Тәрбие
сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы:
Қауіпсіз
қоғам
«Имандылық – адамгершілік
пен ізгіліктің тірегі»

Сынып: 5-11
Сынып
жетекші:
Қауіпсіз
қоғам
«Имандылық – адамгершілік
пен ізгіліктің тірегі» тәрбие сағатының
жоспары
Тақырыбы: Қауіпсіз
қоғам
«Имандылық – адамгершілік
пен ізгіліктің тірегі»
Мақсаты:
-
Оқушыларға буллингтің (қорқыту, кемсіту,
әлімжеттік) не екенін түсіндіру;
-
Буллингтің түрлері мен оның салдары туралы
ақпарат беру;
-
Оқушыларды өзін-өзі қорғауға, құрдастарын
қолдауға, мейірімділік пен сыйластыққа тәрбиелеу;
-
Мәселені шешудің дұрыс жолдарын
көрсету.
Қатысушылар: 5-11 сынып оқушылары
Өткізу форматы: Тренинг, сұхбат, рөлдік ойын, бейнежазба
көру
Қажетті құралдар:
Презентация, бейнероликтер, постерлер, қағаз,
маркерлер
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (5
минут)
-
Оқушылармен амандасу.
-
"Жылы сөз" тренингі: әр оқушы бір-біріне
жақсы тілектер айтады
-
Оқушылар сурет таңдау
арқылы топқа бөлінеді
-
Топқа бөлу: Оқушыларды "Имандылық",
"Адамгершілік", "Ізгілік" сөздерімен топтастыру.
Тақырыпты таныстыру: «Имандылық – адамгершілік
пен ізгіліктің тірегі».
ІІ. Негізгі бөлім (25 минут)
Қызығушылықты ояту (7
минут)
-
Сұрақ: "Имандылық деген не?"
-
Бейнематериал көрсету: "Имандылық – адамгершілік
негізі" (қысқа видео үзінді);
-
Бейнематериал бойынша талқылау.
Мағынаны ашу (20 минут)
Имандылықтың мағынасы:
Имандылық –
адамның рухани-адамгершілік қасиеттерінің жиынтығы, ар-ұждан
тазалығын сақтауға бағытталған ішкі сенімі мен ұстанымы. Бұл ұғым
қазақ халқының ұлттық дүниетанымында терең мағынаға ие,
адамгершілік пен әдептілікке негізделген. Имандылық – адалдықты,
шыншылдықты, әділдікті, сабырлылықты, мейірімділікті,
кешірімділікті қамтитын қасиет.
Адамгершілікпен
байланысы:
Адамгершілік –
адамның моральдық құндылықтарын, әдеп нормаларын сақтау,
айналасындағы адамдарға құрметпен қарау және адал қарым-қатынас
жасау қабілеті. Имандылық адамгершілікке негізделеді, өйткені
иманды адам әрқашан шыншыл, әділ, кішіпейіл болады және өзгелерге
мейіріммен қарайды. Яғни, имандылық – адамгершіліктің рухани
тірегі.
Ізгілікпен байланысы:
Ізгілік –
адам бойындағы қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, өзгенің
игілігі үшін жақсылық жасауға ұмтылу. Имандылық ізгілікпен тығыз
байланысты, себебі иманды адам әрқашан ізгі істерге бейім,
жақсылықты насихаттайды және айналасына шапағат шуағын шашады.
Имандылық – ізгіліктің қайнар көзі, себебі ол адамдарды бір-біріне
мейірімді, әділ және адал болуға шақырады.
Топтық жұмыс:
Оқушылар 3 топқа
бөлінеді:
1-топ: "Имандылықтың адам өміріндегі маңызы"
постер жасау;
2-топ: "Адамгершілік пен ізгілік туралы
мақал-мәтелдер" жинақтау;
3-топ: "Имандылыққа қатысты өмірлік жағдайлар"
сахналық көрініс дайындау.
Әр топ өз тақырыбын талдап, постер жасап,
қорғайды.
Шығармашылық тапсырма:
Ой толғаныс (8 минут)
Бір оқушы алға шығып, имандылық туралы ойын
ортаға салады, сынып сұрақтар қояды..
ІІІ.Қорытынды бөлім (10
минут)
-
"Бір ауыз сөз" әдісі (оқушылар сабақтан алған әсерін бір сөзбен
жеткізеді).
-
"Имандылық – адамгершілік пен ізгіліктің тірегі"
екенін түсіну;
-
Оқушылардың
рефлексиясы:
"Маған бүгінгі сабақтан ұнағаны…" сөйлемін
аяқтау;
Үй
тапсырмасы:
-
" Имандылық – адамгершілік
пен ізгіліктің тірегі " тақырыбында шағын
әңгіме жазу.