Ашық сабақ. Ғ.Мүсірепов "Ұлпан"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Ғ.Мүсірепов "Ұлпан"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Детектив" әдісімен жүргізілген ашық сабақтың жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім:

Адам жанының құпиясы

Педагогтың аты-жөні:

Ражанова А.К.

Күні:

20.02.24

Сынып:

Қатысушылар саны:


Қатыспағандар саны



Сабақтың тақырыбы:

Ғ.Мүсірепов «Ұлпан»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау.

9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау;

Сабақтың мақсаты:

  • Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды

  • Шығармадағы автор бейнесін анықтайды;

  • Автор бейнесінің идеялық рөлін талдайды;



Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7минут

Оқушылармен амандасу.

Үй тапсырмасын сұрау


1-тапсырма. ТЖ

«Детектив» әдісі

1.Жазушы туралы ақпарат беру

2. «Шындық детекторы»

3. Квест ойыны (тақтада орындайды) Joyteca

4.Тест тапсырмасы

«Сағат дос» әдісімен топтасады.



Төрт топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды




Мадақтау арқылы



«Үздік агент» құжаты беріледі.

Түрлі-түсті қағаздар

АКТ

9 сынып оқулығы. Қазақ әдебиеті. «Арман-ПВ» баспасы.

198-бет

http://armanpv.k

z/?book-=163

Сабақтың ортасы

30минут

«Біздің кейіпкер» ойыны.

Мұғалім сыныптағы оқушының бірінің ішкі жан дүниесін, сыртқы бейнесіне қатысты мінездеу жасайды. Оқушылар кім екенін анықтайды. 5-6 оқушыны жасыруға болады.

Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі, күтілетін нәтижелер талқыланады.

Жасырынған оқушыны анықтайды.



Слайд


Оқушылар, «Ұлпан» романында басты кейіпкерлердің өмірі арқылы шығарманың негізгі идеясы баяндалған. Кейіпкерлердің әрқайсының шығармада пайда болуымен қатар мінездемесі де беріліп отырады.

Оқушылар, кейіпкерлер жүйесіне тоқталып, тапсырмаларды орындайық.



«Сағат дос» әдісімен жұптасады.

2-тапсырма ЖЖ

«Әдебиет лотосы»

Шығарма атауы Авторы Кейіпкері қандай? Қандай жағымды қасиеттері мен қылықтары ұнайды? Кейіпкерге ұқсағың келе ме, жоқ па? Себебін түсіндір.

Дескриптор:

-кейіпкердің жағымды жақтарын анықтайды.

-Кейіпкерге қатысты өз ойын білдіреді.



3-тапсырма.ЖЖ

Ұлпанның мәжілісте әйел адамға қатысты қандай шешімге қол жеткізгенін табыңыз.Ұлпанды қай қырынан таныдыңыз?

Дескрипторы:

-үзінділерді табады;

-Ұлпанның бейнесін анықтайды.

«Ашық пікір алаңы»

Оқу мақсатына жетуде қиындықтар болды ма? Қажетті білім алдыңыз ба? т.б


Автор бейнесін анықтау

1-жұп. Сөзбен сурет салу дегеніміздің қалай болатынын дәлелді жауап тауып қорғайды.

















2-жұп: Зерттеу.

Автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы рөлін анықтау


Шығармада Есеней мен Ұлпан образын ашуда автор мақал-мәтелдер,тұрақты сөз тіркестерін,салт-дәстүрдің қандай түрлерін қолданды.






3-жұп. Қарсы шығу Романда автормен келіспейтін оқиғалар мен идеяларға қарсы шығыңыз, өз пікіріңізді қорғаңыз

4-тапсырма:

Үзіндіні оқып, Ұлпан бейнесін жазушы қалай суреттеді. Шығармадан тауып, бірнеше суреттеуін ұсыныңыздар. Сөзбен сурет салуды дәлелдеңіздер.

Нұсқаулық: үзіндіні оқы,

Суреттеулерді тап.

Дәлелде

Дескрипторы:

  • Ұлпан бейнесін анықтайды;

  • Автордың суреттеулерін табады;

  • Сөзбен сурет салуды дәлелдейді;


Нұсқаулық: Шығарма тілін талдаңыз. Шығармада шешендік сөздер, мақал-мәтелдердің қолданылу мәнін түсіндіріңіз.

Дескрипторы

  • Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестердің қолданысын анықтайды;

  • Салт-дәстүрлердің қолданыс ерекшелігін сипаттайды;


Тапсырма:

Романда автормен келіспейтін оқиғалар мен идеяларға қарсы шығыңыз, өз пікіріңізді қорғаңыз. Бірнеше фактілердің тізбесін жасаңыздар.

  • Автормен келіспейтін идеяларды анықтайды;

  • Пікірін аргумнттермен қорғайды;

Фактілер тізбесін құрады;



Сабақтың соңы

8минут

Рефлексия

3 минуттық REDx әңгімелері (talks)

Үйге тапсырма:



























«Шындық детекторы»


Ақпарат

Жауабы

(иә, жоқ)

1.

Жазушы кедей шаруаның отбасында дүниеге келген.


2.

Ана тақырыбына көбірек қалам тартуына өз анасы себеп болды.


3.

«Ұлпан» романы 1974ж.жазылды.


4.

«Ұлпан» романында тоқсанға жуық кейіпкер бар.


5.

Шығарма ойдан шығарылған.





















Тест сұрақтары

  1. Шығарма сюжетінің басталуын анықта.

А) Керей-Уақтың беделді биі Есенейдің көші

Б) Ұлпанның қорлыққа шыдамауы

В) Есеней мен Ұлпанның алғаш кездесуі

С) Есенейдің Ұлпанды қалың малдан құтқаруы


  1. Өжет жастарды қай кейіпкер ұнатушы еді?

А) Мүсіреп

Б) Артықбай

В) Есеней

С) Ұлпан


  1. Күйеу баласы Торсанның жайы қандай болды?

А) Есенейдің байлығы арқасында байып кетті

Б) Сыбан еліне атағы жайылған әулет болды

В) Ұлпанның қарғысына ұшырады

С) Біжікенмен баянды ғұмыр кешті


  1. Ұлпан не үшін Сыбан елінің анасы атанды?

А) ел ісіне араласып,әлеуметтік мәселелерді шешті

Б) киіз үйде отырған халыққа жылы үй салдырды

В) балаларды оқыту үшін медресе салдырды

С) жауаптың бәрі дұрыс


  1. Артықбай қызы Ұлпанды не себепті атастырған жеріне бермей,Есенейге ұзатты?

А) Ел сыйлаған Есенейді жақсы білгендіктен

Б) Қызы Ұлпанның өтінішімен

В) Есеней арқылы елге болыс болу үшін

С) Арадағы үзақ жылғы достығы үшін



1

2

3

4

5

Жалпы балл

а







б






в






с








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.10.2024
178
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі