Материалдар / Ашық сабақ: "Ғарышқа сапар. Ғ дыбысы және әрпі" мектепалды даярлық сыныбы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: "Ғарышқа сапар. Ғ дыбысы және әрпі" мектепалды даярлық сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ мектепалды даярлық тәрбиешілеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2019
1124
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе қаласы№63 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейіМАД тәрбиешісі Бошанова Гулфариза АмантаевнаМектепалды даярлық сыныбыБілім беру саласы: КоммуникацияҰОІ: Сауат ашу негіздеріТақырыбы: «Ғарышқа сапар. Ғ дыбысы және әрпі».Мақсаты: Ғ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Балалардың Ғ дыбысы бар сөз ойлап табуына назар аудару, сөздік қорына мән беріп, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, талдау, ойынТүрі: жаңа сабақКөрнекі құралдар: кеспе әріптер, жұлдыз, зымыран, ғаламшардың, ғарышкерлердің суреттері. дидактикалық материалдар.Психологиялық дайындық.
  • Балалар біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Сендердің не үйренгендеріңді, сабақта қалай отыратындарыңды, қалай жауап беретіндеріңді көргелі келді.
  • Балалар, қане, бәріміз Жермен, Күнмен достарымызбен амандасайықшы.
Амансың ба, алтын Күн!Амансың ба, Жер ана!Амансың ба достарым!Сендерді көрсем қуанам!
  • Балалар нені көріп тұрмыз, қала, жер, ағаш, күн


Мотивациялық қозғаушы.
  • Аспанда нелер болады?
  • Аспанға қалай жетеміз?
  • Зымыранмен кімдер ұшады?
-Дұрыс айтасыңдар балалар, Қазақстанда ғарышқа ұшқан ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов ағаларымыз. Олар ғарышта зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл кісілер біздің мақтаныштарымыз. Олар – ержүрек, батыр, халық қаһармандары. Осы ағаларымыз сияқты батыл, ержүрек болу үшін, білімді, тәртіпті болуымыз керек.-Сендер де ғарышқа ұшқыларың келе ме? Олай болса, біздер бүгінгі сабақта ғарышкер ағаларымыз сияқты ғарыш әлеміне саяхатқа шығып, қызықты тапсырмалар орындаймыз.Ғарышқа бару үшін «Жұлдызды қалашықта» даярлықтан өтуіміз керек.

«Жұлдызды қалашық» тапсырмалары:
  • Жұмбақты дұрыс шеш:
Көп әріп ішінде Шалғы пішінде Тап мұны түсін де ( Ғ әрпі)
  • Ғ дыбысын айтқызу (әріп таңбасымен таныстыру)
  • Кеспе әріптен Ғ әрпі көрсетіледі
  • Ғ дыбысы қандай дыбыс?
  • Қандай текшемен белгілейміз? (Ғ әрпін көк үйге апарып орналастыру)
-Тапсырманы дұрыс орындадыңдар, енді дайындалыңдар ғарыш әлеміне ұшуға рұқсат берілді.10,9,8,7,6,5,4,3,2,1. Кеттік! (музыка ойнатылады, көздерін жұмады)
  • Ғарышқа да келдік. Біздің алдымызда аспан әлемі және ғаламшарлар. Ғаламшардың құпия тапсырмаларын орындайық.
1-тапсырма. Суретке қарап отырып, ғаламшар, ғарыш, ғарышкер сөздеріне дыбыстық талдау жасау. Ғ дыбысының орнын табу.2-тапсырма. Ұшатын ұшпайтын қасиеттеріне қарай заттарды бір-бірімен сызып қосу. Таға, шаңғы, шағала, торғай, қарға, қырғауыл, ағаш сөздерін буынға бөлу.Сергіту сәті.

3-тапсырма. Дидактикалық ойын «Естелік».
  • Балалар аспандағы жұлдыздар қандай тамаша! Жарқырап тұр. Сендерге ұнайма?
  • Олай болса, өзімізге естелік ретінде ғаламшардан жұлдыздар алып кетейік, ата-анамызға көрсетеміз. Ол үшін мына сұрақтарға жауап беріңдер:
1.Әріп дегеніміз не?2.Дыбыс дегеніміз не?3.Дауысты дыбысты қандай түспен белгілейміз?4.Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?5.Ғ дыбысы қандай дыбыс?6.А дыбысына сөз құрастырыңдар?- Өте жақсы сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер, естелікке жұлдызшалар алайық.

4-тапсырма. Тіл ұстарту. Айбат шекті Ата қаз, Тас лақтырған балаға: Шықтыңыз ба далаға, Тиіспеңіз, ға-ға-ға.

5-тапсырма. Ғ әрпін жазу.
  • Ғ әрпін ауада жазу
  • Ғ әрпін баспа түрде дәптерге жазу.


-Балалар тапсырманы жақсы орындадық енді мектебімізге қайтуға жиналайық. Қане бәріміз тура санайық 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 Кеттік! -Балалар сендердің білімдеріңнің арқасында, бүгінгі ғарышқа сапарымыз сәтті аяқталды.

Қорытындылау.
  • Ғ әрпінің бейнесін санағыштардан құрастырып жіберейік.
  • Балалар, бүгін біз қайда саяхатқа шықтық?
  • Қандай дыбыспен таныстық? Ғ дыбысына байланысты сөздер айту.
  • Бүгінгі сабақ туралы сұрау.
  • Балаларды мадақтау. Смайликтер тарату.














































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!