400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жай бөлшектерді косу және азайту" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты :Тақырып аясында берілген есептерді шығара алады, яғни теориялық алған білімін практикада қолдана алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бейнеу ауданының әкімдігінің «Қарақұм орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Мектепішілік десант сабақ тақырыбы:

Жай бөлшектерді косу және

азайту




Өткізген: математика пәні мұғалімі Анбабаева Нургул


























2018 – 2019 оқу жылы


Жай бөлшектерді косу және

азайту

Мектеп: «Қарақұм орта мектебі» КММ

Күні: 09.11.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Андабаева Нургул

Сынып: 5 «А»

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.2.17 бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;

5.1.2.18 бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;

Сабақтың мақсаты

Тақырып аясында берілген есептерді шығара алады, яғни теориялық алған білімін практикада қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Оқушылар осы тақырып бойынша білу, түсіну, талдау, қолдану, анализ, синтез ойлау дағдыларын қалыптастыруы тиіс.

Тілдік мақсат

Осы тақырыпқа қатысты терминдерді үш тілде меңгереді, қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі әдебиеттердегі материалдарды меңгере алады. Ол үшін мынадай сөздіктер қолданамын.

Қазақша

Русский

English

Бұрыс бөлшек

Неправильная дробь

ImProper frac
ion

Аралас сан

Смешанное число

Mixed number

Бүтін бөлігі

Целая часть

Quotient

қалдық

остаток

Remainder

Бүтін сан

Целое число

Whole number

Сан ось

Числовая ось

Number line

Бөлшекті түрлендіру

Преобразование дробь

Enlarging a fraction

ықшамдау

упростить

Simplify

ықшамдау

упростить

Reduce

Мәтіндік есептер

Текстовое задачи

Written problems

Рационал сан

Рациональное число

Rational number

салыстыру

сравнение

Comparing

Мак Кей теоремасы

Теорема Мак Кея

MC Kay’s theorem

ортақ

Общий

Common

Әр түрлі

разны

diffferent


Құндылықтарды дамыту

Әділдікке, патриоттыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін дамыту

Пәнаралық байланыс

Геометрия, тұрмыста қолдана алу

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақста, интернет ресурстары (сайттар, видеолар, есептер), таратпа материалдар, көрнекі-демонстрациялық құралдар, фигуралар

Бастапқы білім

Жай бөлшектерді косу және азайту

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басы

5 минут

Ұйымдастыру сәті. Сыныпта «Көңіл күйің қандай?» әдісі арқылы жағымды психологиялық ахуал орнату.

«Гүлмен тілек» әдісі арқылы психалогиялық ахуалды арттыру және топқа бөлу.Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сандар арқылы топқа бөлінеді.(Натурал сан:1,2,3,4,.аралас сандар..,,жай бөлшек-1/2, 3/4,8/9,.)

Үй жұмысын тексеру; «Көршіңмен қалайсың?» әдісі арқылы тексеремін

Математикалық логикалық есептер беру арқылы «Миға шабуыл»

Шешесі мен қызының жасын қосқанда 28 жас. Шешесі қызынан 22 жас үлкен. Қызының жасы нешеде

28-22=6 Жауабы: қызының жасы 6 да




Негізгі бөлім Тақырыпты ашу

5 минут



«Фишбоун» әдісі

  1. Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай қосылады?

  2. Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай азайтылады?

  3. Бөлімдері әр түрлі бөлшектері қалай қосылады?

  4. Жай бөлшектің түрлері қалай аталады?

  5. Жай бөлшектерді қалай салыстырамыз?

  6. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін ата

Жауаптары:

1.Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда олардың алымдарын қосып, алым етіп, сол бөлімнің өзін қалдыру керек. Shape1 ;

2.Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтқанда азайғыштың алымынан азайтқыштың алымын азайтып, алым етіп, сол бөлімнің өзін қалдыру керек. Shape2 ; мұндағы а˃в немесе а=в.

3.Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу үшін: Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек.Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу керек.

4.Жай бөлшектің екі түрі бар: дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек.

5.Жай бөлшектерді салыстыру: Бөлімдері бірдей екі бөлшектің қайсысының алымы үлкен (кіші) болса, сол бөлшек үлкен (кіші). Алымдары бірдей екі бөлшектің қайсысының бөлімі кіші (үлкен) болса, сол бөлшек үлкен (кіші). Бөлімдері әр түрлі болса, бөлімінің ең кіші ортақ бөлімін тауып алып салыстырамыз.

6.Қосудың ауыстырымдылық қасиеті: қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді.








Топпен жұмыс

20 минут



«Ракета ұшыру» әдісі

508 есеп

509 есеп

Сергіту сәті (ауаға сан жазамыз)

«Пазл» әдісі бойынша 510 есеп

Оқушылар тобы түрлі бөліктерге бөлінген парақшаны алып, оның артқы жағында жазылған тапсырмаларды орындай отырып, парақшаны тұтастай жинайды. Пазл жиналғаннан кейін әр топтың оқушысы тапсырманың орындалуын түсіндіреді. «Пазл» тәсілі мәліметтерді жинау мен талдау біліктерін қалыптастыруды көздейді.


Жеке жұмыс

5 минут

Қалыптастырушы бағалау

5.2АБөлім: «Жай бөлшектерге амалдар қолдану»

Оқу мақсаты 5.1.2.17 бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуды орындау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосындысын табады

• Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтады

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

  1. тапсырма

Есептеңіз:

Дескриптор: Білім алушы

    • бөлімдері бірдей бөлшектерді қосады;

    • бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтады.

  1. тапсырма

Өрнектің мәнін табыңыз:

Дескриптор: Білім алушы

  • амалдардың орындалу ретін анықтайды;

  • жай бөлшектерді қосады;

жай бөлшектерді азайтады.


Соңы

5 минут

Сабақты бекіту

Рефлексия

Мен бәрін түсіндім

Мен орындай аламын




Мен келесілерді түсінбедім

Маған орындауға қиын




Үйге тапсырма №511



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету жұмыстары.

Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау

Нұсқаулықпен жүргізіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?


Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?


Жеткізбесе, неліктен?


Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?


Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?


Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?



Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 қараша
498
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі