жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Иондық байланыс 8 сынып химия
|
Сабақ тақырыбы: |
§37 Иондық байланыс |
|||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
8.1.4.2 иондық байланыстың түзілу механизмін сипаттау және иондық қосылыстардың қасиеттерін болжау |
|||
|
Сабақ мақсаттары |
- иондық байланыстың түзілу механизмін түсіну -иондық байланыстың түзілу механизмін "нүктелер мен айқыштар" диаграммасын арқылы көрсете білу - иондық қосылыстардың қасиеттеріне болжам жасау |
|||
|
Бағалау критерийлері |
Иондық байланысы бар қосылыстардың қасиетін болжайды |
|||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: Иондық байланыстың түзілуі туралы ауызша айта алу және тұрақтылыққа ұмтылу үшін электрондарды беріп немесе қосып алатындықтарын түсіндіре білу Пәндік лексика мен терминология: Иондар, иондық тор, коваленттік байланыс, электростатикалық тартылыс күші, электртерістілік, қосылыс, формула, атом, топ нөмірі, соңғы электрондық қабат және т.б. Диалогқа қажетті тіркестер: Натрий атомында х электрон бар, ал натрий ионында у электрон бар. Оттегі атомына қарағанда оттегі ионы........................, себебі................
|
|||
|
Құндылықтарды дарыту |
Топтық жұмысты орындау арқылы ынтымақтастыққа, өзара оқыту өзінің және басқа оқушылардың білім алуына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. |
|||
|
Пәнаралық байланыс |
Математика |
|||
|
Бастапқы білім |
7.2А Атомдар. Молекулалар. Заттар 7.3В Химиялық элементтердің периодтық кестесі 8.1А Атомдағы электрондардың қозғалысы 8.3А Химиялық элементтердің периодтық жүйесі |
|||
|
Сабақ барысы |
|
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
|
||
|
Сабақтың басы 10 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі : Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Смарт бейджик арқылы оқушыларды топқа бөлу. Оқушылардың сабаққа назарын аудару үшін алдыңғы білімді қайталау. Үй тапсырмасын сұрау. Топтық жүмыс. «Бәйге» интерактивті тақтада қойылған сұраққа топтар ұялы телефонды қолдану арқылы дұрыс жауабын белгілейді. Қ Б: «қол шапалақ» әдісі арқылы жүргізіледі. Слайд арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашуға бағытталған жетелеуші сұрақтар қою. Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттарымен таныстыру |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың ортасы 25 мин
|
Жаңа сабақты меңгеру: Білімленд.кз сайтынан иондық байланыс тақырыбына бейнекөрініс көрсетіліп топтық жұмыс беріледі. «Айналмалы бекет» әдісі.Топтар мәтінмен танысады. Өздеріне берілген тапсырманы орындап, сосын сағат тілі бағыты бойынша келесі топқа ауысады.басқа топтың тапсырмасымен танысып,бағалайды. І-топ
Бағалау критерийі:
Дескриптор:
ІІ-топ
Бағалау критерийі:
Дескриптор:
ІІІ-топ
Бағалау критерийі:
Дескриптор:
Оқушылар бейнекөріністен алған мәліметтерін пайдаланып, сұрақтарға жауап жазады. Топтар орындарын ауыстырып, келесі топтың жұмысын толықтырып, бағалайды. ҚБ: катион + -өте жақсы. Атом о – жақсы Анион - орташа Оқушылар қолдарындағы дөңгелекшелер арқылы топтардың жұмысын бағалайды. Содан соң химиялық байланыстар, иондық байланыс туралы мұғалім қосымша ақпарат береді. |
Презентация, оқу және сабақ мақсаттары, күтілетін нәтижелер (бағалау критерийлері) жазылған слайдтар.
|
||
|
Сабақтың ортасы 25 мин
Сабақтың соңы 5 мин
|
Сергіту сәті: «Поляр шұғыласы» Топтық жұмыс «Суреттер сөйлейді»
Атом тобы:
Катион тобы:
Анион тобы:
Топтар суреттерге қарай отырып болжам жасайды. Қ Б: «Бас бармақ» Жеке жұмыс : 1.Иондық байланысы бар қосылыстарды теріп жаз. NaF, K2O, PH3, F2, N2,K2S, HBr, CaCl2, SO2 2.Магний (2,8,2) және Күкірт (2,8,6) атомдары арасындағы иондық байланысты «нүктелер мен айқыштар» диаграммасы арқылы көрсет.
3. NaF-дағы иондық байланысты «айқыштар мен нүктелер» диаграммасы арқылы көрсет. Саралау тапсырмаларын оқушылар орындап болған соң парақтарын ауыстырып, тақтадағы дұрыс жауаптарымен салыстырып өзара бағалайды. Өздерінің бүгінгі сабақты қалай меңгергенін табыс баспалдағы арқылы бағалайды. ҚБ: «табыс баспалдағы»
|
флипчарт, түрлі түсті маркерлер
|
||
|
Рефлексия « плюс,минус,қызықты» әдісі Плюс + Сабақта жақсы түсінген мәліметті жазады. Минус – Түсініксіз болған мәліметті жазады. Қызықты. Әлі де түсінуі қажет,білгісі келетін мәлімет Үй тапсырмасы: §37 иондық байланысы бар қосылысқа 4 мысал жазып « айқыштар мен нүктелер» диаграммасын салу. Мұғалім сабақ мақсаттары бойынша сабақты қорытындылайды. |
Жұмыс парағы
|
|||
|
|
|
|
||
шағым қалдыра аласыз








Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген