жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Инженер болғың келе ме?" 8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Инженер болғың келе ме?
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Айтқазинова Айгерім Сайлауғазықызы |
|
Сынып: 8 «Ә» |
Қатысқандар саны: 21 |
Қатыспағандар саны: 0 |
Оқу мақсаттары |
8.1.4.1 – мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтайды; 8.3.3.1 – мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазады. |
|
Сабақ мақсаттары |
Оқушылардың барлығы орындай алады: мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтайды. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: деректердің маңызды тұстарын анықтап жазады. Оқушылардың кейбірі орындай алады: анықталған тірек сөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдана алады. |
|
Бағалау критерийлері |
грамматикалық ережелерді ұстанады; эссе жаза алады. |
|
Тілдік мақсат |
Негізгі сөздер мен тіркестер: инженер, нанотехнологиялар, маман, конструкция, өндіріс, ақпараттық технологиялар. |
|
Алдыңғы оқу |
Инженер мамандығы туралы ойларымен бөліседі. |
|
Жоспар
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
Басталуы |
Ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Үй тапсырмасы.
Жұптық тапсырма. Әр салаға қатысты термин сөздер мен кәсіби сөздерді топтастырып жазады.
Топтастыру жұмысы.
Логистика
|
ОӘК материалдары |
Ортасы |
Жаңа сабақ. Инженер болғың келе ме? Инженер – қашаннан сұранысқа ие маман. Инженерлік - нано-технологиялық, ақпараттық жүйелерді жобалау, жетілдіу және іске қосу, басқару процестерін қамтамасыз ететін, ғылым мен тәжірибеге негізделген мамандық.
Инженер
мамандығының салалары
инженер-механик инженер-құрылысшы инженер-технолог инженер-энергетик инженер-
метролог инженер-
топограф
инженер-геофизик инженер-мұнайшы тау-кен
инженері авиация
инженері теміржол
инженері инженер-металлург
Оқылым мәтіні бойынша сұрақтар:
Дискриптор:
Диалект сөздер - белгілі бір жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер. Диалект сөздер жалпыхалықтық болып есептелмейді. Өйткені олардың көпшілігінің әдеби тілде баламалары болады.Мысалы, әдеби тілдегі тәртіп сөзі Орал облысында нұсқау, бұйрық денген мағынада қолданылады; әдеби тілдегі шалбар сөзі Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында сым деп айтылады; әдеби қабырға сөзі Ақтөбе облысында жар дегенді білдіреді; әдеби жұмыртқа сөзін Оңтүстік Қазақстан облысында тұқым деп атайды. Диалект сөздер түрліше болып келеді. Мысалы, тыңла - тыңда, құдағай – құдағи, полат – болат, баралы – баралық, бережақ – берешек, келулі – келді, т.б. Қазіргі әдеби тілімізге біраз диалект сөздер еніп, жалпыхалықтық тілге айналды. Мысалы: арасан суы, жейде, ұжым, кеден, немелтай, (шөберенің баласы), үшен, төртем, т.б. Тілдегі бұл жағдай әдеби тілді байытудың бір жолы болып табылады. Жаргон дегеніміз – өзіне ғана тән лексикасы және фразеологиясымен, сөз орамдарының экпрессивтілігімен және сөзжасамдық тәсілдердің ерекше қолданысымен жалпы ауызекі тілден ажыратылатын, алайда өзінің фонетикалық және грамматикалық жүйесі болмайтын тілдік құрылыс болып табылады. Қазіргі тілде жаргон, әсіресе жастар тілінде (жастар сленгі) кеңінен қолданыс тапты. 2-тапсырма. Екі топқа бөлініп, екі пікірдің бірін жақтап, ойталқы өткізіңдер. Тұжырым шығарыңдар. 3-тапсырма. Диалект сөздердің әдеби баламасын жаз. Өздік жұмыс
баламасын жаз. Пешене-тағдыр құрапат-жиын, мәжіліс пошымы-түр, пішіні сым-шалбар ұқшамас-ұқсамас ұяна-ояна шырыңке-сіріңке пұл-ақша кәнігі-кәдімгі Дискриптор: Диалект сөздердің әдеби баламасын табады, Сөйлем ішінен диалект сөздерді таба алады Қалыптастырушы бағалау Қызыл, қоңыр, сары түсті домалақ белгілер. Қызыл түс – өткен тақырыпты жақсы түсіндім. Қоңыр - өткен тақырыпты орташа түсіндім. Сары - өткен тақырыпты түсінбедім. |
ОӘК материалдары |
Соңы |
Кері байланыс. Сабақ бойынша кері байланыс алынады. -Сабаққа қандай мақсат қойылды? -Біз сабақ мақсатына жеттік пе? -Сабақ мақсатына жетуде қандай қиындықтар туындады? |
Ауызша кері байланыс |
Қорытынды |
Үйге тапсырма: 80-бет 5, 6-тапсырма |
|
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
|
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
|
|
1-топ. Мәтіннің бірінші абзацы бойынша жұмыс жасайды.
Қасқыр қандай аң? (сипаттама беріңіздер)
Бірінші абзац бойынша тірек сөздерді жинақтаңыздар.
Сөздік қорға енетін сөздерді теріп жазыңыздар.
2-топ.
Екінші абзацтан перифразаларды табыңыздар.
Екінші абзац бойынша тірек сөздерді жинақтаңыздар.
Синтетикалық тәсілмен жасалған сөздерді табыңыздар.
3-топ.
Үшінші абзац бойынша тірек сөздерді жазыңыздар.
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөздерді табыңыздар.
Сөйлемнен жалқы және жалпы есімдерді табыңыздар.
4-топ.
Төртінші абзац бойынша тірек сөздерді жазыңыздар.
Лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған сөздерді табыңыздар.
Мұндағы Қоспан мен қасқыр арасындағы шайқас қалай бейнеленген.
5-топ.
Бесінші абзац бойынша тірек сөздерді жазыңыздар.
Міз бақпау, қайрат қылды тіркестерінің мағынасын ашыңыз.
Қоспан мен қасқыр арасындағы шайқас қалай бейнеленген.
6-топ.
Алтыншы, жетінші абзац бойынша тірек сөздерді жазыңыздар.
Дәрмені азайған, ышқына тартылып тіркестерінің мағынасын ашыңыз.
Қойшы болу оңай кәсіп пе? Ойларыңызды талқыға салыңыздар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген