Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Фотоэффект құбылысы" 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қоныс орта жалпы білім беретін мектебі









Ашық сабақтың тақырыбы:«Фотоэффект. Фотоэффектіні қолдану. Фотон»


Shape1


Өткізген: пән мұғалімі Сейтова Ж.А







2017 – 2018 оқу жылы

Күні:07.12.17

Пәні:физика

Класы: 11

Сабақтың тақырыбы: Фотоэффект. Фотоэффектіні қолдану. Фотон

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға фотоэффект, фотон ұғымдары мен оның заңдарын меңгерту, фотоэффект құбылысын тәжірибе жүзінде алғаш зерттеген А.Г.Столетовтің ғылыми еңбегін таныстыру. Оқушылардың ойлауын дамыту, жаңа әдістер арқылы пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың зейінін, жауапкершілік сезімін, физика пәнін қызығушылықпен оқуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Оқыту технологиясы, әдістері: «Мен кіммін?» ойыны, «Таза тақта» әдісі, сызықтық диктант, есептер әлемі, «Крестиктер мен нөлдіктер» ойыны, «Бес жолдық өлең» әдісі

Оқыту құралдары мен көрнекіліктер: слайд, флипчарт

Сабақтың пәнаралық байланысы: математика, информатика, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгелдеу.

І. Қызығушылықтарын ояту

«Мен кіммін?» ойыны

1.Мен абсолют қара дененің спектріндегі энергияның таралу заңын алғаш рет 1900 ж. аштым. Энергия денеден кванттар түрінде шығады деген жорамал енгіздім. 6,626*10-34Дж*с тұрақтысын аштым. Кванттық теорияның негізін салушымын. Ұлтым – неміс. Менің аты-жөнім кім? (Макс Планк)

2. Мен Нобель сыйлығының иегерімін. Ұлтым – еврей. Еңбектерім арнайы салыстырмалылық теориясы, жылу сыйымдылығы және фотоэффект кванттық  теориясының негiзін салушымын. Менің аты-жөнім кім? (Альберт Эйнштейн)

Осы екі ғалым арқылы екі топқа бөлінеді.
«Таза тақта» әдісі

  1. Абсолют қара дене деп нені айтады?

  2. ...... .... ...... деп дененің жұтқан энергия ағынының оған түскен сәулелік энергия ағынына қатынасына тең шаманы айтады.

  3. Винның ығысу заңы?

  4. h=6.626*10-34 Дж*с?

  5. Винның тұрақтысы нешеге тең?

  6. 5,67*10-8 Вт/м24

  7. Қандай құралдың көмегімен денелердің инфрақызыл сәулелерін көруге болады?

  8. E=h*v - бұл қандай энергия?

  9. Абсолют қара дененің сәулеленуінің спектрлік заңдылықтарын алғаш рет теориялық түрде дұрыс негіздеген ғалым?

  10. Медицинада адам ағзасындағы қабыну, ісіктер немесе қан айналуының бұзылуы сияқты ауруларды тауып емдейтін физикалық әдіс қалай аталады?

  11. Денелерді электрондармен атқылаудың нәтижесі?

  12. Люминесценция түрлері?

  13. Табиғи люминесценцияларға нелер жатады?

  14. .................. деп берілген температурада жылулық сәулелер шығарудан басым және жарық шығару ұзақтығы жарық тербелістерінің периодынан ұзақ болатын тепе-теңдік емес сәулеленуді айтады

  15. Люминесценциялық сәулеленудің толқын ұзындығы әрқашан оны тудырған жарық толқынының ұзындығынан артық болады. Бұл қандай ереже?

ІІ. Мағынаны тану

«Сиқырлы сандықша»

Балалар мына сиқырлы сандықшаның ішіндегі сөздерді алып оқимын сіздер оларды жазып алтыншы әріптерін түртіп отырыңдар.

Интерференция, Томпсон, вибратор, астероид, Галилей, трансформатор, ионосфера, Эйнштейн, дифракция, Столетов.

Қандай сөз шықты?

Фотоэффект фото – грек сөзінен аударғанда - жарық, эффект латын сөзінен аударғанда - әсер деген мағынаны білдіреді.

Фотоэффект-сәулелердің әсерінен электрондардың сұйық және қатты дене бетінен босап шығу құбылысын сыртқы фотоэлектрлік эффект немесе фотоэффект деп атайды.

Фотоэффект құбылысын тәжірибе жүзінде алғаш зерттеп, заңдылықтарын тағайындаған орыс ғалымы А.Г.Столетов.

Фотоэффект құбылысын түсіндіру жолын А.Эйнштейн тапты. Ол фотоэффект құбылысын түсіндіру үшін жарықтың бөлшектік әрі кванттық қасиетіне сүйенді. Жарық екіжақтылығымен сипатталады: біріншісінде, ол толқындық жағынан танылса, екінші жолы бөлшек (корпускула), яғни Эйнштейн сөзімен айтқанда фотондар ағыны ретінде көрінеді. Бұл құбылыс жарықтың толқындық -корпускулалық дуализмі (екі жақтылығы) деп аталады

Электронның металдан босап шығуы үшін жасайтын жұмысын электронның шығу жұмысы деп атайды. Энергияның сақталу заңы бойынша жұтылған жарық фотонының hν энергиясы электронның Ашығу жұмысына және оның Ek=meυ²/2 кинетикалық энергиясына жұмсалады.

Эйнштейн формуласы hνш + meυ²/2. Фотоэффект құбылысы мына шарт орындалса ғана байқала бастайды: hν0» Aшығу. Фотоэффект байқалатын жарықтың ең аз дегендегі жиілігін немесе оған сәйкес келетін толқын ұзындығын фотоэффекттің қызыл шекарасы деп атайды. Мысалы, мырыш үшін жарық толқынының ұзындығы (қызыл шекарасы)-370 мкм, калий-450 мкм, натрий-680 мкм.

Фотоэффект құбылысына негізделіп жасалған құралды фотоэлемент деп атайды. Ол катод, анод және саңылаудан тұрады.

Фотоэффект құбылысын техникада қолдану

  • Киноның дыбысы шықты және қозғалатын бейнелерді тасымалдауға;

  • Буындардың пішін бақылауға;

  • Көшедегі жарық көздердің автоматтық қосылу және айырылуына;

  • Күн батареялар”

  • Ұсақ заттарды автоматты түрде санауға мүмкіндік болды.

Фотон – электромагниттік сәулелену кванттары немесе энергиясы hv болатын элементар бөлшек. Фотонның тыныштық күйдегі массасы нөлге тең.

Фотон импульсі – Р P=h/λ [P]=1кг*м/с

Планк тұрақтысын ћ=h/2п= 1,05*10-34Дж*с алуғада болады.

P=ћ*k k – толқындық сан Фотон массасы

m=hv/c2

Фотон импульсінің бағыты жарықтың таралу бағытымен бірдей


Сызықтық диктант

Дұрыс болсы + белгісімен, ал қате болса – белгісімен белгілейді

1. Жарықтың әсерінен электрондардың сұйық және қатты дене бетінен босап шығу құбылысын фотоэффект деп атайды.

2. Фотоэффект заңдарын тәжірибелер арқылы алғаш шығарған орыс ғалымы–Р.Э.Милликен

3. Жарықтың кванттық теориясын шығарған және фотоэффект құбылысын түсіндірген ғалым А.Г.Столетов

4. Электронның металдан босап, ұшып шығуы үшін жасайтын жұмысын электронның шығу жұмысы деп атайды.

5. Фотоэффект негізінде жасалған құралдар фотоэлемент деп аталады.

6.Жарықтануды өлшейтін құрал – фотоэлектрлік экспонометр.

7.Электромагниттік сәулелену кванттарын фотодар деп аталады.

8.Фотон импульсінің бағыты жарықтың таралу бағытына қарама –қарсы.


Есептер әлемі

1.Фотоэффектінің қызыл шекарасы λ═500нм болса, электрондардың натрийден шығу жұмысы қандай?

2. Калий үшін электронның шығу жұмысы 3*10-19 Дж. Калий үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы қандай?

3. Фотонның энергиясы Е=3,2*10-19Дж. Оған қандай толқын ұзындығы сәйкес?

4. Импульсі р=2,5*10-22кг*м/с болатын фотонның жиілігі қандай?


«Крестиктер-нөлдіктер» ойыны

Екі топ болып ойнайды, ол үшін тор сызылады.Әрбір торда тапсырмасы бар карточка жатады (карточка тапсырмамен төмен аударылған). Тапсырмалар әр түрлі формада болуы мүмкін: формула, сұрақтар т.с.с. Торға «х немесе 0»-ді қойғысы келген топ карточкада жасырылған тапсырманы орындауы тиіс. Егер топ тапсырманы дұрыс орындаса, онда таңдалған торға «0»-ді, қателескен болса «х»-ті қояды.

10

10

10

20

20

20

30

30

30


10-сұрақтары:

1.Фотонның тыныштық массасы неге тең?

2. Энергиясы hv болатын элементар бөлшек?

3. Шығу жұмысының өлшем бірлігі?


20-сұрақтары:

1.Эйнштейн формуласы?

2.Фотонның импулсінің формуласы?

3.Фотонның массасын өрнектейтін формула?


20-сұрақтары:

1.Сәулеленудің әсерінен жартылай өткізгіштегі еркін зарядтар концентрациясының арту құбылысы?

2. Фото мен кино түсіруде экспозиция уақытын өлшейтін құрал?

3. Ұсақ денелерді санау үшін қолданылатын құрал?


ІІІ. Ой толғаныс

«Бес жолды өлең» әдісі

Бес жолды өлең,яғни фотоэффект туралы сөз таптарын пайдаланып,сөйлем құрау керек.

1.Зат есім-не? Фотоэффект

2.Сын есім-қандай құбылыс?

3.Етістік-не істейді?

4..Сөйлем.Осы сұрақтарға жауап бере отырып,соңында бір сөйлем,яғни фотоэффектінің ережесін шығарады.

5.Тақырыптың синонимі?

Рефлексиялық нысана

Shape2

Тақтаға нысананың суреті салынады, ол төрт секторға бөлінеді. Сектордың әрқайсысына параметрлер-қалыптасқан әрекеттің рефлексия мәселелері жазылады. Оқушы нәтижені бағалауға сәйкес секторларға белгі қояды: нысана орталығына жақын болса, баға ондыққа жақын, нысана шеттерінде баға кеми береді.

V. Бағалау

VІ. Үй тапсырмасы: §6.4,6.5,6.6 №27.3,28.4


Қоныс орта жалпы білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі Сейтова Жанардың ашық сабағына рефлексиялық талдауы



 «Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.

    Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты.

   Мен 7.12 күні мектептегі тәжірибе кезінде «Фотоэффект, фотоэффектіні қолдану.Фотон» атты тақырыбында 11 сыныпқа физика  пәні бойынша сабақ өткіздім. Мақсатым: оқушыларға фотоэффект, фотон ұғымдары мен оның заңдарын меңгерту, фотоэффект құбылысын тәжірибе жүзінде алғаш зерттеген А.Г.Столетовтің ғылыми еңбегін таныстыру. Оқушылардың ойлауын дамыту, жаңа әдістер арқылы пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың зейінін, жауапкершілік сезімін, физика пәнін қызығушылықпен оқуға тәрбиелеу. Сабағымның ұйымдастыру бөлімінде сыныпта «Мен кіммін?» ойынын ойнатып, тапқан ғалымдары арқылы екі топқа бөлдім. Бірінші топ «Планк», екінші топ «Эйнштейн» болды. «Таза тақта» әдісі арқылы екі топты жарыстырып үй тапсырмасын тексердім. Бұл әдісте оқушылар сұраққа жауап беру арқылы тақтаны тазартып отырдық.Бұл әдісім ойдағыдай шыққан жоқ, себебі оқушылар үй тапсырмасына дайындалып келмеген, көп сұраққа Сағынтай Айым мен Қадеров Бекзат жауап беріп отырды. Сабақтың жаңа тақырыбын ашу мақсатында «Сиқырлы сандықша» деген ойын ұйымдастырдым, сандықтың ішіне физика пәніне байланысты он сөз оқыдым, оқушыларға сол оқыған сөздердің тек алтыншы әріптерін жаздырып отырдым, соңында «фотоэффект» деген сөз шықты. Сол сөзден тақырыпты ашып жаңа сабақты көрсетілім арқылы түсіндірдім. Сабақты түсіндіріп болғаннан кейін «Сызықтық диктант» әдісі арқылы оқушылармен жеке жұмыс жүргіздім, бұл әдісте оқушылар жаңа тақырып бойынша жазылған мәліметтің дұрыс не қате екенін табу керек. Содан кейін есептер әлемінде екі оқушы жұптасып берілген есепті шешу болды. Нәтижесі Сағынтай А мен Сағатов С есепті бірінші шығарып болды, екінші жұп Нәсіпқалиев А мен Хадеров Б, үшінші жұп Уахитов Е мен Есеналиев Ж есепті шешуде кідіріп қалды. Жаңа сабақты бекіту мақсатында «Крестиктер-нөлдіктер» ойынын ойнаттым, шарты мынадай: екі топ болып жарысады, екі топқа әр түсті маркер беріледі, ол үшін тор сызылады 10,20,30 ұяшықтардың сұрақтары беріледі. Егер сұрақ дұрыс болса «0»-ді, қате болса «х»-ті белгілеп отырады. Кімдерде бірінші үш ұяшықтары бірдей болса, сол топ жеңіске жетеді. Қорытындысы бойынша бізде «Планк» командасы жеңіске жетті, ой толғаныс ретінде «Бес жолдық өлең» әдісін алдым, шарты: осы жаңа тақырып бойынша кез келген бір сөзді алып, оны 1.Зат есім 2.Сын есім 3.Етістік 4.Сөйлем құрап 5.Сол сөздің синонимін табу керек болатын. Нәтижесі фотоэффект пен Эйнштейн сөздеріне құрылған. Сабақтың соңында рефлексияға «Рефлексиялық нысананы» алдым. Ол үшін флипчартқа нысананың суретін дайындап әкелдім, ол төрт секторға бөлінген. Әр секторына рефлексия мәселелері жазылды, олар: белсене қатыстым, қызықты болды, түсініксіз болды, жаңа мағлұмат алдым деген және олардың қастарында балы орналасты 1-5 балға дейін, нәтижесі көп жиналған сектор «қызықты болды» деген. Сабақтың соңында Сағынтай А, Сағатов С,Қадеров Б «4»-тік бағамен, Уахитов Е, Есеналиев Ж және Нәсіпқалиев А «3»-тік бағамен бағаланды.

Сәтті жағы оқушылар топқа бөлінуі, жеке, жұптық және топта бірлесіп жұмыс жасауы, берілген әдіс-тәсілдердің тиімді пайдаланылуы, рефлексиялық нысананың балдық жүйемен алынуы. Сәтсіз жағы уақыттың жетіспеушілігі, үй тапсырмасына дайындалып келмеуі, сабаққа белсене қатыспауы және үй тапсырмасын берілмей қалуы.

Осындай жаңаша құрылған сабақтар өткізе отырып, оқушылардың білім сапасының артуына, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер арқылы оқушылардың өз беттерімен ізденуіне, ой-бөлісуіне, ең бастысы, еліміздің дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой - пікірі бар жан - жақты дамыған, білімді де, білікті тұлғаны жеке тұлға қалыптасуына өз септігімізді тигізе аламыз деп айтқым келеді. Жаңа тәсілдерді өз сабақтарымда пайдаланып, қолданып өткізіп отыратыныма сенімдімін осы бағдарлама мазмұнына сай, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін пайдалансам, игі нәтижеге жетері сөзсіз.


Пән мұғалімі: Сейтова Ж.А




































Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету стратегияларын сабақ барысында қолдану жаңа материалдағы оқиға мен құбылыстарды оқушылардың өздері байқап, талдауына жағдай жасайды. Демек, білім оқушыларға даяр күйінде берілмейді, баланың ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы беріледі. Оқушылар жаңа білім бойынша өз жобалары, болжамдарын тыңдап, талқылауды үйренеді, яғни мұны оқушылардың тапсырманы орындау барысында белгілі бір шешім қабылдауда сыни тұрғыда ойланып, әрекет етуі деп түсінемін. Баланың өз бетімен ізденуге деген талпынысы, ынтасы, белсенділігі артады, сондықтан бала әрі қарай тақырыпты өз бетімен ізденіп, табады және өз ойын жетілдіреді. Жазу кезінде бала санасында ғажайып ойлар пайда болады, ол ойын жарыққа шығарады, өзгенің сөзін тыңдау арқылы өзінің өзгеге құрметін көрсетеді және өзін өзгенің тыңдауына, сыйлауына жол ашады. Әр оқушы өз ойына шек келтірмей жауап беруге дағдыланады. Менің бұл модульді алған себебім, болашақ ұрпақтың кез - келген қоғамда, кез -келген жағдайда өзін-өзі алып шығатындай дәрежеге жеткізу. Аталған сабақтарымда бағалау критерийлерін күрделі етіп алу, кей топтарда тапсырмалардың толық орындалмауы сияқты қателіктер кетті. Көрсетілген қателіктерді болдырмау үшін болашақта мен бағалау критерийлерін балалармен бірлесе жасаймын, толық орындалмаған тапсырманы орындауға белгілі бір уақыт аралығында бірлесіп талқылауды ұсынамын. Сабағымда оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін шыңдау мақсатында диалогтың түрлерін қолдана алуды шыңдау қажет. Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлануын қалыптастыратын сұрақтар түрлерін енгізуім шарт. Сыни ойлау қабілеттерін шыңдау барлық мұғалімдердің құзырында деп білемін. Сондықтан да алдағы жұмыс барысында сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде оқушылардың сыни ойлана бағалауын дамытуым қажет. Сонымен қатар, сапалы және табысты оқыту барысында оқушылардың жағдай жасау, ұтқырлығын тиімді пайдалануға, бір-біріміздің тәжірибемізбен бөлісіп, алдағы уақытта да бағдарламаның негізгі идеясы 7 модульді кіріктіре отырып сабағымызда білім дәрежесін жоғарлатуға, оқушылардың өз бетімен оқуына көмегі зор деп ойлаймын.Сонымен, барлық жеті модульдің бір-бірімен тығыз байланысты екеніне көзіміз жетіп отыр. Заманауи білім беруге жаңаша өзгеріс енгізуде ұсынылып отырған әдіс-тәсілдердің пайдасы мол екенін ескеру керек. 









     Оқу тәжірибесіне «субъект- субъект» қатынастың енгізілуі оқушы мен мұғалім арасында сенім мен ынтымақты нығайты. Енді мен оқушыларыма бұрынғыдай тек механикалық түрде білім алушылар ретінде қарамай, керісінше сыныбымда жағымды қарым-қатынас, жылы әрекет, бір-біріне көмек, құрмет, сенім орнатуға тырыстым. Балалардың қызығушылығын ояту үшін және сабақ басында өзін-өзі реттеу үшін  сабағымды «Мен-сіздер» психологиялық тренингтен бастадым. Мұнда «Екі аяқ не  үшін керек?» деген сұраққа оқушыларым «Шетте жүрсен туған  жерге жету үшін керек», деп жауап берді. Сонда бұл тренингті өткізудегі мақсатым- балалардың ойын сабақ тақырыбымен  байланыстыру,  «Бабалар өмірі- ұрпаққа өнеге» атты бөлімнің  мазмұның тереңірек ашу. Сонымен қатар тез, жылдам оқу  дағдыларын дамыту, сабақтың басында барлық назарларын оқуға  аударту, жинақылыққа  машықтандыру.  Осы жұмысты жүргізу барысында балалар оқуға дайын, білем деген ынтасы жоғары екенін байқадым. Мұғалім ынтымақтастық атмосфераның қалыптасуына көшбасшылық жасап  бағыттап отырса, тұлғаның  бойындағы бар қасиеттерін зерттеуде көп жетістіктерге жетумен қатар нәтижесі де мол болмақ деп ойлаймын. Сондықтан еліміздің ертеңі  бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпаққа дұрыс бағыт  беру  ұстаз  біздің  абройлы  міндетіміз  екенін  естен  шығармау бүгінгі күннің басты мақсаты.  (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 29 бет). 

   Қару мен батырлардың суреттерін таңдап алу арқылы екі топқа бөлінді. Осы жерде орындарына кім тез орналасса сол топ «тамаша» смайлигіне ие болады дегенді айтқанда «қарулар» тобы оқу құралдарын дайындап «Алақан- алақанда» әдісімен тез-ақ көрсете қойды. Бұл жерде де мен балаларды өзін-өзі реттеуін және  оларда ынтымақтастық  атмосферасы  бұрынғысынан да  тереңдеп  , бір-біріне деген мейірімділік, қайырымдылық  сезімдері одан   әрі  жанданды. Көп сөйлемейтін тұйық оқушылардың  тасада қалып қоятын оқушы болмай барлығы да жұмыс жасап ынтымақтастық атмосферада қалыптасты.  Жоспарланған шараларда  оқушылар арасында  қызығушылық   тудырған мәселелер  туындаған сайын мен  өзім берген  бағытым  тұлға  бойына  тереңірек  толғандыратын   дұрыс, маңызды  әрекет  деп  түсіндім. Себебі  ол  өзіне деген сенімі тапсырма  барысында   іздемпаздығы, қырағылығы,  шығармашылығы, сөйлеу  және  ойлау  қабілеті  қалыптасады.

  Педагогикалық тәжірибемді саралай келе сыныбымда ынтымақтастықты  орнату үшін педагогикалық стратегияларды тиімді таңдап оқу және оқыту барысында пайдалану қажет деген ойды түйдім.Ынтымақтастық педагогика- да  бірнеше бағытты  өзіме бөліп алдым.  

       Маған барлығынан жақыны  жеке- адамгершілік тіл табу идеялары.

Тұлғаны тәрбиелеу үшін, оқу-тәрбиелеу үдерісті жаңаша жеке бағыттау үшін бала -  адами тұлға, бала-  жеке қабілеттер мен қасиеттерге ие, тұлғаның басым сапалары – махаббат, мейірім, сана, азаматшылық, көңіл, жақсылық  және т.б). Педагогикалық қатынастың адамгершілігі (педагогикалық балажандық, балаға оптимистік сенім, міндеріне шыдамдылық, басымдық салмақты стимуляция).Баламен  қатынасты демократиялануы  (Бала құқығы конвенцияның  сақталуы).Қыспақтан бас тарту (қыспақты жылы көңілмен ауыстыру, дербестікке және өнерпаздыққа ұтыс тігу, ұжым арқылы  жанама талаптарды пайдалану).Жеке тіл табу (оқытуды  орташа  оқушыға бағыттамай, тұлғаның пайдалы ,ұтымды сапаларын іздеу, психолого-педагогикалық  диагностиканы қолдану,жүргізу).«Мен» тұжырымдамасын құру  (Мен ұнаймын, Мен алғырмын,  Менің қолымнан келеді, Мен -пайдалымын). 

     Мен  өз  сыныбымда ынтымақтастық  атмосфераны  қалыптастыру  үшін  балаларымды басқа мектептерде  осы бағытта қалай жұмыс істейтінімен таныстырдым. Оларға қатты ұнады, себебі олар бір-біріне көмектесу, тен болу, ролдерді бөліп алу, бір-бірін бағалау сияқты жұмыстар оларға ұнайтының айтты. Содан бірігіп отырып біз топ ережелерін шығарып алдық. Бұны мен «жаңаша» оқудан жалығып кетпесін деген мақсатпен ұйымдастыр-дым.  Топтағы серіктеспен сыпайы жіне жайдарлы аралас, кез келген кластасымен жұмыс істеуге дайын бол, топта жауапкершілікті тек өзіне ғана емес, басқаларға да сезін, топтағы бірлескен  жұмыс жауапты  және тиянақты еңбек екенің ұмытпа.  «Үш болмайды»-ны бұзба. Олар,

- "Барлығы айтылды" деп айтуға болмайды; 

- Топқа өзінің пікірінді  хабарлаудан   тартынуға  болмайды ( көрінген сылтау  айтып);   

- Өз ойынды айтқанда  өзінің жаман көңіл-күйінді көрсетуге болмайды.

   Осы алдын –ала жұмыстарының  нәтижесі сабақ басында да көрініп көзге түсіп жатты.

   Сабақта оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруі,  пікір алмасуы диалогпен жүзеге асты. Топтық әдісті қолданғанда  оқушылардың бір- бірімен ақылдасуы, оны  топтан біреуінің шығып  айтуы, ал  болжау әдісін қолданғанда оқушылардың мәтінде не туралы жазылуы мүмкін екендігі туралы өз ойларын да диалог арқылы көрсете білді. Себебі мен сабақтарымды диалог құру арқылы жүргіздім. «Мұхтар Әуезов» атты кластер толтырып, екі топ бір-бірімен алмастырып , қателерін тауып жатты. Бір-біріне сұрақтар қойып, өз ойларын еркін дәлелдеуге тырысты. Бірақ, бұл жұмыста  нашар оқитын оқушылар тапсырманы орындауды жақсы оқитын оқушыларға итермелеп отырды. Ал бағалауға келгенде өздеріне жоғары баға қойғандарын байқадым.

  Бастауыш класс оқушылары сурет салуды қатты ұнатады. Үйге «Әбілмансұр» мәтіні бойынша сурет салу берілді. Ол суреттерді көрсету және мәтіннің қай жерін бейнелегенін түсіндіруін  «сыртқы және ішкі шеңбер» әдісі арқылы тексерілді. Ішкі шеңберде орналасқан оқушылар орындарын ауыстырып, айтқандарын басқа балаларға  айтқандарын толықтырып отырғаның байқадым. Жұмыс аяқталған соң оқушыларға «Кімнің суреті сендерге ұнады?» деп сұрақ қойғанда жас ерекшеліктеріне сәйкес Лана мен Жанель деген оқушым  «Өзімдікі» деп жауап берді. Ал бірін-бірі бағалағанда да қалған оқушылар жоғары смайликті осы балаларға берді.

   Өткен  сабақтағы білімді  тексеруге «Карта ойнау» әдісін пайдаландым. Бұл жерде оқуы төмен  3 оқушымды ортаға шығарып «Сабалақ, Әбілмансұр, Абылай» сөздері жазылған  парақшаларды басына кигізіп класс оқушылары қимыл арқылы оларға түсіндірулері керек болды. Ал тақтаға шыққан оқушылар олардың қимылдарын қарап  басында жазылып тұрған мәселерді табу керек болды. Бұл жаңа тәсіл  арқылы оқытуда білім дайын күйінде берілмейді, ол тек белсенді әрекеттер арқылы ғана игеріледі, оқушылар өзара қоян- қолтық қарым -қатынаста болып, бірлесе әрекет жасады. Оқушы сыни  тұрғыдан ойлана бастады, өзіме де  сыни тұрғыдан ойлауым керектігін түсіндім. Сабақта оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруі,  пікір алмасуы диалогпен жүзеге асты.   

   Топтық әдісті қолданғанда  оқушылардың бір- бірімен ақылдасуы, оны  топтан біреуінің шығып  айтуы, ал  болжау әдісін қолданғанда оқушылардың мәтінде не туралы жазылуы мүмкін екендігі туралы өз ойларын да диалог арқылы көрсете білді. Себебі мен сабақтарымды диалог құру арқылы жүргіздім. Оқушыда сабаққа деген қызығушылық пайда болды. Талдау барысында тақырып төңірегінен шыға алды. Өз ойын, пікірін айтып атсалысты. Онда оқушының ойын ұштаудағы, тиімді білім берудегі және құзыретті тұлға қалыптастырудағы тиімді тәсіл. Себебі диалог мынадай қарым-қатынасты негіздейді: «мұғалім мен оқушы» және «оқушы мен оқушы», «мұғалім мен класс», «оқушы мен класс». Бұл үрдіс менің бұрынғы сабақтарымда да орын алған. Алайда өткізген дәстүрлі сабақтарымда үстіртін ғана сұрақ-жауап ретінде  жүріп отырғанына көзім жетті. Өйткені оқушылар «иә» немесе «жоқ» деген жауаптар арқылы қысқа жауап беріп отырды. Себебі диалогті бұлай қолдану оқушының терең ойлауына,  алған білімін талдап, сараптауына мүмкіндік бермегенін түсіндім.  Егер оқушы ортада өз пікірін еркін жеткізе алмаса, ол білімін толықтырып, жетілдіре алмайды.        Сондықтан диалогтік қарым-қатынас жоғары деңгейде болу керек.  Балаларға бір слайдқа қазақтың батырларының есімдерін жазып көрсеттім. Соның ішінде Райымбек деген сөзді қызыл түспен ерекшелеп жаздым. Олар «Фото- қөз»  әдісі бойынша оларды көзбен суретке түсіріп, еске түсіргендерін  айту керек. Оқушыларым естеріне түскен есімдерді айтып жатты. Мен олардан «Осы сөздердің ішінде ерекше көзге түскен сөз бар ма?» деген сұрақ қойдым.

     Сонда орташа оқитын Қуат Ұлан  Райымбек батыр деген сөз қызыл түспен жазылғаның айтып, сабақ тақырыбын және мақсатын анықтап алдық.      Райыбектің суретін көрсетіп «Бұл суреттегі адам туралы не айта аласыңдар?» деген сұрақ қойдым. Егер оқушы ортада өз пікірін еркін жеткізе алмаса, ол білімін толықтырып, жетілдіре алмайды.  Сондықтан диалогтік қарым-қатынас жоғары деңгейде болу керек.Осы мақсатта диалогті жаңаша қырынан қарап, алғашқы  бетпе- бетте алған білімімді жинақтап, талдай отырып түрлендіре отырып сабақтарымда қолдандым.

  Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта айтылғандай  Александер `(2004) оқытудағы әңгімелесу – қарым- қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар және мұғалімдер нәтижеге жету үшін күш- жігер жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады,  ол бірлескен зерттеу барысында анықталады. Топтық әңгіме оқушыларға топтық тапсырма беру барысында жүзеге асты. Топтағы оқушылар берілген тапсырманы ақылдаса отырып талқылап, ортақ шешімге келді. Бұл тәсіл сыныптағы баяу, енжер оқушының сабаққа қатысуына жол ашты. Себебі ол достарымен бір топта жұмыс істеп, сұхбаттасты. Тапсырмаларды орындап белсенділік танытты. Топ жұмысына үлес қосып, бір қырынан көрінді.

    Зерттеушілік әңгімеде оқушыларға сыни тұрғыда ойлауға тапсырма берілгенде топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылды. Сабақ барысында тақырыпқа байланысты пікір айтып, талқылай алды.

   Ғалымдардың зерттеуі бойынша нәтижелер дәлелдегендей, сабақта диалогтің орны бөлек.  Оқушылар осы әдіс арқылы сабаққа қызығушылықпен қатысатын болды.  Оқытудың қай технологиясымен жұмыс жүргізсем де диалогтік  тапсырмаларды қамтуға тырыстым.  Жұптық және топтық жұмыстарды міндетті түрде жүргізіліп отырды. Мысалыосы  сабағымда «Оқып-оқытамын» әдісін қолдану арқылы оқушылардың арасында диалог өрбіді. Бұл әдістің тиімділігі оқушы өзі оқып, өзгеге де түсіндіре білуінде болды. Бұл әдісте оқушының тілі дамиды, сөздік қоры молаяды және қорытынды тұжырымды ой айта алатындығында болды. «Оқып –оқытамын»  әдісін қолданғанда оқушыда қызығушылық пайда болды. Сол әдістегі бөлінген қызмет түрлеріне қызығып, мәтінді өздері оқып  түсінгендерін білмей де қалды.  Мәтіннің мазмұнын түсінбей қалды деген оқушы болмады, бірақ сабақ барысында топтағы енжар, баяу оқушылардың өзі соңғы бақылаушының айтқанынан түсінгенін айтып жатты. Бүркітпай Арман топтық жұмыс кезінде сабаққа қатыспай отырғанының салдарынан түсінбегенін байқатты. Бірақ соңғы бақылаушының айтқандарынан ұққанын айтып қуанып жатты.

  Ой толғаныс – сабақты қорытындылау кезеңі. Осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін үйренеді. Мысалы, бұл жерде балалардың түсінгенін бақылау мақсатында «Спринт-оқу» әдісін пайдаландым. Мұнда әр балаға сұрақ беріліп, олар көзбен оқу арқылы белгілі уақыт ішінде өз сұрақтарына жауап табу керек болды.Өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, түйгендерін анықтайды. Бұл әдістің нәтижесі көп.  Ой – пікірін ашық, еркін айтты, бір-бірінің сабақ барысында қателіктерін түзеді. 

  Ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды тиімді пайдалану мақсатында сабақ барысында барлық ақпаратты презентациялар арқылы көрсеттім. Яғни, ақпараттық технологиялардың білім беруде маңызы зор. Өйткені ол оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді. Бұл баланың ой өрісін кеңейтіп қана қоймайды, білім деңгейін көтеруге үлкен үлесін қосады.

   Ізденуші мұғалім бала бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, ары қарай өз бетінше дамыта түсуіне жағдай туғызуы керек, көмектесуі қажет. Бұл үшін, әрине ұстаздың өзі де өзгеруі, яғни дәстүрлі оқытудың таптаулары сүрлеуінен арылуы тиіс. Осылайша оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны жөн. Мұғалім  шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, «оқи алуға үйрету керек». Дарынды және талантты балаларды оқытуда сабағымда «Автор орындығы» тәсілін қоландым. Мұнда  «қонаққа» келген Райымбек батырға оқушы өз ойын айтты.  Сонда бұл оқушылар қазірден бастап өз ойын сенімді  жеткізе алады, қай тапсырма болсада белсене қатысып, оны орындау үшін алгоритм құрып қасындағы барлығын сол іске жұмылдыра алатынына көз жеткіздім.

   Сабақтарымды жоспарлаған кезінде оқушыларымды бағалау әдістерін көп іздедім және ойландым. Содан өзіме тәжірибе кезінде негізгісі болып «Смайликтер» арқылы бағалауды алдым.  Танымдық белсенділік көрсеткен үшін оқушы ой әрекетінің көлеміне және терендігіне  қарай лайықты  смайлигін  алады.(1- 5 ұпайға дейін).  Жинаған смайликтер "жалақы"  ақырында дербес өмір бастайды. Оқушы оны сарапталған ұпайдың жиынтығын бағаға  айырбастай алады, жинақтау үшін сақтай алады, айырбастай алады,  сыйлай алады   т.б. Біріқ ,тек қана баланың жауабын ескеру менің мақсатым болған жоқ, керісінше дәстүрлі  оқытуда көбінесе ұмытылып қалатын психологиялық  заңдарды жұмыс істеткім келді.

  Біріншіден, бағаны заттай сезіну, смайликті алу, оның құнын білу.

  Екіншіден, баланың әрекетін еркін қылу,баға алуға  қызығушылықты ояту. Ол үшін 1 ұпай- жарайсың, 2 ұпай – тамаша, 3ұпай –бәрекелді, 4 ұпай – озатсың, 5 ұпай – 5 есе жарайсың !!! Балаларда дұрыс емес жауап берем деген, дұрыс емес әрекет жасаймын, дұрыс емес қимылдаймын деген  қорқыныш кете бастады.

Үшіншіден, байқалмаған қол мен жауап қысқартылды, балалар белсенділік таныта бастады. Мұғалімнің уақыты да үнемделе бастады: журналға аландау қажеттілігі, әділдігі  жоғарлады. Ал бастысы бұл өлшемдер баланы білімге ынталандырады. Балаларды ойы үшін немесе ойды айтуға даярлығы үшін, білімге немесе білімді көрсету үшін бағалауға болады. Мысалы, сабақтағы бірінші жауапты бағаладым , ол дұрыс болса да, дұрыс болмаса да. 

    Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу сіз бен біздің үлесімізде, құрметті әріптестер!


Сергіту сәті

1. Көзі қырағы, жанған жарықты алыстан көреді , жүрегіңнің қуаты 2.2 Вт , ғұмырында 40 тонна тамақ жейді, жердегі ең ақылды кім?

2. Зерттеу жұмыстарына құрал ретінде қолданылады, іші ауаға толы , Спортшы осы денемен дос , шар тәріздес

3. Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады?


Семантикалық карта

Физикалық шама

Белгіленуі

Формуласы

Өлшем бірлігі

Фотон энергиясы




Шығу жұмысы




Кинетикалық энергия









Сөзжұмбақ

Shape3


1. Металдардан электрондардың ыршып шығу құбылысы?

2. Фотоэффект құбылысын алғаш зерттеген ғалым?

3. Жарықтың кванттық теориясын шығарған және фотоэффект құбылысын түсіндірген ғалым?

4. Фотоэлементтерді қолданылатын реле қалай аталады?

5. Милликен фотоэффект құбылысын зерттеуде қандай сыйлық алды?


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
3066
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12