Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ фотоэффект 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке келген жас мамандарға,әріптестеріме осы тақырыпты өткен кезде осы сабақ жоспарын қолдануға боладықолд
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар

Мектеп: Жалпы білім беретін Оян орта «мектеп-бөбекжай-бақша» кешені

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Нурманова Алмагул Есеновна

Сынып: 9

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Фотоэффект

құбылысы


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.6.1.3-фотоэффект құбылысын сипаттау және фотоэффект құбылысының техникада пайдаланылуына мысалдар келтіру

9.6.1.4-фотоэффект үшін Эйнштейн формуласын есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты

- Фотоэффект құбылысын сипаттау

- Фотоэффект құбылысының техникада пайдаланылуына мысалдар келтіру

- Эйнштейн формуласын түрлендіріп,есептер шығаруда қолдану және тәжірибелік дәлелдемелер келтіру

Бағалау критерийі

Фотоэффект құбылысын сипаттайды

Фотоэффект құбылысының техникада пайдаланылуына мысалдар келтіреді

Эйнштейн формуласын түрлендіріп,есептер шығаруда қолданады және тәжірибелік дәлелдемелер келтіреді

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер.

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Толқындық-корпускулалық дуализм

Корпускулярно-волновый дуализм

Wave-corpuscular duality

Электронның шығу жұмысы

Работа выхода электрона

Electron liberation

фотоэффектінің қызыл шекарасы

Красная граница фотоэффекта

Photoelectric threshold

фотон

фотон

photon

Бөлімнің ұғымдары мен терминдерін түсінеді және қолданады. Физикалық терминдердің айтылым, жазылым,оқылымын үш тілділікте көрсету, оқушының есте сақтау қабілетін қалыптастыру.Эйнштейн формуласы, фотоэлемент, фотоэффектінің қызыл шекарасы

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Жарық екі жақтылығымен сипатталады: толқындық және бөлшектік, яғни фотондар ағыны ретінде көрінеді. Бұл құбылыс жарықтың толқындық-корпускулалық дуализмі деп аталады.

Құндылықтарға баулу





Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу

Оқушыларды жаһандық бәсекеге қабілетті кәсіби маман ретінде даярлау

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, іздену қабілеттерін арттыру. Өмір сапасын тұрақты жақсарту, оқушылардың шығармашылық және әлеуметтерін толықтай ашу кешені

Пәнаралық байланыс

Математика,тарих,химия, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерімен байланыстыра оқыту.

Алдыңғы білім



8 сынып.Физика. Электр құбылыстары тарауынан (электрон) ұғымын, разряд ұғымын (газдардағы электр тогы) тақырыбынан біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


1.Ұйымдастыру Оқушылармен сәлемдесіп түгендеймін. Барлығын ортаға шеңбер жасап тұрғызып, «Шаттық шеңбері» арқылы ынтымақтастық атмосферасын құрамын.Оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін айтып,бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

2.Үй тапсырмасын тексеру «Серпілген сауал» әдісі

Доп лақтыру арқылы оқушылар бір-біріне өткен сабақ бойынша сұрақ қойып, пысықтау жұмысы орындалады

Ширату сұрақтары

- Квант дегеніміз не?

- Планк қандай гипотеза ұсынған?

- Планк тұрақтысы неге тең?

- Фотон дегеніміз не?

Бағалау критерийі

Дескриптор

Квант,фотон ұғымдарын, Планк тұрақтысының сан мәнін біледі.Планк формуласын түрлендіріп, қолдана біледі

Квант,фотон ұғымдарының анықтамасын біледі Белгіленуімен формуласын,өлшем бірліктерін біледі

ҚБ: Оқушылар бір – бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім











Сабақтың ортасы


30 минут

«Болжау» әдісі фотоэффект тақырыбына бейнеролик көрсетіледі. Оқушыларға сұрақ қою арқылы диологқа тартамын.

  • Бұл бейнероликтегі осы сәттен не түсіндіңіздер?

  • Не туралы баяндалып тұр?

  • Жетекші сұрағына жауап беріп болжау жасайды

Бағалау критерийі

Дескриптор

Сабақтың тақырыбын болжай алады.

Сабақтың тақырыбын айтады



Одан кейін «Атом молекула» арқылы 3 топқа бөлемін.

1-топ Фотоэффект

2-топ Фотоэлемент туралы

3-топ Фотоэффектінің қолданылуы

Топтық жұмыс «Галерияны шарлау»әдісі бойынша мәтінді бөліп беру.

Оқушыларға нұсқау:Мәтінді мұқият оқып,келесі мәтіндерді оқып,ең соңында өз мәтініне барып,әр топ өз мәтіндерін түсіндіреді

I-топ Фотоэффект

Сәулелердің әсерінен электрондардың сұйық және қатты дене бетінен босап шығу құбылысын сыртқы фотоэлектрлік эффект деп атайды.

Жарық екі жақтылығымен сипатталады: толқындық және бөлшектік, яғни фотондар ағыны ретінде көрінеді. Бұл құбылыс жарықтың толқындық-корпускулалық дуализмі деп аталады.

Электронның металдан босап шығуы үшін оған берілетін ең аз энергияны электронның шығу жұмысы деп атайды.

Энергияның сақталу заңы бойынша жұтылған жарық фотонының hν энергиясы электронның шығу Ашығу жұмысына және оның кинетикалық энергиясына жұмсалады:

. Эйнштейн формуласы.

me-босап шыққан электронның массасы;

υ –оның жылдамдығы.

h- Планк тұрақтысы

Аш- электронның шығу жұмысы.

Фотоэффект құбылысы мына шарт орындалса ғана байқала бастайды:

hν0 Aшығу.

Электронның шығу жұмысы жарықтың жиілігіне немесе толқын ұзындығына ғана тәуелді.

Фотоэффект байқалатын жарықтың ең аз дегендегі жиілігін немес оған сәйкес келетін толқын ұзындығын фотоэффектінің қызыл шекарасы деп атайды.

II топ Фотоэлемент туралы

Фотоэффект құбылысына негізделіп жасалған құралды фотоэлемент дейді,ол техникада көптеп қолданылады.

Фотоэлементтің сыртқы түрі мен құрылысы:

А уасы сорып алынған шыны баллонның ішкі беті (сәуле түсетін саңылаудан басқасы) жарық сезгіш қабатпен қапталған.Бұл қабат катод (үзік сызықпен көрсетілген) қызметін,ал анод қызметін баллон ішіне бекітілген сым сақина атқарады.Анод тұрақты ток көзінің(батареяның) оң полюсімен,ал катод теріс полюсімен жалғасқан.Саңылаудан жарық түскенде, катод бетінен электрондар жұлынып шығып,анодқа қарай қозғалады да тізбекте ток пайда болады.Оны G сезгіш гальванометр көрсетеді.Сырттан жарық түспесе,электрондар ағыны тоқталады да, тізбектегі ток үзіледі.

Сонымен қатар фотоэлементтер өндірісті автоматтандыруда айрықша роль атқарады.Санағыш тетікті жұмысқа қосып отыратын фотоэлементтік реленің құрылысы:




Ф –фотоэлемент,

S –жарық көзі,

С –санағыш тетік,

А –саналатын бұйым, М-электромагнит

Фотоэлементтерде қолданатын реле (айырғыш) фотореле деп аталады.Суреттен көріп отырғанымыздай, А нәрсе сәуле жолына тап болғанда,тізбектегі ток үзіледі.Ал нәрсе сәуле жолынан өткен соң фотореле токты қайтадан қосып,санағыш тетік әрбір нәрсе сәуле жолынан өткен сайын оларды тіркеп,санақтан өткізіп отырады.

III топ Фотоэффектінің қолданылуы

Фотоэффект өндірісте,тұрмыстық техникада және ғарыш аппараттарында кең қолданылады.Оның дәстүрлі қолданылатын орындары фототелеграф(кескіндерді сым арқылы алысқа беру), теледидар және дыбысты кино болып табылады.Сонымен қатар фотоэлементтер өндірісті автоматтандыруда айрықша роль атқарады,адамдардың ешбір қатысынсыз,берілген сызбалар бойынша бөлшектер дайындап шығаратын станоктар жасауға мүмкіндік берді.Фотоэффектіге негізделген аспаптар бұйымдардың өлшемдерін кез келген адамнан артық бақылайды, дер кезінде шырақтарды және көшелерді жарықтандыру жүйесін іске қосады және сөндіреді.Қақпалар,шлагбаумдар автоматты түрде жабылады, апатты жағдайда қуатты престер тоқтайды. Осының бәрі жеткілікті түрде дамыған құрылғылар-фотоэлементтердің жасалып шығарылуының арқасында мүмкін болды,фотоэлементтердегі жарық энергиясы электр энергиясын басқарады немесе соған түрленеді.Фотоэффект құбылысының арқасында бейнелерді қашықтыққа тасымалдау мүмкін болып, телебейне пайда болды.Киноға дыбыс берілді, қозғалатын кескіндер алуға мүмкіндік туды.

  • Бұйымдардың өлшемін анықтау.

  • Маяктар мен көше шамдарының автоматты ажыратылып, қосылуы.

  • Зауыттардағы станоктарды автоматтандыру.

  • Метродағы «көретін» автоматтар.

  • Күн батареялары (ғарышкемелерде)



ҚБ: «Екі жұлдыз,бір ұсыныс»

Дескриптор:

- Фотоэффекті туралы түсінік алады;

- Фотоэлемент туралы түсінік қалыптастырады;

-Фотоэффекттінің қолданылу аймағын анықтайды;


ІІ Жұптық жұмыс (Сәйкестендіру)


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2020
494
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12