Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ғ" дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
әдіс алмасу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ғ» дыбысы және әрпі

Алматы қаласы
Мектеп: 158 ЖББМ
Логопед-дефектолог: Каныбек Дина Каныбековна

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Дыбыстау

Тақырыбы: «Ғ» дыбысы және әрпі.

Мақсаты:  «Ғ» дыбысымен және оның әріп таңбасмен таныстыру, дидактикалық құралдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілетін қиялын дамыту, тапқырлыққа, ойының ұшқыр болуына тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, әріп қималары.

Сөздік жұмыс: ғарыш.

Билингвальды компонент: сызғыш-линейка, дауысты дыбыс-гласный звук, дауыссыз дыбыс-согласный звук.

 

Оқу іс-әреке-тінің кезең-дері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ұстаз балалардың назарын парта үстіндегі беті жабылған себетке аудартады.

- Балалар қараңдаршы біздің топқабіреу беті жабылған себетті тастап кетіпті. Кәнекей көрейікші бұл неғылған себет екен?! Себеттің беті ашылып, себет ішіне салынған хат оқылады. Хатта: - балалар бұл мен білімді Дарамын. Мен бұл себетті сіздерге тастап кеттім. Себет ішінде неше түрлі тапсырмалар және сіздерге арналған сыйлығымда бар. Сыйлыққа жетудің жолы, егер берілген тапсырмаларды дұрыс әрі жылдам орындасаңдар сыйлыққа ие боласыңдар.

 - Балалар кәне бізде білімді екенімізді Дараға дәлелдейік.

 

Балалар себетке қызыға қарайды.

 

Білімді Дараның хатын тыңдайды.

 

Балалар тапсырмаларды орындауға келіседі.

 

 

1 тапсырма жұмбақ жасырылады:

Көп әріп ішінде,
Шалғы пішінде,
Тап мұны, түсін де.

Балалар егер сендер жұмбақты дұрыс тапсаңдар, менің сүйікті дыбысыммен танысасыңдар.

- Дұрыс таптыңдар балалар, бұл «Ғ» дыбысы.

«Ғ» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай: тілдің ұшы тілдің астыңғы түбіне тиеді. Тілдің үстіңгі жағы таңдайға тиеді. Дауыс шымылдығының дірілінен «Ғ» дыбысы естіледі.

 

- Балалар «Ғ» дыбысын айтып көрейік.

- «Ғ» дыбысы дауыссыз дыбыс әндетіп, созып айтуға келмейді.

- Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейтін едік?

- Дұрыс айтасыңдар. Демек балалар «Ғ» дыбысы қандай түсті үйде тұрады екен?

Жарайсыңдар балалар, біз Дараның 1 тапсырмасын жақсы орындадық.

Жұмбақты зер сала тыңдайды.

Балалар шалғыға ұқсайтын әріпті әліпби ішінен тауып көрсетеді.

Жауабы: «Ғ» дыбысы.

 

 

 

 

 

- Хормен «Ғ» дыбысын айтады.

 

 

- Көк түспен белгілейміз

 

- Көк түсті үйде тұрады.

Ұйымдастырушылық   ізденістік

Тыныс алу жаттығуы: «Күзгі жапырақтарды үрлеп ұшыру», «Ыстық шәйді суыту».

2 тапсырма:

«Ғ» дыбысы бар сөздерді естісең қолыңды шапалақта.

Жаңғақ, қалам, ағаш, бұғы, күз, сызғыш.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.

3 тапсырма:

Жаңғақ, қалам, ағаш, бұғы, күз, сызғыш, таға, шана, ғарыш – осы сөздерді буынға бөлу.

4 тапсырма жаңылтпашты жаңылмай айту, жаттау:

Ағабай ағасын
Ағатай ағасың!
Аға деп бағалар,
Ағаның бағасын.

Артикуляциялық жаттығу (пілдің тұмсығы, тәтті тосап, сылақшы, сағат, дор).

Билингвальды компонент: сызғыш-линейка, дауысты дыбыс-гласный зву, дауыссыз дыбыс-согласный звук.

Сөздік жұмыс: Ғарыш-аспан әлемі.

Сергіту сәті:

Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын,тойып ал,
Сонда аязға тонбайсың.

5 тапсырма:

Д/о: «Сөйлемдерді толықтыр»

- Өзімнің үлкен бауырым........
- Құлағыма таққаным.......
- Қап-қара құс....

Балалар тыныс алу жаттығуларын орындайды.

 

Балалар 2 тапсырманыда орындайды.

«Ғ» дыбысы бар сөздерді дұрыс табады.

 

 

 

Балалар сергіту сәтін қимылмен жасайды.

 

Балалар сөздерді бұлт тамшылары арқылы буынға бөледі.

 

 

Балалар жаңылтпашты қайталау арқылы жаттайды.

 

 

Балалар айнаға қарап отырып артикуляциялық жаттығуларды жасайды.

 

Қайталайды.

 

Көреді, есте сақтайды.

 

 

Балалар өлең мазмұнына сай қиммыл жасайды.

 

Балалар сөздерді толықтырады.

- Аға
- Сырға
- Қарға

 

Рефлексиялық түзетушілік

 

- Қандай дыбыспен таныстық?
- «Ғ» дыбысы қандай дыбыс?
- Қандай сөздерде «ғ»дыбысы бар екен?

Жарйсыңдар балалар сендер білімді Дараның тапсырмаларын жақсы орындадыңдар.

Дараның сыйлығын қабыл алыңдар.

Балаларды мадақттау.

 

- «Ғ» дыбысымен
- Дауыссыз дыбыс
- Ағаш, таға, ғарыш, жаңғақ, т.б.

 

Балалар алған сыйлықтарына және мақтау сөздерге риза болады

 

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: жұмбақ шешуді, сөз ойлап табуды, жаңылтпашты жаттап алуды, сөздерді буынға бөлуді.

Түсінеді: буынға бөлуді, оны сызба ретінде көрсету.

Қолданады: «Ғ» дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіре білу, оқу, кеспе әріптермен сөз құрастыру дағдылары.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2020
1036
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі