Материалдар / Ашық сабақ "Ғажайып суретшілер әлемінде""
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Ғажайып суретшілер әлемінде""

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2021
333
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

"Башкөл орта мектебі"КММ
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы:  «Ғажайып суретшілер әлемінде»
(Сыныптан тыс шара)
2021оқу жылы


Page 2

«Ғажайып суретшілер әлемінде» сайысы
(сыныптан тыс шара)
Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақтыүйрету.
Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту.
Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру,елестету қабілеттерін және
шығармашылығын арттыру.
Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру.Өнерге баулу, шығармашылыққа
тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі емес
Әдісі: топтық сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру,тақырыпқа сурет
салу.
Көрнекілігі: Өнер жайлы нақыл сөздер, слайдтар, құрастырмасуреттер, суреттер.
Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, қайшы, желім,акварель бояулары,
қылқалам.
 
Сайыстың барысы:
Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысымызға қатысушыжас өркен!
Бүгінгі бейнелеу өнері сабағынан 5-6 сынып оқушыларыарасындағы «Ғажайып
суретшілер әлемі» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер.
Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазыалқасымен танысайық.
1.К.М.Давлетьярова-мектеп директоры
2.Қ.А.Акдавлетова – технология пәнінің мұғалімі
3.А.К. Шундыбаева – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерініңмұғалімі
4.М.С. Авраева - жас мамандар бірлестігінің жетекшісі
Ортамызда екі топ сайысқа түспекші.
І топ «Бояулар»
ІІ топ «Қарындаш»
Өнер десе өртеніп жанып тұрар,
Сусындап сол өнерден қанып тұрар.
Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,
Кез келді өзін-өзі таныстырар, — дей келе сайысқатүспекші екі топпен танысайық.
«Бояулар» тобы:
Көрікті ашық бояумыз.
Өнерге ғашық баламыз.
Бәрінің өңін келтірер
Сурет болмас бояусыз.
 
Топ мүшелері:
1.Бақыт Ару
2.Социал Камила
3.Болат Айдар
4.Дильмагамбетов Бақтияр
5.Нұржанова Наргиза
6.Камзағалиев Данияр
«Қарындаш» тобы:
Біздің есім «Қарындаш»,


Page 3

Өнерсіз бала қарны аш.
Сайысқа келген достарым,
Сурет сал, міне қарындаш.
Топ мүшелері:
1.Бақытжан Дәулетжан
2.Кабышев Жанат
3.Бектауов бағдат
4.Жеңіс Бәтима
5.Қайыржан Ізбасар
6.Кенжеғалиев Бауыржан
Өнерпазды жарау аттай баптасын,
Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.
Өнерімен танылып бүлдіршіндер,
Ел сенімін еңбекпенен ақтасын, — деп сайыстың түрлеріментаныстырып өтейін.
Сайыс кезеңдері:
1. «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру.
2. «Кім шапшаң, кім жылдам?»
3. Сөздерден түс аттарын шығару.
4. Үй тапсырмасын қорғау.
5. Сурет салу сайысы (топпен жұмыс)
6. Қорытынды.
Кезеңдермен таныс болсақ сайысымызды бастайық.
  І кезең. «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру
Әр топқа алты сұрақтан қойылады. Соған жауап берейік.
І топқа:
1.Бейнелеу өнері дегеніміз не? (Айналамыздағы өмір көріністерінжазықтықта
әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі)
2.Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма. (Пейзаж)
3.Суға тез еритін бояу. (Акварель)
4.Қарындаш дегеніміз не? (Сырты ағаштан, өзегі графиттенжасалған сурет
салу құралы)
5.Аспан мен жердің қиылысатын сызығын не дейміз? (көкжиексызығы)
6.Су әлемін бейнелейтін жанр қалай аталады? (маринистікжанр)
 
ІІ топқа:
1.Бейнелеу өнерінің түрлерін ата. (кескіндеме, графика,мүсін, сәулет өнері,
қолданбалы сәндік өнер)
2.Адам келбетін бейнелейтін жанр қалай аталады? (портрет)
3.Түстер неше түрге бөлінеді және қандай? (2-ге, жылыжәне суық)
4.Жануарларды бейнелейтін көркем шығарма. (анималистікжанр)
5.Қалам, тушьпен салынған өнер не деп аталады? (графика)
6.Натюрморт деген не? (Жансыз заттар бейнеленген көркемшығарма)
  
2 кезең
Кім жылдам табады,


Page 4

Заттардың бейнесін.
Бір-бірімен суреттер,
Табу керек үйлесім.
– деп сайысымыздың «Кім шапшаң, кім жылдам?» кезеңінеберейік.
Қиылған суреттерді құрастырып, ненің бейнесі екенінтабу.
3 кезең.
Сөздерден түс аттарын шығару.
І топқа:
ЛЫЗЫҚ (ҚЫЗЫЛ), АҚРА (ҚАРА), ДІРГІЛКӨ (КӨГІЛДІР), ЫРҚОҢ(ҚОҢЫР),
РҰС (СҰР)
ІІ топқа:
ЛЫСАЖ (ЖАСЫЛ), ЫРСА (САРЫ), КӨКСИЯ (СИЯКӨК), ГІНКҮЛ(КҮЛГІН),
ҒЫШҚЫЗ (ҚЫЗҒЫШ)
 
4. Үй тапсырмасын қорғау.
5. Сурет салу сайысы (топпен жұмыс) – 5 минут уақытберіледі.
Алдарыңызға Камзағалиева Маржанды әнімен ортаға шақырамыз.
6. Қорытынды.
Сайысты қорытындылау.
Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!