жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ: Етістік
Пән: қазақ тілі
|
Сабақтың тақырыбы: Қоршаған ортаны танып білемін. Етістік. (15-19 жаттығу) |
Күні: 04.04 |
||||||
|
СЫНЫП: 2 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
|||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
2.1.2.1 - мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау 2.2.3.1 - мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру 2.3.5.1 – жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзету 2.4.2.5* - дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/етістікті анықтау |
||||||
|
Сабақ нәтижесі: |
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
||||||
|
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
||||||
|
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
||||||
|
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Музыка, дүниетану, қазақ тілі. |
||||||
|
Сабақтың жоспары |
|||||||
|
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
|||||
|
Басталуы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері Үлкендер-сіз, Кішілер-біз, Баршаңызды құрметтеп, Бас иеміз біз Қызығушылықты ояту. «Кім жылдам?» Оқушылар сөздерді тыңдай отырып, жылдам зат есім мен етістік тіркестіріп айтулары керек. Дұрыс әрі көп сөз тіркесін айтқан оқушы жеңімпаз болады.
Сайрады, ит, жарқылдады, оқыды, гүл , көрді, жинады,жазды, жүгірді, ойнады.
-Зат есім дегеніміз не? Мысал келтір. -Жалқы және жалпы есім. -Дара және күрделі зат есім. -Етістік дегеніміз не? Мысалдар. -Сұрақтарға мысал келтіреді. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. |
Слайд |
|||||
|
Жаңа білім 10 минут |
Білу және түсіну Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Етістік Ереже. Заттардың қимылын, іс әрекетін
білдіретін сөздерді етістік
дейміз. Мәтінмен жұмыс. Мақсаты: Оқушының айтылым, тыңдалым, оқылым дағдыларын дамыту. №15. Мәтінді түсініп оқы. Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қой. Мәтіннің құрылымын анықта. Бұл әңгімелеу мәтіні ме, әлде сипаттау мәтіні ме? Дәлелде. |
Оқулық, мәтіндер. |
|||||
|
Ортасы 10 минут |
Қолдану Дәптермен жұмыс. №16. Жұмбақты көркем жазып, шешуін тап. Төбеден төнеді, Тамшысын төгеді. Сол кезде, ой, қаулап, Бәйшешек өнеді! №17 Оқы. Сыйлау, кездесу, ұялу, үркіту. Құрметтеу, жолығу, шошыту, кішірейу 18. Өздік жұмысы. Сұрақтардың орнына қажетті сөзді қойып, көшіріп жаз. (Кім) інісін киіндірді. (Кім) өзі киінді. |
Оқулық, түрлі-түсті маркерлер Топтық жұмысқа арналған ресурстар |
|||||
|
Сергіту сәті 2 минут |
Сергіту сәті. Қызыл гүлім -ай. |
Оқушылар би билеп сергіп қалады. |
|||||
|
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут |
Ой қорыту. «Орныңды тап» ойыны. Мұғалім шеңберде тұрған оқушыларға сөздер таратып береді. Әрбір оқушы берілген суреттер бойынша өз орынын табуы тиіс. 19-жаттығу. «Ауаның қасиеті» топтық жұмыс.
Топтық жұмыс. «Не
істейді?» ойыны. |
Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады. |
|||||
|
Бағалау Кері байланыс 3 минут |
«Білім ағашы» кері байланыс
|
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ағашқа жабыстырады. |
|||||
|
Үйге тапсырма: №19, 78-бетте. |
|||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||||
|
Сұрақтарға жауап беруге қиналатын оқушыларға бағыт бере отырып, жеке қолдау көрсету. Тірек сөздерді беру. |
Оқушылар жұптасып жұмыс жасаған уақытта түртіп алу арқылы бағалау. Жеке жауап бергенде комментарий беру арқылы бағалау. Оқушылардың жұмыс жасау барысын, іс-әрекетін бақылау арқылы бағалау. |
Белсенді тақтаны шектеулі уақытта пайдалану. Осы сабақта 7 минут қолдануды жоспарлаймын. |
|||||
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген