Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Халық композиторы және кәсіби композитор

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал музыка пәні мұғалімдері мен студенттеріне қажет. Сонымен қатар мектепке сараманға баратын музыкалық білім мамандығының студенттеріне әдістемелік көмек үшін қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні: 11.12.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Бисекова Камила Ерболатовна

Сынып: 4а

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

4-бөлім. Мамандықтар әлемі

12-сабақтың тақырыбы

Халық композиторы және кәсіби композитор

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.1.1 – музыкалық терминдерді пайдаланып, әуеннің жанры мен музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтау және салыстыру;
4.
1.2.2 – ырғақтық және динамикалық ансамбльдерді сақтай отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • музыкалық терминдерді пайдаланып, әуеннің жанры мен музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтап және салыстырады;

Көптеген оқушылар:

  • ырғақтық және динамикалық ансамбльдерді сақтай отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсетеді;

Кейбір оқушылар:

  • музыкалық терминдерді пайдаланып, әуеннің жанры мен музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтап және салыстырады;

  • ырғақтық және динамикалық ансамбльдерді сақтай отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсетеді.

Бағалау критерийлері

Оқушылар мақсатқа жетті:

  • музыкалық терминдерді пайдаланып, әуеннің жанры мен музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтап және салыстырады;

ырғақтық және динамикалық ансамбльдерді сақтай отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсетеді.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

вокалдық, аспаптық бағдарламалық музыканы біледі;

музыкалық ұғымдарды, шығармаларды талдау барысында қолдана алады;

мамандықтар әлемі ерекшеліктерін сипаттай алады.

Құндылықтарды

дарыту

Халық музыкасын тыңдау арқылы мәдени тұлғаларды тәрбиелеу

Пәнаралық

байланыстар

Тарих. Әдебиеттік оқу

Бастапқы білім

Терме-ақыл, нақыл, өсиет

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Мамандық әрбір адамның болашағы, сондай-ақ шаруашылық көзі болып табылатын сүйікті іс. Кез-келген адам өз мамандығына құрметпен қарайды. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандық бар екен. Сонымен бірге әр мамандықтың ерекшеліктері де бар. (Оқушылар мамандықтарды атайды).

Дәрігер, ұстаз, құрылысшы, есепші, заңгер бұл тізімді бүгін біздер тағы бір ғажап мамандық музыкант мамандығымен толықтырамыз.

Жәй ғана құлаққа естілгенде құрғақ, жансыз біртектес...

Бірақ тереңіне үңілсек музыкант мамандығы керемет, сезімтал, мейірімді, білмейтіндерге қол ұшын созушы,жаңалыққа жаны құмар жандар.

Музыка дегеніміз сырлы дыбыс. Біз ол музыканы сезінуге, түсінуге, естуге үйретеміз. Музыка көңілді көтереді, бойды сергітеді, жанға жайлы эмоция тудыртады. Музыка адамға қанат бітіріп, бүкіл әлемді бағындырғандай күй тудырады.


1-тапсырма. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Ақан сері деген кім?

2.Оның қандай әндері бар?

3.Ақан сері «Маңмаңгер» әнін неге арнап шығарған?

4.Термені орындайтын адамды кім деп атаймыз?


Б.Әлімжанның «Ұрпақпыз біз батыл» әнін оқушылар балалардың музыкалық аспаптарының көмегімен орындайды.

2-тапсырма. Ақпарат іздеу.

Сабақта халық композиторлары және кәсіби композиторлар тусінік беріледі.

Оқылым.

(М,Ұ) Халық композиторлары – халық арасынан шыққан, арнайы музыкалық сауаты болмаса да, туындылары қазақ даласына кең тарап, халық жүрегінен орын алған өнер адамдары. Әдетте өзі шығарған музыкасын композитор өзі орындайтын болған. Мысалы: Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет т.б. Кейін сол шығармаларды шебер орындаушы олардың шәкірттері мен ізбасарлары кейінгілерге жеткізді. Мысалы, Құрманғазының күйлері бізге оның шәкірті Дина Нұрпейісова арқылы жетті. Ал Қорқыттың күйлерін Ықылас Дүкенұлы толықтырып, жетілдірді. Тәттімбеттің күйлерін Сүгір, Тоқа т.б. күйшілер жеткізсе, Ақан сері, Біржан салдың әндерін Балуан Шолақ, Әсет, Мұхит, Мәди т.б. дарынды әнші-композитор әрі шебер орындаушылар жалғастырып әкеткен. Осылайша халық композиторларының шығармашылығы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, халық жадында сақталды.

Кәсіби композитор (латын тілінен compositor – құрастырушы) – арнайы кәсіби музыкалық сауаты бар, жоғары көркем музыкалық шығармалар (симфония, опера, балет, кантата, оратория т.б.) жазатын өнер иесі. Кәсіби композитор жазған музыкалық шығармаларды арнайы кәсіби білімі бар орындаушылар сахнада орындап, тыңдарман қауымға жеткізеді.

Кәсіби композиторлар өте коп. Соның ішінде В.А.Моцартты, Л.В.Бетховенді, И.С.Бахты атап өтуге болады.

Вольфганг Амадей Моцарт (1756-1791) Вена классикалық композиторлар мектебінің жарқын өкілі. Асқан шебер скрипкашы, клавесинист, органист, дирижер болған. Музыкаға деген қабілеті 3 жасынан көріне бастаған. Моцарт әлемдік музыка мәдениетіне зор үлес қосқан. Шығармалары: «Реквием», «Сиқырлы флейта», «Дон Жуан», «Фигароның үйленуі» т.б.

Людвиг Ван Бетховен (1770-1827) 1770 жылы Германияның Бонн қаласында дүниеге келді. Неміс композиторы, пианист, Вена классикалық мектебінің өкілі. Ол көптеген опера, драмалық қойылым, хор шығармаларын жазған. Фортепианоға арналған соната, концерттердің авторы. Шығармалары «Фиделио» операсы, «Элизаға», «Соната №5» т.б.

Бүгін біз Бетховеннің ең атақты да, құнды шығармасы болып табылатын «К. Элизе» атты шығармасына тоқталайық. 1965 жылы биограф, композитор, әрі музыкант Людвиг Ноль, Мюнхень қаласынан «К. Элизе» деген Бетховеннің жеке қолжазбасы мен ноталарын тауып алады. Бұл қолжазбада «Элизаға мәңгілік ескерткіш» деген Бетховеннің қолы қойылған ноталар жазылған еді. 1867 жылы Людвиг Ноль бұл шығарманы жарыққа шығарады, бірақ осыдан соң бұл қолжазба жоғалып кетеді. «К. Элизе» шығармасының шығу тарихында Бетховен бұны өзінің өте жақсы оқушысы және шығармаларының ерекше, тамаша орындаушы Элизабет Рекельге арнаған. Тіпті ол қызды қатты ұнатып, үйленуге ұсыныс жасаған, бірақ ол жақтан қарсы жауап алады. Бұл шығарманың нотасы көпке дейін Элизабеттің қолында болған.

Иоганн Себастьян Бах (1685-1750) неміс композиторы, органшы, капельмейстер, музыкалық педагог. Мыңдаған музыкалық шығармалардың авторы. Шығармалары: органға арналған «Соль минор фугасы», клавирға арналған «Ре минор концерт», «Ре минор» токкатасы және фугасы.

Қазақ елінің композиторлық мектебінің қалыптасуына Еуропа және Ресейдің ұлы композиторларының әсері мол болды. П.И.Чайковский, М.И.Глинка, С.В.Рахманинов т.б. композиторлардың шығармалары қазақ сахнасында қойылып, қазақ кәсіби музыкасының қалыптасуына өз әсерін тигізді.

Петр Ильич Чайковский (1840-1893) Орыс композиторы, педагог, дирижер. Шығармалары: «Воевода», «Ундина», «Евгений Онегин», «Чародейка», «Лебединое озеро», «Щелкунчик», «Ромео и Джульетта» т.б.

Михаил Иванович Глинка (1804-1857) орыс композиторы. Шығармалары:»Руслан и Людмила» операсы, Камаринская» симфониялық шығармасы, «Жаворонок» т.б.

Сергей Васильевич Рахманинов (1873-1943) орыс композиторы, пианист, дирижер. Шығармалары: «Көктем» кантатасы, «Фортепианоға арналған прелюдия», «Колокола» поэмасы, «Симфониялық би» т.б.

Евгений Брусиловский (1905-1981) – Қазақстан кәсіби музыкасының негізін қалаушылардың бірі. Қазақ елінің тұңғыш операсын жазған. 9 опера, 4 балет, 9 симфонияның авторы. «Қыз Жібек», «Жалбыр», «ЕрТарғын» тағы басқа опералары, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Амангелді» балеті, «Құрманғазы» атты симфониялық музыкалары қазақ музыкасының алтын қорына енді.

Латиф Хамиди (1906-1983) – Қазақстан композиторлық мектебінің қалыптасуына еңбегі сіңген композитор. «Абай», «Төлеген Тоқтаров» (Ахмет Жұбановпен бірлесе жазған) операларының авторы. Музыка мәдениеті тарихында халық музыкасын жинап-зерттеуші, музыка оқулығын жазған адам ретінде қалды.

Мұқан Төлебаев (1913-1960) – көрнекті қазақ композиторы. Музыкалық мәдениеттің қалыптасып, дамуына өз үлесін қосқан өнер иесі. М.Төлебаев жазған «Біржан-Сара» операсы әлемге танымал шығармалардың бірі. Е.Брусиловскиймен бірігіп «Амангелді» операсын, ән-романстар, ораториялар жазды.





















Оқулық, балалар аспаптары








Оқулық, слайд, композиторлардың суреттері,үнтаспа

Сабақтың ортасы


3-тапсырма. Әнді орында.


(М,Ұ) Сабақта жаңа ән игеріледі.«Нота үйренеміз» (музыкасын жазған: Б.Жүсіпалиев, сөзін жазған А.Асылбек).

Оқушылар әнді тыңдау және үйрену барысында орындаушылық ерекшеліктерін сипаттап отырады. Ән әуенін үйрену төртінші сыныптағы оқушылар үшін қиындық келтірмейді.


(О) Оқушыларға берілетін тапсырма:

1. «Нота үйренеміз» әнінен алған әсеріңмен бөліс..

2. Әнді үйрену барысында біз қандай нотамен таныстық?

3.Әнді үйреніп, балалар аспаптарының сүйемелдеуімен, көтеріңкі көңіл күйде орында.


Оқулық, балалар аспаптары














Сабақтың соңы


4-тапсырма. Бағалау.

Түрлі түсті жұлдызшалардың көмегімен оқушыларды бағалаймын.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.01.2019
1214
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12