Материалдар / Ашық сабақ "Ет тағамдары"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Ет тағамдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тағам дайындау технологиясы. "Еттен дайындалатын тағамдар" Ашық сабақ. Колледж студенттеріне арналған ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2021
488
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Тақырыбы: Ет тағамдары

Білімділік мақсаты - Еттен дайындалатын тағамдар туралы түсінік бере отырып, кәсіптік білімдерін толықтыру.Алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білуге, рецептура жинағымен тиімді жұмыс жасай білуге үйрету



Тәрбиелік мақсаты Ғылыми деректерге сүйене отырып, халақтық тәрбие үлгілерін қолдану өсіп өркендік тұрғысынан дұрыс қабылдауға, ұлт аралық сыйластыққа ,шындыққа, жауапкершілікке, қабілеттілікке тәрбиелеу.



Дамытушылық мақсаты: Білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып және саралап деңгейлеп оқыту арқылы жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ



Сабақтың әдісі: ұжымдық, сұрақ-жауап, деңгейлеп саралап оқыту әдісі арқылы оқушының шығарашылық қабілетін дамыту.



Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, рецептура жинағы, оқулық, қосымша оқулықтар, плакаттар, қима қағаздар.



Пән аралық байланыс: Тағам дайындау технологиясы, ҚТК қызмет көрсетуді ұйымдастыру, ҚТК құрал-жабдықтар



Ι.Ұйымдастыру кезеңі: А) сәлемдесу, кабинет тазалығын тексеру

Ә) түгелдеу

Б) сабаққа дайындығын тексеру (5 минут)



ΙΙ.Үй тапсырасын сұрау Турамаланған табиғи және нан қосылған котлет массасынан даярланатын тағамдар (40минут)



ΙΙΙ.Жаңа сабақты түсіндіру.



Тақырыбы: Қуырылған ет пен субөнімдерден даярланатын тағамдар.

Дәріс жоспары:

1.Мағынасы мен классификациясы.

2.Етті жылулық өңдеу кезінде болатын өзгерістер.

3.Қуырылған ет пен субөнімдерден даярланатын тағамдар

Ірі кесекті қуырылған еттен тағамдар.

Ростбиф 2-2,5 сағат қуыру шкафында қуырады, қуыру кезінде

Қуырылған ет бөлінген шырынын қосады, оған ароматизация үшін үлкен

Шпиктелген ет кесекпен кесілген көкөністерді қосады; дайындығын аспаздық

Қуырылған корейка ине көмігімен анықтайды; егер шырыны мөлдір болса, онда

Жиго өнім дайын



Жіберу алдында талшықтарына қарсы етіп порцияларға турайды. Фри, пай картобымен, крокеттермен, күрделі және қосымша гарнирмен ұсынады.

Алынған шырынын концентрленген сорпамен араластырып, дәмдеуіштер қосып қайнатады да, өнімнің үстіне құяды.

Порционды кесекті қуырылған еттен тағамдар.

Бифштекс

Филе

Лангет

Антрекот Өнімдерді панирлемейді – шырынын құяды

Эскалоп

Табиғи котлета

Ромштекс Өнімдерді панирлейді – ерітілген сары май құяды,

Ұрғыланған котлета себебі соус құйса, панировка суланып кетеді.

Ұрғыланаған шницель



Негізгі әдіспен қуырады, қуыру шкафында дайындығына жеткізеді. Фри, пай картобыменғ крокеттермен жібеерді.

Табиғи бифштекс

Жалпы схема бойынша дайындалып жіберіледі.

Гамбургсше бифштекс

Жалпы схема бойынша дайындалады, сонымен ақтар үстіне қуырылған жұмыртқа қояды.

Шаруа бифштексі

Ұсыну алдында бетіне пияз-фри салады.

Соустағы филе

Қуырылған филені Мадера соусында қыздырады. Осы соуспен жібереді.

Қызанақпен филе

Филені қуырылған қызанақтармен ұсынады, көбінесе филені крутонда (қуырылған нан) береді.

Лангет

Порциясына екі данадан жібереді.

Ромштекс

Көбінесе күрделі гарнирмен ұсынады (картоп, қызылша, сәбіз – қайнатып пісіріп, кубиктеп турайды).

Табиғи/ұрғыланған котлета

Крутонға салып береді.

Карсша кәуап

Ашық отта қуырылады. Салқын гарнирлермен береді (қызынықтар, қиярлар – балғын және тұздалған, зәйтүндер, жасыл бұршақ, брусочектеп туралған жасыл пияз, маринадталған бас пияз, лимон).

Ұсақ кесекті қуырылған еттен тағамдар.

Бефстроганов

5-7г салмақтағы таяқша формасында турайды. Қыздырылған майда қуырады, пассерленген пияз қосады, томатпен қаймақты соус құяды, қыздырады.

Пай картобымен, қосымша гарнирмен ұсынады.

Поджарка

Вырезкадан немесе бұзау етінен немесе шошқа етінен 20г брусок формасында етті турап, қуырады, пассерленген пияз бен томат қосады.

Фри картобымен, қосымша гарнирлермен ұсынады.

Кавказша кәуап

Дәл карсша кәуап сияқты дайындалады.



Жаңа сабақты түсіндіру ұзақтығы: (20 минут)



Жаңа сабақты бекіту барысында қабілеті нашар білім алушылармен деңгейлеп саралап оқыту мақсатында рецептура жинағымен жұмыс жасалынады. Ол үшін үлестірмелік материалдар арқылы оларға сұрақ беріледі соны әр білім алушы 5 минут ішінде дайындалып есепті тақтаға шығарып көрсетеді. Сол бойынша оларға баға қойылады. Ұзақтығы (15 минут)



V.Қорытындылау кезеңі. Білім алушылардың қосымша сұрақтарына қайта тоқталып жауап беріп, сабақты қорытындылау (5 минут)



VΙ.Бағалау. Білім алушылар белсенділіктеріне, білімділіктеріне, қабілеттеріне қарап бағаланады. (5 минут)



Үйге тапсырма:

  1. Еттің тағамдық құндылығы және сапасына қойылатын талаптар

  2. Ірі, порционды, ұсақ кесекті еттен дайындалатын тағамдар ассортименті

  3. Табиғи және турама массаның айырмашылығы


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!