400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Гимнастика бөлімі. Акробатикалық жаттығулар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыу пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы





Сабақ жоспары:



Сабақтың тақырыбы:

«Гимнастика» бөлімі.

Акробатикалық жаттығулар.



Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларға жаңа сабақты толық меңгерту

ә) Қимыл – қозғалыс әрекетін дамыту;

б) Ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.


Міндеттері:
а) Білімділік – Акробатикалық жаттығуларды сәйкестендіру, техникаларын үйрету;
ә) Тәрбиелік – Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.


Құрал - жабдықтар: Гимнастикалық төсеніш, отырғыштар, ысқырық, секундомер.


Өтетін орны: Спорт зал.










№

Сабақтың мазмұны

Жүктеме мөлшері

Әдістемелік нұсқаулықтар

І. Д а й ы н д ы қ б ө л і м і

Қатарға тұр, аяқтың ұшын түзет, тік тұр!

Сәлеметсіңдер ме, оқушылар!

Түгелдеу, спорт киімдерін тексеру.

Саптағы жаттығулар: Оңға, солға, айналып бұрыл. Бір орында қадам бас.

Алаңды айналып баяу жүгір.

Жүру жаттығулары:

Қол белде, аяқтың ұшында.

Қол желкеде, аяқтың өкшесімен.

Қол белде, жартылай отырып жүру.

Толық отырып жүру.

Жүгіру жаттығулары:

Қол бел тұсында, тізені жоғары көтеріп жүгіру.

Қол белде, аяқты алға сермей жүгіру.

Қол арқада, өкшені тигізе жүгіру.

Қол тізеде, қаз жүгіріспен жүгіру.

Сол иықпен тіркеме адымдап жүгіру.

Оң иықпен тіркеме адымдап жүгіру.

Жылдамдыққа жүгіру.

Жалпы дамыту жаттығулары:

Қолды алға созамыз, қол жоғарыға, жанына және түсіреміз.

Қол белде, басты оңға, солға айландыру.

Қол иықта,қолды артқа айландыру.

Бір қолды көтеріп,бір қол белде оңға, солға иілеміз.

Б.Қ. аяқ иық кеңдігінде, қол мықында.

1-2-3-4 тұлғаны оңға, солға айландыру.

Бір қол жоғары, екіншісі төмен қолды артқа сермейміз.

Аяқ алшақ, қол жанында оң қолды, сол аяққа, сол қолды, оң аяққа жетізу.

Қол алға созылған, созылған қалыпта аяққа жеткізу, аяқтың ұшына отыру.

Б.Қ. аяқ иық кеңдігінде

1-2-3-4 оң аяқпен жоғары секіреміз

1-2-3-4 сол аяқпен жоғары секіреміз

1-2-3-4 қос аяқпен жоғары секіреміз


12-15 минут



Техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру.


Жүру сол аяқтан басталады, аяқты бір келкі басу.


Жүгіргенде мұрын тыныс жолдары арқылы тыныс

алу.


Ара қашықтықты мұхият сақтау.




Бір қатарлы саптан, шеңбер болып тұру.


Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау.

Әр жаттығуды 4-5 рет қайталау.


Қолды тік ұстау.

Тізе буынын бүкпей түзу, ұстау.

ІІ. Негізгі бөлім


Оқушыларды бір сапқа тұрғызып, алты топқа бөлу.

Алты топ шеңбер бойымен айнала қозғала төмендегі акробатикалық жаттығуларды орындайды:

  1. Көпір жасау.

  2. Алға және артқа домалап түсу.

  3. Артқа домалап, жаурынға тұру.

  4. Шалқадан жатып, денені алға көтеріп, қайта жату.

  5. Гимнастикалық қабырғалардағы жаттығулар.

  6. Бөрененің үстінде қарлығаш бейнесін салу.


20-25 минут



Оқушылардың дұрыс топқа бөлінуін қадағалау.




Жаттығуларды орындау кезінде техника қауіпсіздік ережелерін мұхият сақтау.

ІІІ. Қорытынды бөлім

Оқушыларды бір қатарлы сапқа тұрғызу. Оқушыларға тыныс алу жаттығуларын жасату.

Оқушыларды марапаттау.

Оқушыларды бағалау.


Үйге тапсырма беру.

Шалқадан жатып денені көтеру.

Таңертеңгілік жаттығуды әдетке айландыру.


Оқушылармен қоштасу.

Ұйымдасқан түрде спорт залынан қайту.


5 минут



Терең тыныс алып демалу, қолды жоғары көтеріп төмен түсіру. Терең тыныс алып, терең тыныс шығару.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
499
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі