Ашық сабақ "Ж дыбысы және әрпі" даярлық топ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Ж дыбысы және әрпі" даярлық топ

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық топ тәрбиешілеріне арналған сауат ашудан ұйымдастырылған оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе қаласы

ЖШС «Бопай» бб

Тәрбиеші: Төлепова Айгүл Ақылбекқызы

Күні: 28 .04.2021жыл.

Тобы: «Бәйтерек» мектепалды даярлық тобы.

Бала саны: 18 бала.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері

Тақырыбы: Ж дыбысы және әрпі

Мақсаты: Дыбысының айтылуы, дыбысталу артикуляциясымен таныстыру.Ж дыбысын басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету.Сурет арқылы заттың атауын білу,ойлау қабілеттерін арттыру,штрихтауға қолдарын жаттықтыру.

Қолданылатын көрнекіліктер: Интерактивті тақта,тақырыпқа байланысты суреттер,слайдтар, дыбыстық фишкалар, қаңқызыл қоңызы суреті , сергіту сәті, ойындар.


Іс – әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың іс – әрекеті

Мотива - циялық қозғау-шылық





Жағымды жағдай орнату, шаттық шеңберін құру:

Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба, Жер ана!

Амансың ба, Достарым,

Сендерді көрсем қуанам.

Сәттілік біздер тілейік,

Күндей күліп жүрейік,

Күннің нұрын төгейік.

*Артикуляциялық жаттығу: «Ине».

*Тыныс алу жаттығуы: сендер шаршап қалған боларсыңдар қане терең тыныс дем ала кеудемізді ауаға толтырып демімізді бөліп – бөліп шығарайық.



-Балалар,өткен іс-әрекетімізде қандай дыбыспен таныстық?

-Дұрыс айтасыңдар, олай болса, дыбыс дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дыбыстарды қандай үйшіктерге орналастырамыз?

-Дыбыстар тағы қалай айтылады?


Балалар шаттық шеңберін құрады.







Балалар қызығушылықпен жасайды.


-Ы дыбысы

-дыбысты естиміз,айтамыз.

-дыбыстар екіге бөлінеді.

-Қызыл және көк түсті үйшікке

-Жуан жіңішке.

Барлығы бірге дыбыстайды.

Ұйым

дасты рушы

лық ізденістік


Қанқызыл қоңызының аудио дыбысын қосу.

-Ой балалар, менім алдыма не ұшып келді?

-Бұл не болды ?

-Ия, бұл жәндік,қараңдаршы өте әдемі. Қаңқызыл қоңызы туралы тақпақты бірге айтайықшы.

-Жа-жа жа

Қоңыз шықты далаға

Алды артына қарады.

Таба алмай ешкімді, быжылдауды бастады.Ж-ж-ж-ж

-Жоғарғы,астыңғы тістерімізді қосып,ернімізді тигізбей жасаймыз.ЖЖЖ.

-Балалар, қаңқызыл қоңызы қалай дыбыстайды екен?

-Сендер қандай дыбысты естіп тұрсыңдар?

Олай болса бүгін Ж дыбысы және әрпімен танысатын боламыз. Ал қанқызыл қоңызы сендерден көмек сұрап келген тәрізді.Ол қонатын гүлін іздеп жүр.Көмектесеміз бе? Ол үшін тапсырмаларды мұқият тыңдап дұрыс орындайық.

-Барлығымыз тақтаға (ИАТ) назар аударайық

- Суретте нені көріп тұрсыңдар?

-Ия, дұрыс, қандай дыбыс естіліп тұр бірінші?

Дұрыс айтасыңдар.Олай болса бүгінгі танысатын жаңа дыбыс Ж, Ж дыбысы сөздің басында,ортасында,соңында кездеседі.

Ж дыбысы қалай айтылып тұр?

-Онда қандай үйшікке орналастырамыз?

-Сөздер айтайықшы. Жапалақ-неше буын бар?

-Жаз сөзі, неше буынға бөлініп тұр?

-Сөздің қай жерінде естіліп тұр?

-Ия, дұрыс айтасыңдар.Енді сөздерді талдайық.

-Ждыбысының таңбасы қандай жәндікке ұқсайды?

Қане ауаға Ж дыбысының әріп таңбасын жазып жаттығып алайық.

Жұмбақ жасыру.

Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады (жұлдыз)

Сергіту сәті. Арам сам-сам

Тақтамен жұмыс.

Жұлдыз сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Стол үстінде фишкалармен ожау, тәж сөзіне дыбыстық талдау жасату.

Суретпен жұмыс: Триз-технологиясы.Ж дыбысы бар суреттерді табу. Заттарды ортақ белгілеріне қарай атау . Құстар.Жемістер.Жануарлар.

-Қаңқа қыз.

-Жәндік

Қайталайды.









ЖЖЖЖЖ –Дыбыстайды.

Жжжжжжжж






Жылан,жұмыртқа,жаз,жуа,әже,жастық

Жжжж



Тез айтылады

Көк үйшікке

Үш буын бар

Бір буын

Басында


-Көбелекке


Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті

нің қор-тындысы

Дәптермен жұмыс:

1.Ж дыбысының әріп таңбасын жазу.

Дидактикалық ойын. Ж дыбысын естідің бе?

Шарты: ж дыбысынан басталатын немесе сөзде естілетін сөздерге көк түсті фишканы көтеру.

Жастық, тасбақа, жаз, әже, орман,жұмыртқа, құс,жануар,жем, жаға....

Ойын.Пазлдардан көктем, жаңбыр,қолшатыр бейнелерін құрастыру.

Сөздерден сөйлем құрау дағдыларын қалыптастыру.

Қорытынды.

Сонымен балалар бүгін біз қандай дыбыспен таныстық? Ж дыбысы қандай дыбыс? Неліктен дауыссыз?Ж дыбысының әріп таңбасы қандай жәндікке ұқсайды екен? Жарайсыңдар балалар,демек сендер қанқызыл қоңыздың гүлге қонуына көмектестіңдер.Сабақтың қай тұсы ұнады, бүгін барлықтарың сабаққа белсене қатысып отырдыңдар.Қанқызыл қоңыздың сендерге сыйлығы бар екен.Сабақ аяқталды, қонақтарымызға сау болыңыз дейміз.


й






Күтілетін нәтиже

Біледі: Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады.

Игереді: Сұрақтарға толық, жауап беруге үйренуді.

Меңгереді: Ж дыбысы туралы білімді меңгереді.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.06.2021
648
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі