Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Ашық сабақ: «Ғажайып қыс» ересек орыс тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп, сөздік қорын байыту. Сұраққа нақты жауап беріп, сурет мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету. Қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу. Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету.Жұмбақтар жасырып,тақпақтар айту арқылы тілдерін жаттықтыру. Бір - біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Махатова Бибихадиша Омаровна- қазақ тілі мұғалімі

65 «Балбұлақ» бөбекжай-бақшасы



Ашық сабақ: «Ғажайып қыс» ересек орыс тобы

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы: «Қатынас»

Бөлімдері: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Ғажайып қыс»

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп, сөздік қорын байыту. Сұраққа нақты жауап беріп, сурет мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету. Қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу.

Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету.Жұмбақтар жасырып,тақпақтар айту арқылы тілдерін жаттықтыру. Бір - біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қыс мезгілінің суреті, таратпа материалдар,қолғаптар, шырша, ойыншықтар, диск, ұлпақарлар.

Билингвалдық компоненті: Қыс-зима,қар-снег,мұз-лед,аққала-снеговик,шаңғы-лыжи,шана-санки,коньки-коньки,аяз-мороз,сырғанақ-каток.

Іс-әрекет кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Балалар іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Ғажайып сәт: Топқа аққала билеп кіреді.

-Сәлеметсіздер ме,балалар. Бұл  «Ертегілер әлемі» тобы ма? -Мен сендерді білімді деп естідім, сендерге көп ойындар және жұмбақтар ала келдім.

Балалар Ақаланың биін тамашалап сәлемдеседі.



-Ия



Ұйымдастыру

шылық -ізденістік

Қане бәріміз жұмбақ шешемізбе? Осы жұмбақтарды шешу арқылы, белгілі бір суретті құрастырамыз.

1. Тікен- тікен тік пісте,

қысы жазы бір түсте.

2. Қыста шыны болып қатады,

Жылыда су болып жатады.

3. Әуеде ақ мамық,

Қалбалақтап ұшады,

Қанаты талып.

4. Көзіңе көрінбейді,

Тоңдырып қызартады.

Күні - түні ерінбейді,

Өзенге мұз артады.

- Балалар бұл жұмбақтар не туралы?

-Қай жыл мезгілінде болады?

- Қыс мезгілінде не болады?




Дұрыс айтасыңдар балдар өте

қатты суық болады,ал қыста біздер қалай киінеміз?


«Қайсысы артық» д/о.


- Дұрыс айтасыңдар. Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс та келіп жетті. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз денемізді шыңдаймыз.

Балалар теледидарға назар аударайық.

- Бейне ролик қандай мереке туралы екен?

-Балалар қыс мезгілі өте көңілді мерекелі мезгіл.

-Дұрыс айтасыңдар жаңа жыл мерекесін қарсы аламыз,бұл мереке сендерге ұнайдыма? Жаңа жылда біз шыршаларды ойыншықтармен әсемдедік, ал енді сол ойыншықтарды орындарына орналастыру керек.


«Шырша ойыншықтары» -д/ойын


- Ал,сендер қандай қысқы ойындарды білесіңдер?






«Не артық» -д/ойын




«Қысқы сөздер» -д/ойын

(Жылы,Жаңа жыл,шаңғы,мұз, ыстық,ұлпақарлар,аққала,қолғап,

қызғалдақ,Аяз ата, Ақшақар,

шабдалы,қар көшкіні,шана,

қыздырыну).


- Ал, ендеше балалар қыс туралы қандай тақпақ білсек айта қояйық.






















Ой жарайсыңдар, ал қыс мезгілі туралы қандай мақалдар білеміз?









Қыс мезгілі туралы санамақ айтып береді?.


«Санамақ» ойыны:








-Балалар қараңдаршы жоғарыға нені көріп тұрмыз?

Дұрыс айтасыңдар ал сол бұлттардан ұлпақарлар жерге қарай құлайды.Қанекей санап көрейікші?

Ал, олай болса балалар қар ұшқындарын үрлеп ары қарай ұшырамыз.

Демімізді ішке тартып

үф – үф – үф дейміз.

Тыныс алу жаттығуы:

«Қарлы бұлт»


«Қолғаптың сыңарын тап» д/о:

Сергіту сәті:

Тоңса біздің денеміз,

Тонды киіп аламыз.

Зу – зу – зу,

Шанамен зулаймыз.

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт – сарт – сарт,

Қолымызды соғамыз.

«Кім жылдам» д/о:

Қарды қалт етпей қағып ал,

Аудармасын тауып ал.

(Снег,мороз,каток,санки,лед,

снеговик,елка,зима,лыжи,

снежинки,Декабрь,Январь,

Февраль).


-Ия


Жұмбақты тыңдап шешуін табады.


-Шырша.



-Мұз.


-Қар.


-Аяз.


-Қыс мезгілінде болады.

-Қыста болады.

-Салқын болады, беті - қолымыз тоңады. Қар жауады, айналаның бәрі ақ тонға оранады.

Аязды суық болады.

Боран соғады.


-Жылы киімдерімізді киеміз.


Ойынға қатыса отырып үш топқа бөлініп тақтадағы киімдердің ішінен артық киімдерді тауып,қай мезгілде киетінін айтып өтеді.








-Бұл Жаңа жыл мерекесі.


-Арине ұнайды.


Балалар ойынға белсене қатысып әр түрлі ойыншықтардың түсін,пішінін айтып орындарына

жайғастырады.


-Аққала соғамыз,

-қар атыспақ,

-шанамен сырғанаймыз,

-шаңғы, коньки тебеміз.

-хоккей ойнаймыз.


Балалар қысқы ойынға жатпайтын ойын құралын тауып атайды.



Егер қыс мезгіліне қатысты сөздер болатын болса,балалар қолдарын шапалақтайды.


Қуаныштың бүгінгі Басылмайды ыстығы. Жылдамырақ жүруді Үйретеді қыскүні!


Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады, қатады

Жып жылтыр боп жатады.


Балалар шықты далаға, Ойнап, күліп жүр енді. Шаналармен озады, Аққаланы соғады.


Қар жауады жапалақтап,

Дала аппақ қарашы.

Шаңғыменен ойнаймыз біз

Қыс келбеті тамаша!


Қыстың күні көңілді

Көп қызықты көреміз

Шығып алып далаға

Сырғанақты тебеміз.


Қаңтар ауса қар тұрмас.

Қыстағы қар жер ырысы.

Қыс азығын жаз жина.

Қыстағы суық – жаздағы ыстық.


Қыстың көзі қырау.

Мезгіл жетсе, мұз ерір.

Қыс қарлата,

Дауылдата келеді.


"1" дегенім - бөрік,

Кисең бойға көрік.

"2" дегенім - етік,

Киер сәнді етіп.

"3" дегенім - ішік,

Теріден тігер пішіп.

"4" дегенім - тымақ,

Қыста кисең жылы - ақ.

"5" дегенім - байпақ,

Іші жылы тайпақ.



-Бұлттарды.




Балалар әр бұлтың тұсына бөлініп барып ұлпақарларды санайды

және үрлеп ұшырады..



Орталыққа бөлініп өрнектеріне сәйкес қолғаптардың сыңарларын табады.



Өлең мазмұнына қарай қимыл қозғалыстар жасайды.






(Қар,аяз,сырғанақ,шана,

мұз,аққала,қыс,шаңғы,

ұлпақарлар,Желтоқсан,

Қаңтар,Ақпан).

Рефлекциялық-

Түзетушілік

Балалар сендердің барлығың да өте жақсы жұмыс жасадыңдар.

-Балалар көңіл-күйілеріңіз қандай?

Олай болса «тамаша» ойынын ойнап жіберейік.

-Балабақша қандай?

-«Ертегілер әлемі тобының балалары қандай?»

- «Қыс» мезгілі қандай?

-«Қар» жауған қандай?

- Қысқы ойындар қандай?

- Келген қонақтарымыз қандай?

Менің айтып тұрған сөздерім қандай?

Сендерге бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма?

- Кімге не ұнады?

- Рахмет сендер өте тамаша балаларсыңдар менің сендерге азғантай сыйлығым бар.

Балалар,мен сендермен уақытты өте жақсы өткіздім.Сендер өте ақылды,мейрімді балалар екенсіңдер.Мына жер маған ыстық болып бара жатыр,мен енді қайтайын.

-Сау болыңыздар!




-Тамаша!



-Тамаша!


-Тамаша!

-Тамаша!

-Тамаша!

-Тамаша!

-Тамаша!


-Тамаша!


Берілген сұрақтарға белсене жауап береді.


Балалар таңданып қарап отырады.



Балалар сыйлықтарды қабыл алады.


Қонақтармен қоштасады.


Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек: қысқы құбылыстарды қазақша дұрыс атауды, сұраққа нақты жауап беруді.

Нені игерді: жаңа сөздерді сөйлеу барысында қолданып,бір -біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауды.

Нені білді: қыстық ойындардың қазақша аттарын дұрыс айтуды.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2020
1081
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12