Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ғажайып әлемге саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге қолдануға арналған ҰОҚ -і
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімдер: Қоршаған ортамен танысу, қарапайым математикалық ұғымдармен танысу.

Тақырып: «Ғажайып әлемге саяхат»

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға көлік түрлерін, мамандықтарды, түстерді, пішіндерді, 1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санауды қайталатып үйрету.

Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін, зейінін дамыту.

Тәрбиелік : сыйластық пен достыққа тәрбиелеу.

Қостілділік компонент: Мамандық - профессия , көлік – транспорт.

Құралдар: көлік түрлерінің, мамандық суреті, пішіндер, карточкалар

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

- Балалар қараңдаршы бүгін бізге ерекше күн, үйткені бізге қонақтар келді.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз

Жарқырайды күніміз

Қайырлы таң балалар!



Балалар қозғалыс жасай тұрып, барлығы айтады, бір - біріне сәлем береді.


Ұйымдық - іздестіру

Сұрақ-жауап:

- Балалар жылдың неше мезгілі бар?

- Қандай мезгілдері бар екен?

- Дұрыс айтасыңдар.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінің неше айы бар?

- Атап айтып беріңдерші?

Қыста қандай өзгерістер болады?

- Өте жақсы, қазір енді орталықтарға бөлінейік.

Шығармашылық орталығы.

- Балалар, ғажайып әлемге саяхатқа шыққыларың келеме?

Менің қолымда мынандай ғажайып таяқша бар, осы таяқшамен ғажайып әлемге сиқырмен барамыз.

(Ойыншық көліктерге келеді) Сюжетті ойын

- Балалар не көріп тұрсыңдар, бір сөзбен қалай айтамыз?

- Көліктердің түрлері неше топқа бөлінеді?

- Мына көліктерді өз тобына орналастыруларың керек.

- Балалар сендер көлік түрлерін жақсы біледі екенсіңдер.

Саяхатымызды балалар, әрі қарай жалғастырайық

Пішіндер әлемі:

Сиқырмен пішіндер әлеміне келеміз.

- Мына пішіндерді кім атап береді?

- Пішіндердің түсі қандай, кім айтады?

- Неше пішінді көріп тұрмыз, пішіндерді тура және кері санап беріңдерші.

Ойын: «Пішіндер қай жағында?»

Бір баланы ортасына қойып, оң жағына тіктөртбұрыштыны, сол жағына сопақты, артына домалақты, алдына шаршыны қояды.

Ойын: «Өз пішініңді тап»

Әр баланың қолына пішіндер таратылады. Тәрбиеші өз жұбыңды тап деген кезде қолдарындағы пішіндерге ұқсас пішіндердің артына тұра қалады.

Сергіту сәті.

Мамандықтар әлемі.

- Балалар сендер өскенде қандай мамандық иесі болғыларың келеді?

- Олай болса мамандықтар әлеміне барайық.

- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын:

- Ішті де, тісті де

емдейтін ақ халатты абзал жандар кімдер?

- Дұрыс айтасыңдар.


- Қызық, қызық ертегі

Балаларға айтып береді.

Жылауық та, тентек те

Сол апайға көнеді ол кім?

- Балалар біз қайда тұрамыз?

- Бізге үйлерді кімдер салып береді?

- Мына суреттің ішінен құрылысшы мамандығының суретін тауып беріңдерші.

- Сендер ауырғанда кімдер емдейді?

- Дәрігерлер қай жерде жұмыс істейді?

- Сендер балабақшаға келгенде кім қарсы алады?

- Балабақшада сендерге тамақты кімдер дайындайды?

- Шашымызды қай жерде алдырамыз?

- Өрт болған кезде кімдерді көмекке шақырамыз?

- Аяқ киіміміз жыртылған кезде кімге барамыз?

- Бізге білімді кімдер береді?

- Балалар мына жерде мамандықтардың және олардың құралдарының суреттері бар.

(Үстел үстінде орындалады)


Төрт.

Қыс, Көктем, Жаз, Күз.

Қыс.

Үш айы.

Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.

Балалар жауабы.











Көліктер.

Үш топқа.

Әуе көліктері, тасжол көліктері, су көліктері.

Балалар көліктерді өз тобына орналастырады.



Шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, сопақша.

Қызыл, сары, көк, жасыл, тоқсары

Балалар пішіндерді тура және кері санап береді.







Жұмысқа белсене араласты.









Балалар өз ойларын айтады.


Дәрігерлер.





Тәрбиеші апайлар.

Үйде.

Құрлысшылар.




Дәрігерлер.

Ауруханада.


Тәрбиеші апайлар.


Аспазшылар.


Шаштаразда.


Өрт сөндірушілерді.

Етікшіге.


Ұстаздар.

Балалар әр мамандықтардың өз құралдарын орналастырады.

Рефлексивті - түзетушілік

- Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіде не туралы білдік?

Өте жақсы қатыстыңдар, осымен аяқталды.

Балаларды бағалау,мадақтау.

Балалар өз ойларын айтты.


Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Балаларға көлік түрлерін, мамандықтарды, түстерді, пішіндерді,

қайталатып айта біледі.

Қандай түсініктерді игерді. 1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санауды түсініктерді игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Досты қадірлеуге, құрметтеуге дағдыланды.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.10.2020
810
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12