкі құлақтың құрылысын сандармен көрсетіңіз және атау беріңіз.

Ортаңғы құлақ:

Ішкі құлақ:


Дескриптор:

-құлақтың ортаңғы бөлігін табады және қызметін

анықтайды;

- құлақтың ішкі бөлігінің құрылысы мен атқаратын

қызметін айтады


ҚБ: Топтық бағалау

5 баллдан




Тапсырма «Сурет сыры» әдісі. Берілген сурет бойынша құлақтың есту қабілетінің төмендеуінің екі немесе үш себептерін келтіріңіз

Дескриптор:

  • құлақтың есту қабілетінің төмендеуінің себептерін сипаттайды

ҚБ: Үш себебін сипаттайды 3 балл


№ 12 зертханалық жұмыс


Есту ерекшеліктерін зерттеу (есту қабілетін анықтау)

Жұмыс мақсаты: есту қабілетін анықтау

Құрал-жабдықтар: сыбырлап сөйлеуді анықтауға арналған сөздер жазылған кесте, 7 м-ден кем емес рулетка.

Жұмыс барысы

Жұппен жұмыс істеу керек: алдымен бір оқушы зерттелуші, екіншісі зерттеуші рөлін атқарады. Сосын рөлдерін ауыстырады.

  1. Толық тыныштықта 6,5-7 м арақашықтықта зерттелуші кестедегі сөзді сыбырлап айтады.

  2. Зерттелуші кезек- кезек біресе оң, біресе сол құлағын жауып, зерттеушінің сөзін қайталайды Зерттеуші сөздің дұрыс не қате айтылғанын жазып алады.

  3. Егер айтушының сөзі қате болса, арақашықтық біртіндеп, 5м- ге дейге дейін қысқартылады


Есту қабілетің туралы қорытынды жаса.

Қалыпты есту (жақсы есту) 6 м- ден алыс қашықтықта, ал нашар есту 5 м-ден аз қашықтықта сыбырлап сөйлеуді анықтауға байланысты екенін ескеріңдер.

Сыбырлап сөйлеуді зерттеуге арналған сөздер кестесіне мысал:

Жиілігі төмен сөздер

Жиілігі жоғары сөздер

Бала

Дәм

Олжа

Үкі

Мәре

Балық

Бөбек

Дін

Үн

Ұн

Барлық

Мәре

Өрік

Найзағай

Өгіз

Саша

Сағат

Түйін

Шай

Сіріңке

Таяқ

Ыдыс

Сағат

Қоян

Тор

Тостағанаша

Құс

Білезік

Ши

Шағала

Қорытыныды:________________________________________________________________________________________________________________________________________________

( Не істедім? Не байқадым? Сұрақтарына жауап беру арқылы)

ҚБ: екі сұраққа жауп береді

ФО тапсырмалары 65 бет

Сабақтың соңы

8 мин


  1. Тапсырма: Ролдік ойын. (Дәрігер мен пациент)


Дескриптор:

есту гигиенасын түсіндіреді


ҚБ:От шашу


Кері байланыс: «Аяқталмаған сөйлемдер»


Бүгін мен ....................білдім

Қызықты......................болды

...........қиын болды.

............ тапсырманы мен орындадым.

Мен енді ............білемін.

Мен сезіндім.............

Мен білім алдым.............

Мен үйрендім.....................

...............менің қолымнан келеді.

Сабақ менің өміріме...............берді.

Менің ........жасағым келеді.

Маған ұнамады...........



Саралау – Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
9 наурыз
1234
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі