Материалдар / Ашық сабақ "Интерьерге арналған сәнді бұйымдар "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Интерьерге арналған сәнді бұйымдар "

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2021
323
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қысқа мерзімді жоспар № 2 сабақ



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Үй мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Интерьерге арналған сәнді бұйымдар (2D/3D форматта). Құрал-жабдықтар мен материалдарды дайындау.

Осы сабақта

қол жеткізілетін

оқу мақсаттары

8.1.6.2 бұйымды дайындау мен безендіру үшін заманауи және дәстүрлі емес материалдардың тиімді қолданылуын түсіне отырып өздігінен таңдау;
8.1.6.4 шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі технологиялар мен өнер материалдарын өз бетінше анықтау, таңдау және біріктіру

Сабақ мақсаттары

Интерьерге арналған сәндік бұйымды дайындау үшін заманауи және дәстүрлі емес материалдарды қолдану. Оны дайындауға арналған көркемдік материалдар мен әртүрлі техниканы үйлестіру.

Жетістік критерийлері

- Материалды таңдау факторларын анықтайды;

- материалды қолдану нұсқаларын қарастырады;

- сәндік бұйымға арналған материал қасиетін сипаттайды;

- бұйым жасау үшін құралдарды таңдайды;

- таңдалған техникада бұйым жасау кезеңдерін құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Сәндік бұйым жасауға арналған материал ерекшелігін түсіндіреді, құралды таңдауын дәлелдейді.

Пәнге тән лексика және терминология:

қалдық материал, табиғи материал, материал фактурасы, коллаж, ассамбляж, панно, экологиялық қасиеті.

Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Таңдалған материалдар … сипатталады.

Бұйымды жасау барысында … қолдану жобаланады.

Құндылықтарды дарыту


Құрмет, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық.

Пәнаралық байланыстар

-

Бастапқы білім

Интерьер стильдері, интерьердегі сәндік элемент түрлері, конструкциялық/ тоқыма материалдар қасиеті.


Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басталуы

1 минут


4-3 минут















1-2 минут


Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сыныпта жақсы жағдай қалыптастыру.


Білімді белсендіру мақсатында өткен сабақты қайталау.

Оқушылар жұптарға бірігеді, бір-біріне өткен сабақта орындаған эскиздерін, бұйым жасау үшін дайындаған материалын көрсетеді. Бұйым жасау үшін оның жеткіліктілігін, түстерінің үйлесімділігін және өзге материалдармен ауыстыру мүмкіндігін талқылайды.

Оқушыларға келесі сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:

  • Материал таңдауға қандай факторлар әсер етті?

  • Таңдалған материалдың өңдеу барысында қолданылуы, яғни бұйым жасау процесін жеңілдете ме, қиындата ма?

  • Бұйым бөліктері/бөлшектері/элементтері қандай тәсілмен біріктіріледі?

Сабақ тақырыбы және мақсатымен танысу: оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырыңыз, олармен бірге бағалау критерийлерін талқылаңыз.





Шығарма

шылық жұмыс эскиздері. Бұйым жасауға арналған материалдар мен құралдар.

Сабақтың ортасы

10 минут.






5-7 минут













14-12минут

























Интерьердің сәндік бөлігінде қолданылатын материалдардың үлгілерін көрсету. Презентация/суреттерді көрсете отырып, оқушылардан көрсетілген үлгілердегі материалдардың қалай қолданылып, өңделгенін түсіндіруін сұраңыз.

Бүгінгі таңдағы шығармашылықтағы жаңа бағыт «Аrt Trash» (арт треш), «Аrt Dump» (арт дамп) туралы әңгімелеңіз.



Тәжірибелік жұмыс: материалдарды жіктеу.

Оқушылар сәндік заттардың атауы немесе суреті бар карточкаларды таңдап, топтарға бірігеді. Оқушыларға топта сәндік затқа арналған материалдарды орналастыруды, оларды топтастырылған белгілері бойынша дәлелдеуді, материалдарды жіктеудің сызбасын құруды ұсыныңыз.

Сұрақтарға жауап беріңдер:

- Тұрғын үй интерьерін сәндеу үшін оларды таңдай отырып, материалдың қандай қасиеттерін ескеру қажет?

- Интерьерді сәндеуге материалдың эстетикалық қасиеті қалай тиімді қолданылуы мүмкін?

Тәжірибелік жұмыс: материалдар мен құралдарды дайындау. Ағымдық нұсқау.

Тәжірибелік жұмысты жеке немесе бұйым жасау үшін таңдалған материал түрі бойынша, немесе сәндік бұйым түрі бойынша бірігіп, топта орындауға болады.

Материалды өңдеуді және бөлшектерді дайындауды бастау алдында жұмыс кезеңдерін дайындау, яғни бұйым дайындау реттілігін құру қажеттігін оқушылардың есіне салыңыз.

Мысалы, коллаж жасау кезінде келесі кезеңдерді орындайды:

- негізін немесе фон дайындау;

- коллаж бөлігін немесе бөлшектерді дайындау және өңдеу;

- бөлшектерді немесе бөліктерді біріктіру және оларды негізімен біріктіру;

- соңғы өңдеу және жұмысты безендіру.

Оқушылар сәндік бұйымды жасаудың әрбір кезеңінде құрал-жабдықтардың қолданылу реттілігін анықтай отырып, өңдеу, бөлшектерді біріктірудің, бұйымның негізіне арналған материалдардың қай кезеңде қолданылатынын анықтайды.

Кестені толтырады.


р/с

Реттілігі/кезеңі

Материалы (атауы, саны, түсі)

Құрал-жабдықтар

1

2

3

4






Оқушылар бөлшектерді белгілеу, таңдалған материалдан бұйым бөліктерін немесе элементтерін дайындауды орындай отырып, материалдармен тәжірибе жасайды.

Мұғалім жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуын, техника қауіпсіздігінің сақталуын бақылап, оқушыларға қолдау көрсете отырып, мақсатты аралап шығады.



Оқушылар тәжірибелік жұмысты аяқтаған соң жұмыс орнын жинастырады.

Тапсырманың дескрипторы:

- таңдалған техникада бұйым дайындау кезеңдері анықталған;

- бұйымды дайындау кезіндегі материалды қолдану реттілігі көрсетілген;

- бұйымды дайындау кезеңдеріне арналған құрал-жабдықтар таңдалған;

- бұйым бөлігі/бөлшегі/элементін белгілеу орындалған.


Интерьерге сәндік бұйым жасау үшін материалды қолдану үлгілері көрсетілген суреттер немесе

презентация.

Сәндік заттардың атауы немесе суреті бейнеленген карточкалар.


















Жұмыс дәптері және альбом.











Сабақтың соңы

2 минут



3 минут

Жұмыс таныстырылымы:

Оқушылар кестеге енгізілген ақпаратты талқылайды, сыныптастарының жұмысына түсініктеме береді.


Рефлексия: «Плюс – минус – қызықты»

Оқушыларға жазбаша немесе ауызша орындауға ұсыныс жасаңыз (уақытқа байланысты). Жазбаша түрде оқушылар кестенің үш бөлігін толтырады. «П» - «плюс» бөліміне сабақта ұнағанның барлығын жазады, ақпараттар мен жұмыс формалары. «М» - «минус» бөлігіне не ұнамағанын жазады, оқушы көзқарасы бойынша оған қажет емес ақпараттар. «Қ» - «қызықты» бөліміне сабақтағы қызықты жағдайларды, тағы нені білгісі келетінін және мұғалімге сұрағын жазады.


Плюс

Минус

Қызықты




Таратылатын материал



Саралау көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер жүктеуді жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау шығармашылық жұмысқа материал таңдау кезінде көрінеді.


Өзін өзі бағалау, өзара бағалау

Кабинетте жалпы ережені сақтау. Кесетін- тесетін құралдармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.










Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!