Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Индикаторлар №7 зертханалық жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруін білу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлім:Химиялық реакциялар 7.3А

Алматы қаласы, Әуезов Ауданы, «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия

Күні:

Сынып: 7

Мұғалімнің аты-жөні: Орынбекова Ботакоз Сырманқызы

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың

тақырыбы

Индикаторлар.

7 зертханалық тәжірибе «Ерітінділердің қышқылдық, сілтілік, ортасын анықтау».

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.3.4.1-«қышқылдық» және «сабындылық» қасиеттер кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің белгілері болуы мүмкін екендігін білу.

7.3.4.2–химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруін білу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушы: Табиғи қышқылдар мен сілтілердің белгілері болуы мүмкін екендігін және химиялық индикаторлардың ( метилоранж, лакмус, фенолфталеин) ертінділерде түстерінің өзгеруін біледі,түсінеді.

Басым бөлігі:

Табиғи қышқылдар мен сілтілердіңқасиеттерін сипаттайды, мысал келтіреді.Әртүрлі ортадағы индикаторлардың түстерінің өзгеруін ажыратады.

Кейбірі: Кейбір табиғи өнімдердің құрамында қышқылдар мен сілтілердің болатындығын біледі және қасиеттерін сипаттай алады. Әмбебап индикатор арқылы олардың ортасын анықтай алады.

Бағалау критерийі

- Химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус және фенолфталеин-нің әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруі арқылы оларды ажырата алады

-Табиғи қышқылдар мен сілтілерді атайды және олардың қасиеттерін атайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар

-Табиғи қышқылдармен сілтілерге мысал келтіреді,индикатор арқылы ортасын анықтайды,талдауға арналған сұрақтарға жауап береді, талдайды, тұжырымды ойларын айтады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: химиялық реакция, индикатор, қышқыл, сілті, рН, метилоранж, лакмус, фенолфталеин.

Құндылықтарға баулу

Топтық жұмыста – ұжымшылдық, ортақ істің нәтижесіне жауапкершілікпен қарау; жеке жұмыс - тәжірибеде қолдана алу және қауіпсіздік ережесін сақтау, өзін-өзі реттеу;

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, биология

Алдыңғы білім

6.3.2.2 Тірі және өлі табиғаттағы қышқылдар мен сілтілер. ҚТЕ. Негізгі химиялық ұғымдар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

12 мин


Ұйымдастыру кезеңі

















Эмоционалық көңіл-күй

Барлығымыз жанымыздағы оқушыға қараймыз, көздеріне тура қарай отырып, күлімсіреп, жымиыңыздар. Бүгінгі сабаққа жақсы көңіл-күй және сәттілік тілеңіздер. Енді маған қараңыздар. Менде сіздерге бірге отырып жұмыс жасап, жаңа бір ұғымдарды ашуға тілектеспін.

Қызығушылықты ояту

Бүгін біз сіздермен бірге ғылыми-зерттеу орталығындамыз және сол жерде жұмыс жасайтын Жас Ғалымдармыз. Біздің міндетіміз - сіздермен бірге кейбір заттарды зерттеу болып табылады. Ғылыми-зерттеу орталығымызда бір лаборант қышқылдар мен сілтілердің ертітіндісін дайындаған екен, бірақ олардың химиялық стакандарына атауларын жазуды ұмытыпты. Есімізге түсірейікші, қышқылдар мен сілтілер туралы не айта аласыздар?

Алдарыңызда стакандарда ерітінділер берілген, яғни қышқылдар мен сілтілер. Оларды қалай анықтауға болады? Қандай ұсыныстарыңыз бар. (Оқушылар индикатор қағазы арқылы анықтауды ұсынады және орындайды)

Бейнекөрініс: «Индикатор түрлері»

Қайсы станканда индикатор қағазы қызыл түске боялды?

Демек, оның ортасы қандай?

Қайсы станканда индикатор қағазы көк түске боялды?

Демек, оның ортасы қандай?

Қайсы стаканда индикатор қағазы өзгеріссіз қалды?

(Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді)

Бейнекөрініс: «Индикаторлар тұрмыста»

Жас Ғалымдар бүгінгі сабақ не туралы болмақ? (Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын айтады)

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатымен презентация арқылы таныстырылады.


Сабақ тақырыбына байланысты презентация








Химиялық стакандағы ерітінділер: қышқыл, сілті. Индикатор қағазы


http://bilimland.kz/ru/






http://bilimland.kz/ru/


слайд

Сабақтың ортасы

(25 минут )










































Жаңа сабақтың таныстырылымы «Жұптық» жұмыс

7 зертханалық жұмыс

Бейнекөріністе айтылды. Сонымен, индикатор дегеніміз не? Қандай түрлері бар?

Олай болса, қалған индикаторлар басқа орталарда қандай түске өзгеретінін жұп болып анықтайық. Индикаторлар лакмус, металоранж, фенолфталеин. Қазір ерітінділерімізді үш сынауыққа бөліп алайық. Бірінші сынауыққа – лакмус, екіншісіне – метилоранж, үшінші сынауыққа – фенолфталеин тамызайық. Не байқадық кестеге түсіреміз.

Кесте-1

Индикаторлар

Ерітінділердегі индикатордың түстері

І ерітінді

ІІ ерітінді

ІІІ ерітінді

Лакмус




Фенолфталеин




Метилоранж




Әмбебап

индикатор




Ерітінді ортасы

......

......

......

Ендеше, бірге қорытынды жасайық:

Лакмус, метилоранж, фенолфталеин қышқылдық ортада қандай түс көрсетеді? Сілтілік ортада қандай түске боялады? Ал бейтарап ортада? (Оқушылар эксперимент нәтижелерін айтады)


Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус және фенолфталеин-нің әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруі арқылы оларды ажырата алады

ҚТ ережелерін сақтай отырып тәжірибені жасайды

1

Кестені дұрыс толтырады

1

Сілті мен қышқыл ерітінділеріндегі индикаторлардың түсінің өзгеруін анықтайды

3


Күнделікті өмірде кездестіретін қышқылдар мен сілтілеріміз белсенділігі бойынша – өте әлсіз, ал зертханамызда өте күшті қышқылдар мен сілтілер бар. Қышқылдар мен сілтілердің күштері қалай анықтауға болады. Олардың күштерін анықтау үшін бейнекөрініске назар аударайық.

Бейнекөрініс: « Сутектік көрсеткіш»

Ал ендеше, бейнекөріністен қорытынды жасайық (рН шәкілі бар слайд көрсетіледі). Қай қышқыл күштірек? Рн = 1 ме әлде рН = 3 пе? Қай сілті күштірек? рН = 11 ме, әлде pH = 13 пе? (оқушылар сұрақтарға жауап қатады).

«Топтық жұмыс»жұмыс. №8 зертханалық жұмыс

Олай болса, тұрмыста кездесетін заттарды зерттеу үшін 2 топқа бөлініп алайық:

1 топ. Кестеде көрсетілген азық-түлік тағамдарының ортасын анықтап, нәтижесін кестеге толтырыңыз.

2 топ. Кестеде көрсетілген жуғыш заттардың ортасын анықтап, нәтижесін кестеге толтырыңыз.

1-топ


Индикатор қағазының түсі

Ерітінді рН-ы нешеге тең

Ерітінді ортасы

Қорытынды

Ас содасы





Ас тұзы




Лимон қышқылы




2-топ


Индикатор қағазының түсі

Ерітінді рН-ы нешеге тең

Ерітінді ортасы

Қорытынды

Кір жуғыш ұнтақ





Кір сабын




Тіс пастасы





Оқушылардан өз нәтижелерін айтуды сұралады (әр топтан 1 оқушы жасалған жұмыстың нәтижесін қорытындылайды)


Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.10.2020
1176
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12