400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныпөа математика пәнінен беретін мұғалімдерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Мектеп:

№86 жоббм

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Күні: 13.11.2019ж

Бурибаева Г.А.

Сынып: 5 в сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру тақырыбына есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.16 жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру.


- аралас сандарды ең кіші ортақ бөлімге келтіру.


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

Аралас сандарды және жай бөлшектерді оқи алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Бөлшек бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігін таба алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Жай бөлшектер мен аралас сандарды ортақ бөлімге келтіре алады.

Бағалау критерийі

  • Аралас сандарды және жай бөлшектерді оқи алады.

  • Бөлшек бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігін таба алады.

  • Аралас сандар мен жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіре алады.

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: үлес, алымы, бөлімі, бүтін бөлігі

Жай бөлшекке мысал келтіре аласың ба?

Өзара жай сандарға мысал келтіре аласың ба?

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

  • Дұрыс және бұрыс бөлшектер...

  • Аралас сандар...

  • ЕҮОБ....

  • ЕКОЕ....

  • Өзара жай сандар....

  • Жай бөлшектер мен аралас сандарды ең кіші ортақ бөлімге

Құндылықтарға баулу




Топтық жұмыс жасау арқылы ұйымшылдыққа ынтымақтастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу;

Жұптық жұмыс жасау арқылы бір-бірін сыйлауға, тыңдауға, қадірлеуге дағдыландыру.

Пәнаралық байланыс

Геометрия, әдебиет.

Алдыңғы білім


Дұрыс және бұрыс бөлшектер. Аралас сандар. Жай бөлшектер мен аралас сандарды қысқарту. Аралас сандар мен жай бөлшектерді координаталық сәуленің бойына белгілеу, кескіндеу.


Сабақ барысы


Сабақ -тың жоспар- ланған кезеңдері




Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері




Ресурстар






Сабақ-

тың басы


5 мин










2 мин






3 мин


1.Сабақты ұйымдастыру.


«Ішкі шеңбер, сыртқы шеңбер» әдісі арқылы психологиялық ахуал орнату, оқушыларды түгелдеу.


«Аквариум» әдісі арқылы топқа бөлемін

Кеспе қағаздарына дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек және аралас сандарды жазамын, оқушылар сол бөлшектерді дұрыс бұрыстығын ажырата отырып топқа бөлінеді.

  1. Дұрыс бөлшек

  2. Бұрыс бөлшек

  3. Аралас сан

2. Үй жұмысын «көршіңе сенесің бе?» әдісі арқылы тексеремін.. Дәптерлерін бір-бірімен ауыстырып, үй жұмысына берілген есептердің жауаптарын слайдта көрсетемін.

Оқушылар бірін-бірі бағалайды, ауызша кері байланыс беремін.

«Допты лақтыру» тәсілін пайдалану арқылы, оқушылардың бір-біріне сұрақ қойып, өткен тақырыптарды қайталауын, пысықтауын қадағалаймын.

Ауызша кері байланыс беремін.








Кеспе қағаздары





Дәптерлер


Слайд




Доп

Сабақ- тың ортасы

15 мин

















































2 мин








8 мин









2 мин











Тапсырма 1. «АВС» әдісі.

Жұптық жұмыс

Оқулықпен жұмыс

А тобы

№ 460

  1. 3) 5)


Дескриптор:

  • Бөлімдерінің ЕКОЕ-гін табу

  • Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру

  • ҚБ: Мұғалімнің кері байланысы болады

Саралау: көмек қажет ететін оқушыға қабілеті жоғары оқушы ең кіші ортақ еселікті табуға, ең кіші ортақ бөлімге келтіруге көмектеседі, үйретеді.


В тобы

№466

  1. 3) 5)

Дескриптор:

  • Бөлшектерді қысқарту;

  • Ортақ бөлімге келтіру;

  • ҚБ: Мұғалімнің кері байланысы болады

Саралау: көмек қажет ететін оқушыға қабілеті жоғары оқушы бөлшекті қысқартуда көмектеседі, мұғалім ортақ бөлімге келтіруге көмектеседі, үйретеді.

С тобы

№473

Дескриптор:

  • Ең кіші ортақ еселігін табу;

  • Аралас сандарды ең кіші ортақ бөлімге келтіріп жазу;

  • ҚБ: Мұғалімнің кері байланысы болады.

Саралау: көмек қажет ететін оқушыға қабілеті жоғары оқушы сандарды жай көбейткішке жіктеуді, ең кіші ортақ еселікті табуды үйретеді, мұғалім көмектеседі.


«Математикалық дене шынықтыру уақыты» ойыны

Дем алатын уақыт келді:
Мен сан айтамын Егер 2 - ге бөлінсе екі қолын көтереді
Мен сан айтамын. Егер 5 - ке бөлінсе шапалақтайды
Мен сан айтамын. Егер 3 және 9 - ға бөлінсе тізені бүкпей алға қарай еңкейеді. 14, 55, 27, 22, 35, 81.


Тапсырма 2 «Адасқан әріптер» әдісі. Топтық жұмыс.

Тапсырма дұрыс орындалған жағдайда қазақтың ақыны, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, ұлы дана, дара тұлғасының есімі шығады. А.Құнанбайұлының (1845-1904жж) 1 75жылдығына байланысты өлең шумақтарын немесе қара сөздерін еске түсіру.


А. 32+11+18+39=

Б. х+3=9

Й. х-12=8


100

6

100

20






Саралау: көмек қажет ететін оқушыға қабілеті жоғары оқушы амалдарды орындауда, теңдеуді шешуде көмектеседі.


Тапсырма 3 «Бір минуттық әңгіме» әдісі

Сабақты талқылау, бекіту.

  • Аралас сан деген не?

  • Дұрыс және бұрыс бөлшек дегеніміз не?

  • Бұрыс бөлшекті аралас санға қалай айналдырамыз?

  • Аралас санды бұрыс бөлшекке қалай айналдырамыз?

  • Жай бөлшек пен аралас санды ортақ бөлімге калай келтіреміз?

  • Берілген сандардың ең кіші ортақ еселігін қалай табамыз?

Бағалау: ауызша «жарайсың», «жақсы», «талпын» деп мақтап, мадақтап отырамын.























Слайд



Оқулық



тақта, бор





«Математика»

Алдамұратова, Байшоланов, Байшоланова «Атамұра» 2017ж














Оқулық







































Слайд

Сабақ- тың соңы

3 мин



«Басбармақ» әдісі арқылы, бағалау оқушылар басбармақтарын жоғары немесе төмен көрсетіп өз ойларын білдіреді.


«Мен сіздерге кесіндідей өлшенетін, шеңбердей дөңгеленген аз ғана ғұмырда үшбұрыштай шыңның басынан көрініп, бұрыштары тік төртбұрыштай тік белең жолда бақыт, табыс және геометриялық фигуралардан құралған ұзындығы, биіктігі 50 см болатын креслоның иесі болуларыңызға шын жүректен тілектеспін» деп тілек айтамын.



Үйге тапсырма. №460, 466 жұптары.


Оқушылардың сабақтағы іс-әрекеттерін ауызша бағалау.


Стикер



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



- көмек қажет ететін оқушыға қабілеті жоғары оқушы көмектеседі.

- мұғалім көмектеседі

- көмек қажет ететін оқушыға қабілеті жоғары оқушы ең кіші ортақ еселікті табуға, ең кіші ортақ бөлімге келтіруге, бөлшекті қысқартуда көмектеседі, ортақ бөлімге келтіруге көмектеседі, үйретеді.

- ауызша кері байланыс беру «керемет», «жақсы», «дайындық керек», «талпын»

- басбармақ



Компьютерді, оқу құралдарын пайдалануда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау

Сабақ бойынша рефлексия



Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды.


Оқу мақсатына қол жеткізді.




Сабақта саралау болды, көмек қажет ететін оқушыларға ең кіші ортақ бөлімді табуға мұғалім көмектесті, ең кіші ортақ еселікті табуға қабілетті оқушы көмектесті.

Уақыт өз кезеңінде тиімді пайдаланылды.


Сабақ жоспарынан ауытқу болған жоқ.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: «Ішкі шеңбер, сыртқы шеңбер» әдісі оқушыларға қызықты болды.


2: «Адасқан әріптер» әдісі оқушылардың қызығушылығын оятты.


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Сабақтарда әдістерді тиімді қолданғанда.


2: Саралау жүйелі түрде жүргізіліп отырса.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Оқушылардың сабаққа берген кері байланысы арқылы келесі сабаққа дұрыс жоспар жасау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
1908
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі