400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ашық сабақ Ғабит Мүсірепов "Жаңа достар" шығармасы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге методикалық көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиет 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар »

Сабақтың мақсаты:

1) білімділік : оқушыларға қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі Ғ.Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығын таныту.Кейіпкерлерге талдау жасау, әдебиет теориясына тоқталу, шығармадағы негізгі ойды таба білу.

2) дамытушылық: жеке тұлғаны шығармашылықпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге, шығарманы талдау дағдыларын дамыту.

3) тәрбиелік : оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, достыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ

Сабақтың әдісі : сын тұрғысынан ойлау, еркін жазу, сұрақ –жауап, әңгімелесу.

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, суреттер, портреттер, слайдтар, карта, бейнефильмдер

Пәнаралық байланыс: география, тарих, қазақ тілі


І. Автортану

Ғ.Мүсірепов өмірі мен шығармашылығынан бейнефильм көрсету


“ Шығарманы тану - жаңа білім табу”
Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар »
Шығарманың тақырыбы: достық,адамгершілік, білімге құштарлық
Негізгі ойы: Адам бойындағы ізгілікті дәріптеу


ІІ. Кім? Қашан? Қайда?

Шығармадан үзінді келтіремін оқушылар қай кейіпкердің қашан,қайда айтқанын айтады.

  1. Мен әлі өліп көрген жоқпын!-дедім тайынғым келмей. Жалғыздық жасқаншақ та етеді, жаужүрек те етеді.

  2. Мынаның аты Бораш... Мұны Боря дейтін боласың. Менің атым онша бұрмалауға келмейді. Мен екеуіңнен де үлкенмін. Әкем байғұс баласын еркелете алмайтынын білген ғой сорлы.....

  3. Соқаның үстіне құлап түстім.... Шеген ағам жазды ғой әйтеуір..... Енді бір айда жүруге жарайсың дейді.... Балық майынан жазылды. Тіпті жазылып қалып еді.

  4. Шеген аға, шайға келіңдер.


ІІІ. Білім көкжиегі (оқулықпен жұмыс)

І топ

Шығармадан Шегеннің портретін тауып оқы

ІІ топ

Қайрош балалармен қалай танысты?

(танысу диалогін оқы)

ІІІ топ

Шеген мен Бораш Қайрошқа қандай қамқорлық жасады?

IV топ

Шеген айтқан үш түрлі өсиет







IV. Зердеңе тоқы! Мәтінмен жұмыс

1-топқа

Кейіпкер

Мінездеме


Қайрош



2-топқа

Кейіпкер

Мінездеме


Шеген





3-топқа

Кейіпкер

Мінездеме


Бораш





4-топқа



Шығармадан үзінді

Теңеу

Кейіптеу

Пейзаж



Портрет

Шеген сұлу, сұңғақ, денелі, бұлшық еттері болаттай иірілетін, күнге күйген, тобылғы торы екен.





.....Күн де батты. Теңіз үстіне қорғасындай басқан бір ауыр тұман да көтерілді. Қара тұманның ауырлығынан теңіз беті қайысып, төмен түсіп кеткендей сезіледі....





Бораш –аққұба, қағілез мінезді, көздері бұзаудың көзіндей, бар дүниеге таңдана қарайтын, қуануы да, ренжіп қалуыда оп-оңай





Теңіз құшағына тез кіруге асыққан Ақжайық төтелеу жерден жол салам деп жарын талай сабалапты да, шалқайып кейін бұрылыпты.







V.Сергіту сәті. (оқушылар орнынан тұрып, жаттығуларды музыкамен орындайды)

VІ. Зерделі сұрақ, ұтымды жауап

Сұрақтары:

  1. Бұл шығарманың тақырыбы неліктен «Жаңа достар» деп аталды?

  2. Қайрош пен оның жолдастарына тән қасиет не?

  3. Осы шығармадағы өздеріңе ұнаған кейіпкер кім және ол қандай қасиеттерімен ұнады?

  4. Осы шығарманы оқи отырып өздеріңнің бойларыңызда қандай қасиеттерді қалыптастыра аласыздар?

  5. Өз досыңа қандай достық көмек көрсеттің? Баяндап бересің бе?

  6. Достық туралы қандай мақал-мәтілдерді білесіңдер?


VІІ. Бес жолды өлең

1.Бір зат есім

2. Екі сын есім

3. Үш етістік

4. Төрт сөзден тұратын сөйлем

5. Сөз тіркесі


  • Қайрош

  • Әдепті, батыл

  • Қашады, қорқады, талпынады

  • Қалаға оқу іздеп келеді

  • Білімді Қайрош



  • Шеген

  • Сауатты, ақылды

  • Оқиды, айтады, қамқорлайды

  • Ол орысша – қазақшаға судай.

  • Жетім бала



  • Бораш

  • Адал, кішіпейіл

  • Үйренеді, ереді, көмектеседі

  • Ол уәдесіне берік бала

  • Ақылды Бораш


VІІІ. Үйге тапсырма:

  • Ғабит Мүсіреповтің “Жаңа достар” шығармасының мазмұнын оқу;

  • «Менің достарым» тақырыбына шығарма жазу;

  • Мәтіндегі пейзажды көз алдарыңа елестетіп, сурет салу.



ІХ. Бағалау: сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
738
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі