Мектеп
|
Шалқар
қаласы, №5 мектеп-лицейі
|
Ұзақ
мерзімді жоспар тақырыбы
|
Көшпенділер
мәдениеті. Қазақтың халық күнтізбесі.
|
Сабақ
тақырыбы
|
І.
Есенберлин «Көшпенділер» (үзінді)
|
Күні:
26.09.2019ж
|
Мұғалімнің
есімі: Салмагамбетова А.Ж.
|
Сынып:
9-Б
|
Қатысқандар
саны: 19
|
Қатыспағандар
саны:0
|
Сабаққа
негізделген
оқу
мақсаты
|
9.1.5.1.
мәтіннің мақсатты аудиториясын,автордың
негізгі ойы мен көзқарасын анықтау.
9.2.4.1
шығарманың идеясы мен мазмұнына
байланысты «автордың ойын» бағалау;
|
Сабақ
мақсаттары:
|
Барлық
оқушылар:
мәтіннің мақсатты аудиториясын
анықтайды,автордың негізгі ойы мен
көзқарасын табады.
Оқушылардың
басым бөлігі:«Көшпенділер»
туындысының тарихи маңыздылығын
айтады.
Кейбір
оқушылар: мақсатты
аудиторияларды дәлелдермен баяндап,
қорытынды тұжырым жасайды.
|
Ойлау
дағдыларының деңгейі
|
Білу,
түсіну, қолдану, талдау, жинақтау.
|
Бағалау
критерийлері:
(жетістік
критерийлері, табыс критерийлері,
күтілетін нәтиже)
|
Шығарманың
идеясын анықтайды, кейіпкерлерін
атайды, сюжеттік құрлымын сақтайды;
Мақсатты
аудиториясын анықтайды, дәлелдер
келтіреді.
|
Тілдік
мақсаттар
|
Тілдік
дағдылар:
|
Терминология:
трилогия
– тұтас үш бөлімді туынды
|
Сөз
тіркестері:
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Тарихтың,
мәдениет пен тілдің біртұтастығы:
еңбекқорлыққа, Отан сүйгіштікке,
бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға,
бірлесе еңбектенуге баулу
|
Пәнаралық
байланыстар
|
Тарих,
қазақ әдебиеті, география.
|
АКТ
қолдану дағдылары
|
Интербелсенді
тақта
|
Алдыңғы
оқу/ Бастапқы білім
|
Қазақ
хандығының құрылуы, қалыптасуы
|
Жоспар
|
Жоспарланған
уақыт
|
Жоспарланған
жаттығулар
|
Ресурстар
|
Басталуы
7
минут
|
І.
Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал
тудыру (2
мин)
Топқа
бөлу.
Шаттық шеңбері (жылы лебіздерін
білдіріп,
бірден
үшке дейін санау әдісі арқылы 3 топқа
бөлінеді).
«Ой
шақыру»әдісі арқылы оқушыларғасұрақтар
беремін. (3 мин)
1.
Қандай қазақ хандарын білесіңдер?
(Абылай, Әбілқайыр, Жәнібек, Керей)
2.
«Көшпенділер» фильмін көргендеріңіз
бар ма? («иә» немесе «жоқ»оқушылардың
болжамды жауаптары)
Оқушылардың
жауаптарын тыңдап, пікірлерін ескеріп,
бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.
(2
мин)
Оқу
мақсатымен таныстырамын:
|
«Көшпенділер»
романының
желісімен түсірілген фильм «Қазақ
хандығы»
(үзінді,
бейнежазба)
https://youtu.be/Ekj1-sGDJBc
аудиожазба
|
Ортасы
28
минут
|
Сөздікпен
жұмыс (жаңа сөздер) мағыналас сөздерді
сәйкестендір және жаңа сөздерді
қатыстырып 1
сөйлемнен құраңдар. (3
мин)
Алаш
керуен
көш
қазақ
сұлтан
дара
Ақорда
патша
мұрагер
Алтын Орда
дербес
ұрпақ
ж
ерұйық
мекен тіршілікке қолайлы
орта
жер
жәннаты
Фильм
көрсету.
(12
мин)
1-тапсырма.
«Ойлан. Жұптас. Бөліс»әдісі.(Топтық
жұмыс) (мин)
Фильмді
көріп, тыңдалым бойынша шығарманың
идеясын, басты кейіпкерлерін анықтап,
оқиға желісін сипаттап, пікір алмасып,
ой бөлісіңдер. Үш топтан бір оқушыдан
ойларын ортаға салады.
Дескриптор:
1.Шығарманың
басты идеясын айтады;
2.
Тыңдалым бойынша 4 басты кейіпкерді
атайды;
3.
Эпизодтың сюжеттік құрылымын сақтайды.
2-тапсырма
(топтық жұмыс)«Балық қаңқасы» әдісі
(9
мин)
Фильмнің
мазмұнына сүйене отырып, шығарманың
мақсатты аудиториясын анықтау
мақсатында балық қаңқасынаоқырмандарды
(мақсатты аудиторияны) жіктеп, дәлелдер
келтіріп,қорытындылаңдар.
Дескриптор:
1.
Туындының 3 мақсатты аудиториясын
анықтайды;
2.Мақсатты
аудиторияға дәлелдер береді;
3.
Нақты тұжырым береді.
«Ашық
микрофон» әдісі бойынша сабақты
қорыту. (4
мин)
(сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап
береді)
|
|
Аяқталуы
5
минут
|
Кері
байланыс «Пирамида» (стикерге
жазып, пирамидаға жапсырады)
(4
мин)
Үй
жұмысы: Қосымша
ақпарат көздерін пайдаланып, шығарманың
құндылығы туралы ой толғау. (1мин)
|
|
Қосымша
ақпарат
|
Саралау
- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға
қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?
|
Бүгінгі
сабақта қарым-қатынас формалары
бойынша саралау жүргізілді. Себебі,
«Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі оқушыларға
жеке, жұптасып қабілеті жоғары оқушылар
сыныптағы басқа да оқушылармен
топтасып, пікір алмасу арқылы нәтижеге
қол жеткізді.
Мақсат
бойынша саралау
түрін қолдандым. Себебі, шығарманың
мақсатты аудиториясын анықтауға
«Балық қаңқасы» әдісін қолданғанда
оқу мақсатына сай оқырманды (мақсатты
аудиторияны) дәлелді түрде анықтап,
қорытынды тұжырымдар жасалды. Сондай-ақ
бұл тапсырманы орындау барысында
нәтиже
немесе жауап бойынша саралау түрі
қолданылды, себебі, барлығына ортақ
бірдей тапсырма ұсынылғанымен түрлі
деңгейдегі жауаптар қабылданды. Әр
оқушы өз деңгейінде жауап беріп,
жүргізілген жұмыс өнімі әр түрлі
болды. Ресурс
немесе мәтін бойынша саралау
сабақты қорытындылау үшін «Сұхбат
алу» стратегиясы бойынша оқушылар
сұрақтарға ресурстарға сүйене отырып,
өз жауаптарын ортаға салды.
|
Бағалау
- Оқушылардың үйренгенін, материалды
меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?
|
Сабақ
барысында оқушылардың тақырыпты
қаншалықты меңгергенін дескрипторлар
арқылы, бағалау критерийлары негізінде
тексердім. Тақырыпты болжау мақсатында
жетекші сұрақтар беріліп, оқушылардың
жауаптары тыңдалды. Сол арқылы тақырыпты
болжады. Тыңдалым материалы бойынша
жаңа сөздермен жұмыс жүргізіліп,
мағыналас сөздерді сәйкестендіріп,
сөйлемдер құрастырды. Сабақтың
мақсатына сай бағытталған тапсырмаларды
орындап, шығарманың мақсатты аудиториясын
болжап, автордың негізгі ойы мен
көзқарасын анықтады. Кері байланыс
болды, сол арқылы оқу мақсатының
орындалғаны айқын болды.
|
Сабақ
бойынша рефлексия
Сабақтың
оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін
оқушылар не білді?
Сыныптағы
ахуал қандай болды?
Мен
орындаған саралау шаралары тиімді
болды ма?
Мен
бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен
өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім
және неліктен?
|
Сабақтың
оқу мақсаты шынайы. Тапсырмалар
негізінде оқу мақсаттары толықтай
орындалды. Тыңдаған материал бойынша
шығарманың идеясын, кейіпкерлерін
тауып, сюжет құрылымын сақтай отыра
тапсырмаларды орындады. Тарихи романның
мақсатты аудиториясын анықтап, оған
дәлелдер келтірді.
Сыныптағы
ахуал бірқалыпты болды, оқушылардың
барлығы белсене сабаққа араласып
отырды.
Қолданылған
әдіс-тәсілдер тиімді болды. Уақыт
тапсырмалар көлеміне нақты жоспарланып,
өлшемге дәл сыйды. Сабақтың ортасы 28
минут.
Тапсырмаларды
дайындау барысында тыңдалым материалын
өзгерттім. Себебі тарихи романның
сюжеті күрделі, тілі ауыр болғандықтан
осы романға негізделіп түсірілген
фильмді қысқартып, ықшамдадым. Оқушы
деңгейін басты назарға ала отырып,
сюжеттік құрылымы қарапайым, оқушының
қызығушылығын оятатындай етіп таңдауыма
топ пен тренердің ықпалы тиді. Сабақты
жоспарлауда тренердің, топтың
қолдауларымен, кеңестерімен түзете
отырып, көп нәрсені үйрендім. Жүргізетін
сабақтың сәтті әрі тиімді өтуі - сабақ
мақсатының дұрыс жоспарлануы арқылы
жүзеге асатынын нақты ұқтым.
|
Қорытынды
бағамдау
|
Қандай
екі нәрсе табысты болды (оқытуды да,
оқуды да ескеріңіз)?
1.
Оқу мақсатына бағыттап берілген
тыңдалым ресурсы.
2.
Әдіс-тәсілдер тиімді болды.
Қандай
екі нәрсе сабақты жақсарта алады
(оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
Оқушылардың топтасып жұмыс жасап,
өзара пікір алмасып, сабаққа белсене
араласуы
2.
Оқушы мен мұғалім арасындағы үздіксіз
байланыстар мен кері байланыс.
Сабақ
барысында сынып немесе жекелеген
оқушылардың жетістіктері/қиындықтары
туралы не білдім? Менің келесі сабағымды
жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл
бөлу керек?
1.
Тапсырмаларды
орындау барысында әдістерді уақытқа
сай ықшамдау;
2.
Ресурстар оқушылардың қызығушылығын
тудыруы қажет.
|