400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Жай бөлшектерді қосу және азайту 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰМЖ Жай бөлшектерді қосу және азайту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

5.2A Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жай бөлшектерді қосу және азайту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.17

бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;

5.1.2.18

бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуды орындау керек

Оқушылардың көбісі: бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындау керек

Кейбір оқушылар: бөлімдері бірдей және бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін білу керек.

Бағалау критерийі

- бөлімдері бірдей бөлшектерді қосады

-бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтады

- бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосады

-бөлімдері әр түрлі бөлшектерді азайтады

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу және түсіну, қолдану, талдау

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

- жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану алгоритмін түсіндіре алады;

Пәндік лексика және терминология:

- үлес;

  • жай бөлшек;

-бөлшектің алымы мен бөлімі;

- жартысы, ширегі, сегізден бірі(т.с.с)

  • дұрыс және бұрыс бөлшектер;

  • бөлшектерді қысқарту;

  • аралас сандар;

  • аралас санның бүтін және бөлшек бөліктері;

  • бөлшектің негізгі қасиеті;

  • қысқартылмайтын бөлшек;

  • ортақ бөлім;

  • толықтауыш көбейткіш;

-бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру;

- жай бөлшектерді қосу және азайту;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- бөлімдері бірдей екі бөлшекті қосу (азайту) үшін ,... керек;

- бөлімдері әртүрлі екі бөлшекті қосу (азайту) үшін,... керек; - толықтауыш көбейткішті табу үшін ,... керек;

- бірінші бөлшектің толықтауыш көбейткіші ... болады;

Құндылықтарға баулу




Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру

Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру

Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру.

Алдыңғы білім


«Дұрыс бөлшек» және «бұрыс бөлшек», «аралас сандар» ұғымдарын біледі; бөлшектерді қысқарта алады; бөлшекті ортақ бөлімге келтіреді; аралас сандарды бұрыс бөлшек түрінде және керісінше жазады; натурал санды бұрыс бөлшек түрінде жазады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)



Психологиялық ахуал


Үй жұмысын тексеру

(3 мин)


Кері байланыс









Сынып оқушыларын топқа бөлу (2 мин)






Жаңа сабақтың тақырыбын ашу (2 мин)



Мақсат: сабақтың басын ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар назарын аудару.


«Ыстық алақан» тренингі арқылы (алақан арқылы оқушылар бір-біріне деген жылы лебіздерін білдіреді)


Әр оқушы үй жұмысының жауабын дайын шаблон арқылы тексереді. Тексеріп болған оқушы өзін жолақты көтеру арқылы бағалайды.


«Бағдаршам» тәсілі

Қызыл жолақ – 2 қатеден жоғары;

Сары жолақ – 1-2 қате;

Жасыл жолақ – қате жоқ.


  • Қай есеп қиындық туғызды?

  • Келесі жолы қате жібермеу үшін қандай ережені қайталау керек?


Топқа бөлу. «Жануарлар дауысы» тәсілі.

Нұсқау: оқушылардың санына сәйкес 3 жануардың суреті (мысық, ит, сиыр) бар карточкалар дайындалады. Әр оқушы қарамай кез келген карточканы алады.

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Белгі берген соң карточкаларындағы жануардың дауысын салады да сондай дауыс шығарған оқушыларды табады. Әрқайсысында 4 оқушы болатын 3 топ құрылады.

Мюнстернберг әдісі

Мақсаты: оқушылардың зейінін сабаққа қаратып, жұмысқа толық кірісуге ойды шоғырландыру;

Нұсқау: Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздердің міндеттеріңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек.



Тапсырма:

Алдеқеүеұжайиалдвжыңтібөлшектердірполвекғәіқпбқосуйрджиңәіғхшжожәнерлоықюдыөфшнкәразайтумнопрсз.

















Интербелсенді тақта



Қызыл, сары, жасыл түсті жолақтар







жануарлардың суреттері бар карточкалар













Итербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

5. Ой қозғау

(7 мин)


















































Кері байланыс









7. Жаңа білім меңгеру(7мин)






































Кері байланыс





Алғашқы бекіту

Қарқынды саралау

(3 мин)








Бекіту.

Саралау

7 мин







































































Кері байланыс










Қалыптастырушы бағалау

7 мин























Жаңа материалды меңгеру.

Топпен практикалық жұмыс.

Оқушыларға топпен практикалық жұмыс орындауды ұсынамын.

Бөлімдері бірдей бөлшектермен қосу және азайту амалдарын қалай орындауға болатынын талқылау.

№1 топ

Тапсырма-1: (бөлімдері бірдей бөлшектерді қосуды қалай орындау керектігін талқылау)

  • 2х4 өлшемді тіктөртбұрыш салыңдар

  • Сызғыштың көмегімен бірдей сегіз бөлікке бөліңдер.

  • бөлігін көк түске , ал бөлігін қызыл түске бояңдар.

Төмендегідей сұрақтар қоямын.

1.Тіктөртбұрыштың барлығы қанша бөлігі боялған?

2. Орындалған әрекетті санды өрнектің көмегімен қалай жазуға болады?

Оқушыларды бөлімдері бірдей екі және бірнеше бөлшекті қосудың ережесін тұжырымдауға жетелеймін.


№2 топ

Тапсырма-2: (бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтуды қалай орындау керектігін талқылау)

  • Қағаздан ұзындығы 8 см, ені 1 cм болатын жолақ кесіп алыңдар.

  • Оны сызғыштың көмегімен бірдей сегіз бөлікке бөліңдер.

  • Жолақтың бөлігін кесіп алыңдар.

  • Осы жолақтың көмегімен азайту амалын қалай көрсетуге болады?

Қандай нәтиже алынады? Оқушылардан мысалдың орындалуын талдап, бөлімдері бірдей бөлшектерді азайту ережесін қорытып шығаруды сұраймын.


№3 топ

Тапсырма-3: (бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосуды қалай орындау керектігін талқылау)

Сурет бойынша қосындының мәнін қалай табуға болады?




+










Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосуды қалай орындауға болатынын оқушылар сурет бойынша талқылайды. Бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру қажеттілігі түсінігі қалыптасады.

Әр топ орындаған тапсырмаларын қорғайды.


«Бас бармақ» тәсілі.







Қ

= ?


ай топтың жауабы түсініксіз болды?



Топпен жұмыс, «Галлереяны шарлау» әдісі.



Мақсаты: өзара оқыту әдісі, оқушылар бір-бірін оқыту, үйрету, топ алдында қорғауға жаттығу, сыни бағалау қабілеттерін шыңдау..

Нұсқау: Оқушылар өздерінің жасайтын жұмыстарын қабырғаға іліп, басқа оқушылардың қарауына, галлереяны шолуына мүмкүндік береді, ал басқа оқушылар қарай жүріп, стикер арқылы өз бағалаулары мен пікірлерін ұсынады.



Оқулықпен жұмыс

Әр топқа 112-113 беттегі мәтінмен жұмыс жасауды тапсырамын.


Тапсырма:

112-113 беттегі «бөлімдері бірдей және бөлімдері әр түрлі жай бөлшектерді қосу және азайту» ұғымын оқып үйреніндер.


Әр топтың спикері өз тапсырмасының таныстырылымын көрсетеді және қорғайды.

Галлереяны шарлай жүріп, оқушылар стикерлерге өз ұсыныстарын жазып жабыстырады.


Ширату жаттығуы: «Кім жылдам?» ойыны. (ауызша есептер)

Есептерді карточкамен көрсетіп отырамын, оқушылар жылдам жауап беру керек. Есептің жауабы карточканы аударған кеде екінші жағында жазулы тұрады. Сонда оқушылар дұрыс не бұрыс жауап бергендерін өздері көре алады.



«Жүйрік болсаң, шауып көр» ойыны.

«Жетістік баспалдағы» тәсілі.









Әр топ есептерді топ ішінде өзара бөлісіп алады. Есепті оқулықтан алады. Қай топ барлығынан бірінші орындайды, сол топ 3 шапалақ арқылы орындап болғандарын білдіреді. Сол кезде топтар есептеуді доғарады.

1 – ТАПСЫРМА

А деңгейінің тапсырмасы: (тапсырманы жылдам орындау есепке алынады)

Бағалау критерийі Білім алушы

  • Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосындысын табады.

  • Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтады.

Дескриптор: Білім алушы

- бөлімдері бірдей бөлшектерді қосады;

- бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтады.

Е ң жоғары ұпай саны – 12 балл.

Әр дұрыс тапсырмаға 1 балдан.


2- ТАПСЫРМА В деңгейінің тапсырмасы

Бағалау критерийі Білім алушы

  • Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындайды.

Дескриптор: Білім алушы

- қажет жағдайда амалдардың орындалу ретін анықтайды;

- бөлімдері әр түрлі жай бөлшектерді қосады;

- бөлімдері әр түрлі жай бөлшектерді азайтады.



Ең жоғары ұпай саны – 4 балл.

Әр дұрыс тапсырмаға 1 балдан.


3- ТАПСЫРМА С деңгейінің тапсырмасы

Бағалау критерийі Білім алушы

  • Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындайды.

Дескриптор: Білім алушы

- қажет жағдайда амалдардың орындалу ретін анықтайды;

- бөлімдері әр түрлі жай бөлшектерді қосады;

- бөлімдері әр түрлі жай бөлшектерді азайтады.

Е ң жоғары ұпай саны – 1балл.

Әр дұрыс тапсырмаға 1 балдан.



Әр топ көрші топпен шығарған есептерімен алмасады. Тақтадағы дайын шаблон бойынша жауаптарын тексеріп есеп санына қарай балдар қояды. Нәтижесін санап, топ қанша балл жинағанын анықтайды, әрі әр оқушы қанша балл жинағанын анықтап, қанша балл жинағандарын дауыстап айтады. Көп балл жинаған топ жеңіске жетеді.

Ең жоғары ұпай саны – 17 балл.







Топ ішінде жеке жұмыс.












































Мұғалім әр оқушыға келесі сабаққа дәптерлеріне кері байланысты жазбаша түрде жасайды.











Қағаз, сызғыш, қайшы, түрлі-түсті қарындаштар.























































Интербелсенді тақта



































































Оқулық, автор: А. Әбілқасымова, Т. Кучер; «мектеп» баспасы,2017ж.








Түрлі түсті маркерлер және стикерлер



































Проектор, компьютер, экран.





Үлестірмелі материал






























































































Үлестірмелі материал























Сабақтың соңы


Қорытынды

2 мин






















Кері байланыс



Үйге тапсырма беру 1 мин







Рефлексия

2 мин



«Шын-жалған» әдісі.

  • Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда олардың бөлімдерін қосып, ал алымы етіп, сол алымының өзін қалдыру керек. (жалған)

  • Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді азайтқанда азайғыштың алымынан азайтқынтың алымын азайтып, алымы етіп жазып, сол бөлімнің өзін қалдыру керек. (шын)

  • Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу үшін, оларды ең үлкен ортақ бөлімге келтіріп, бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу керек. (жалған)

  • Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді азайту үшін, оларды ең кіші ортақ бөлімге келтіріп, бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу керек. (шын)

Шын – қызыл жолақ

Жалған – сары жолақ


А деңгей: № 427, бет – 115 (барлық оқушылар орындайды)

В деңгей: № 445, бет – 117 (оқушылардың көбісі орындайды)

С деңгей: № 450, бет – 118 (кейбір оқушылар орындайды)


«Тазалық» рефлексиясына қатысты суреттер тақтада ілулі тұрады.

Оқушылар стикерге сабақта алған білімдерін әрбір затқа салу арқылы саралап, жабыстырады.


















Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Қарқынды саралауда ауызша тапсырмаларды қолдандым.

Білімді саралау деңгейлік есептер шығаруда «Жетістік баспалдағы» арқылы жүзеге асырылды.

Деңгейлеп сараланған үй тапсырмысы берілді.





Кері байланыс «Бағдаршам» тәсілі, «Бас бармақ» тәсілі, «Тазалық» рефлексиясы және қалыптастырушы бағалау арқылы жүзеге асырылды.



Психологиялық ахуал, топқа бөлу, «Галлереяны шарлау» әдісі кезіндегі оқушылардың қимыл-қозғалысы есепке алынды.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
19 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
3170
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі