400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ғаламның пайда болуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім берү бойынша құрылған 8 сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары.Республика көлеміндегі әріптестерімен тәжірибе алмасу мақсатында ұсынып отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзбергенова Ғазиза Есқалиқызы

Қызылорда қаласы,

№10 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейдің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақ жоспары

Бөлім: 4. Ғарышты игеру жетістіктері

Мектеп: №10


Күні: 3.12.2018 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Өзбергенова Ғ.


Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың

тақырыбы:

Ғаламның пайда болуы

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Т/А. 8.1.3.1 – мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;

О. 8.2.2.1 – публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады: мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды;

публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды;

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды, ажырата алады;

Кейбір оқушылар істей алады: мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, өз ойларын, көзқарасын білдіреді;

Жай және күрделі сөз тіркестерін қолданып, ереже бойынша дәлелдей алады.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының индустрияландыру мен инновацияларға негіз-делген экономикалық өсу құндылығын сақтау. Табиғат құндылықтарын сақтауға баулу.


Тілдік мақсат

Оқушылар:

Не істей алады? Ғалам, ғарыш, галактика, күн жүйесі туралы мәлімет алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология):

Сөз тіркесі, тұрақты тіркес, жай және күрделі тіркестер

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Ғылыми және публицистикалық стиль дегеніміз не?

  2. Сөз тіркесі дегеніміз не?

  3. Жай және күрделі тіркстер дегеніміз не?

Бағалау критерийлері:

* мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды;

* публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды;

Пәнаралық байланыс

География, астрономия, жаратылыстану

Алдыңғы оқу

Ғаламшарлар, күн жүйесі. тұңғыш ғарышкерлер туралы біледі.

Жоспар

Жоспарлан

ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз

Ресурстар

Басы



3 мин




І.Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесемін.

2. Сабаққа қатысуын қадағалаймын.

3. Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Шын жүректен» Тренинг

Ғалам тақырыбы бойынша суреттер арқылы 4 топқа бөлемін.

1-топ: Күн жүйесі

2-топ: Ғарышкерлер

3-топ: Құс жолы

4-топ: Шоқжұлдыздар

(Топ ережесін еске түсіреміз)






Ортасы

2 минут













5 минут












15 минут







































7 минут






























































5 минут

Қызығушылықты ояту


Ғалам туралы Бейнеролик тамашалау

Сабақтың тақырыбы ашылады

Сабақтың тақырыбы:

4-бөлім. Ғарышты игеру жетістіктері

1-сабақ. Ғаламның пайда болуы

Сабақтың мақсаты:

* мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;

* публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.


1-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап бер:

  1. Ғалам дегенді қалай түсінесің?

  2. Жұлдыздар жайлы не білесің?

  3. Ғарыш туралы не айтар едің?

2-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

Аудиожазба тыңдау

3-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап бер. Болжам жаса.

  • Ғалам қалай пайда болған?

  • Ғаламның пайда болуы жайлы қандай пікірлер бар?


  1. Топтық жұмыс « ПОСТЕР» әдісі

1-топ: Күн жүйесі

2-топ: Ғарышкерлер

3-топ: Құс жолы

4-топ: Шоқжұлдыздар

Әр топ берілген тақырыптар мен мәтіндер бойынша постер қорғайды.

«Земля в илюминаторе» видеосын қосу.

Дескриптор:

  1. Көтерілетін мәселені болжайды.

  2. Мәтіндердің стилін ажыратады.

Бағалау Екі жұлдыз, бір ұсыныс.


Тілдік бағдар

Толық мағыналы, кемінде екі сөздің тұлғалық және мағыналық жағынан байланысқан тобы сөз тіркесі деп аталады.

Сөз тіркесінің негізгі белгілері:

  1. Сөз тіркесі сөйлем ішінде танылады;

  2. Толық мағыналы, кем дегенде екі сөзден тұрады;

  3. Белгілі бір грамматикалық тәсілдер арқылы байланысады;

  4. Қандай да бір синтаксистік қатынасты білдіреді.

Сөз тіркесі

Shape2 Shape1

еркін сөз тіркесі тұрақты сөз тіркесі

көрікті қыз таяқ тастам жер

Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді өзгертіп айтуға болады.

Мысалы көрікті деген сөзді бірнеше сөзбен тіркестіруге болады:

көрікті адам, көрікті қыз, көрікті табиғат т.б.

Сөз тіркесі құрамына қарай екіге жіктеледі:

  1. Жай тіркес 2. Күрделі тіркес

Жай тіркестің құрамы екі сөзден ғана құралады.

Күрделі тіркес үш немесе одан да көп сөзден құралады.

Жұптық жұмыс

Топтарға әр түрлі тапсырмалар беріледі.

1-топ Семантикалық карта

р/с

Мысалдар

Жай тіркес

Күрделі тіркес

1

Спираль тәрізді галактика



2

Галактикалық дискі



3

Ортасында орналасты



4

Ғарыштың пайда болуы



5

Жұлдыз шоғырынан тұрады



6

Құс жолы галактикасы




2-топ Дұрыс - Бұрыс

р/с

Мысалдар

Дұрыс

Бұрыс

1

Жай тіркестің құрамы екі сөзден ғана құралады.



2

Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді өзгертіп айтуға болады.



3

Сөз тіркесі сөйлем ішінде танылмайды.



4

Сөз тіркесі толық мағыналы, кем дегенде екі сөзден тұрады.



5

Сөз тіркесі мағыналық жағынан байланыспайды.



6

Сөз тіркесі құрамына қарай екіге жіктеледі.




3-топ Сәйкестендіру тесті

  1. Қыздың жиған жүгіндей Сөз тіркесі

  2. Жарқыраған жұлдыз

  3. Он сегіз мың ғалам

  4. Айы оңынан туды

  5. Ғаламның пайда болуы

  6. Ат тонын ала қашты Тұрақты сөз тіркесі


4-топ Тест сұрақтары

1. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

А) Мал шаруашылығы В) Сыйлық ұсыну

С) Тасы өрге домалау Д) Дайын өнім

2. Еркін сөз тіркесін табыңыз.

А) Әдемі табиғат В) Көзді ашып-жұмғанша

С) Төбе шашы тік тұрды Д) Қой аузынан шөп алмас

3. Жай тіркесті көрсетіңіз.

А) Құлап қала жаздады В) Он бесінші пәтер

С) Телефон арқылы сәлем жолдады Д) Кешке келемін

4. Күрделі тіркесті көрсетіңіз.

А) Алысқа кету В) түске таман жолықты

С) балалармен бірге Д) Ағаштың бұтағы

5. Күрделі сөзді табыңыз.

А) Алтын білезік В) Кеше бардық

С) Күн жүйесі Д) Тұңғыш ғарышкерлер

Дескриптор:

  1. Сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесін ажыратады.

  2. Жай тіркес пен күрделі тіркесті табады

ҚБ: Оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Жеке жұмыс

8-тапсырма. Жұмбақтардың шешуін тауып жаз. Сөз тіркестерін тап.

  1. Бір тілім болып туады,

Күннен-күнге толады,

Дөп-дөңгелек болады. (Ай)

  1. Көкжиекті көмкеріп,

Шатыр жайдым кең керіп. ( Аспан )

  1. Үй үстінде ұсақ тас,

Алайын десем, табылмас. (Жұлдыз)

  1. Бір түкті кілем,

Бір түксіз кілем. (Аспан, жер)

Дескриптор:

1.Жұмбақтардың шешуін табады.

2.Сөз тіркестірін теріп жазады.

Тақтамен жұмыс. Тақтаға оқушылар жұмбақтардан сөз тіркестерін теріп жазады.

Бағалау: «Жақсылық тамшысы» әдісі арқылы сұраққа жауап берген әрбір оқушыға ауызша баға беріп, ойымды білдіремін.


Picture 6















Picture 14























































































Соңы

3 минут











Үйге тапсырма:

7-тапсырма. «Шоқжұлдыздар және жұлдызнама» тақырыбында мақала немесе жинақы мәтін жаз. Жай және күрделі сөз тіркестерін қолдан және ереже бойынша дәлелде.


Кері байланыс. «Толған ай» әдісі

Толған ай – түсіндім

Жарты ай – сұрақтарым бар

Туған ай – түсінбедім



Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Қарым-қатынас формалары бойынша саралау барысында оқушылардың көбісі берілген тапсырманы орындап шығады. Қабілеті орта оқушы мен қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлестерін қосады. Ресурс немесе мәтін бойынша саралау кезеңінде оқушыларға сұрақ қойылады. Барлығы бірдей жауап береді. Ресурстарға сүйене отырып, өз жауаптарын негіздей алады.

«Жұптас, оймен бөліс», «Ойлан, бірік, бөліс» әдіс-тәсілдері.

Бағалау түрлері: «Мадақтау», «Күлімді смайлик», «Смайликтер арқылы», «Жақсылық тамшысы», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Саусақ» әдісі, «Өзін-өзі бағалау».

Бейнелеу өнері, қазақ әдебиеті.

Оқуды жақсарту үшін АКТ қолданылады, сұрақтар көрсету үшін интербелсенді тақта қолданамын.

Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау


Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?


1.


2.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?


1.


2.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
2 наурыз
6033
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі