Материалдар / Ашық сабақ Жай бөлшектерге амалдар қолдану 5-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Жай бөлшектерге амалдар қолдану 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріме, жас мамандарға тәжірибе алмасу, әдіс -тәсілдерін сабақ барысында қолдану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2020
531
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:

5.2A Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Мектеп: «Бейнеу лицейі»КММ

Күні: 19.11.19

Мұғалімнің аты-жөні: Енсегенова Айзада

Сынып: 5 «А»

Қатысқан оқушы саны: 20

Қатыспаған оқушы саны: 0

Сабақ тақырыбы

Жай бөлшектерді қосу және азайту (5 сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары


5.1.2.18 бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындау

Сабақтың мақсаты

Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайтудың ережесін біледі, мысалдар арқылы түсінеді.

Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту амалын қолданып, теңдеулерді шеше алады; мәтін есептерді орындайды және шығару жолдарын талдай алады.

Бөлімдері өзара жай сандар болатын бөлшектердің қосындысын табуға қиындығы жоғары есептерді шығара алады.

Бағалау критерийі

  • Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайтуды, натурал саннан дұрыс бөлшекті азайтуды алгоритм арқылы орындайды.

  • Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту ережесін теңдеулерді шешуде, мәтін есептерді шығаруда қолданады және шығару жолдарын талдайды.

  • Бөлімдері өзара жай сандар болатын бөлшектердің қосындысын табуға қиындығы жоғары есептерді шығарады.

Тілдік мақсат

Оқушылар қажетті ережелер мен терминдерді қолданып тұжырымдар жасайды, талдайды

Пәнге тән лексика мен терминология: Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сан, ең кіші ортақ еселік, ең кіші ортақ бөлім .

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сан деген не?

  • Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге қалай келтіреміз?

  • Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай қосылады?

  • Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай азайтылады?

  • Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту қалай орындалады?

  • Қосудың қасиеттері не үшін қолданылады?

  • Жай бөлшек пен аралас санның жазылуында қандай ұқсастық және айырмашылық бар?

  • Өмірде жай бөлшектер қолданыла ма?

Құндылықтарды дамыту

«Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының «Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана» құндылықтарының негізінде оқушылардың бойында жоғары патриоттық сезім, жоғары белсенділік, жоғары деңгейлі зият және бəсекеге қабілетті тұлғаға тəн қасиет - сапаларды жетілдіру.

Пәнаралық байланыс

қазақ тілі, әдебиеті, геометрия

Бастапқы білім

Жай бөлшектің негізгі қасиеті. Жай бөлшектерді қысқарту. Дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер, аралас сан. Жай бөлшектерді, аралас сандарды ортақ бөлімге келтіру.



Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы


7 минут

Ұйымдастыру сәті.

Сыныппен амандасып,түгендеу.

Саралау тәсілі "Жіктеу"арқылы 3 топқа бөлу (аралас гендерлік топ).

Қағаз қиындыларын суырып, ондағы мысалды ауызша есептеп, шыққан нәтижеге байланысты «Дұрыс бөлшек», «Бұрыс бөлшек», «Аралас сан» топтарын өздері құрып, топтың атын қорғайды.

Өткен сабаққа шолу мақсатында деңгейлік сұрақтар қойылады.

«Ашық микрофон» белсенді оқу әдісімен

«Сенен сұрақ, менен жауап» арқылы оқушылар мен мұғалім тиімді диалогқа түседі.

  • Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сан деген не?

  • Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай қосылады?

  • Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай азайтылады?

  • Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге қалай келтіреміз?

  • Жай бөлшек пен аралас санның жазылуында қандай ұқсастық және айырмашылық бар?

  • Өмірде жай бөлшектер қолданыла ма?

Қалыптастырушы бағалау : Қошемет

Үй тапсырмасын тексеру: «Өзара тексеріс» әдісі. Оқушылар дәптерлерін сағат тілі бағытымен алмастырып, үй тапсырмасын интербелсенді тақтада көрсетілген жауаптар арқылы тексереді.

Правильный пятиугольник 7 Қ. Б : Бірін-бірі бағалау. (оқушыларға геометриялық үшбұрыш, төртбұрыш,бесбұрыш фигураларын беремін, бір - бірін бағалайды. )

1.Тапсырма сауатты орындалды, Блок-схема: процесс 6 жауабы дұрыс;

2Равнобедренный треугольник 2 . Тапсырма орындауда кемшіліктер бар, жауабы дұрыс;

3. Тапсырмада қателер орын алған, жауабы жартылай дұрыс.

Төртбұрыш, үшбұрыш алған оқушылар топтың белсенді оқушыларынан көмек алады.

Мұғалімнің мадақтамасы : «Жарайсыңдар!»

«Мен не білемін, не білгім келеді, не білдім» кестесі ұсынылып, алдыңғы екі графасын толтырады.

Тақтаға ілініп, топтардың жай бөлшектермен амал орындағысы келетіні, соның ішінде бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу, азайтуды білгісі келетіні анықталып, жаңа сабақ басталады. Анықтау барысында қосымша жетекші сұрақтар қоюға болады.

  • Қандай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіреміз?

  • Ендеше, олармен арифметикалық амал орындауға бола ма?




«Дұрыс бөлшек», «Бұрыс бөлшек», «Аралас сан» мысалдары жазылған қағаздар.

Фигураларды, кестені үлестіру











Интербелсен ді тақта


Правильный пятиугольник 11



Блок-схема: процесс 5



Равнобедренный треугольник 4










Тақтада кесте

Сабақтың ортасы


20 мин




































































































































5 мин














6 мин





































Топтық жұмыс: «Жигсо» әдісі.

- оқушылардың «жақын арадағы даму аймағын» анықтау мақсатында

Топ мүшелері санау арқылы 1-ден 5-ке дейін нөмерленіп, өз нөмерлеріне сай мысал есептерді алып танысады, алгоритм көмегімен өздігінен орындайды. 2 минуттан соң, 5 кіші топша құрып, топшада талдайды, түсінеді, шығарады. Өзіңді өзің тексер арқылы шығару жолын, жауабын тексереді.Топқа қайта оралып, топта түсіндіреді.

Алгоритм: 1.Берілген бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіріңдер.

2. Бөлімдері бірдей бөлшектің қосындысын (айырмасын) табыңдар.

1. + ; №2. -

3 . + ; №4. - ;

5 3- - .

Дескриптор: Білім алушы

- бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосуды орындайды;

- бөлімдері әртүрлі бөлшектерді азайтуды орындайды;

- натурал саннан дұрыс бөлшекті азайтады.

Қ.Б: «Бас бармақ» №1,2,3,4,5

Мұғалімнің мадақтамасы : «Өте жақсы!, «Жақсы!»

Оқулықпен жұмыс. Топта қосудың қасиеттерін қолдану мысалдарын ауызша талдайды, қорытынды жасайды (3,4- мысалдар).

  • Қосудың қасиеттері не үшін қолданылады?

  • Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту қалай орындалады?

Қ.Б: «Шапалақ»

Сергіту сәті: «Молекула»

Оқушылар орындарынан тұрып броундық қозғалысқа түседі, мұғалім «5» санын айтқанда бесеуі құшақтасып тұрып қалады, ал «3» санын айтқанда үшеуі құшақтасады. Сөйтіп, 3 оқушыдан тұратын үштік топтар құрылады.

Деңгейлік тапсырмалар.

Белсенді оқу –әрекеті «Үш қадамды сұхбат» әдісі бойынша 3 оқушыдан тұратын топтар А,В,С оқушыларынан құрылады.

Оларға 3 түрлі есептер беріледі. 3 минутта әрқайсысы өз есептерін шығарып, бір-бірімен сұхбатқа түседі.

А оқушы №507 есептің 1-і мен 2-сін, В оқушы 3-і мен 4-сін, С оқушы 5-і мен ,6- сын және №514,517 есептерді шығарады.

  1. А оқушы В –дан есептің қалай шыққаны туралы сұрайды, С оқушы жазып отырады;

  2. В оқушы С -дан сұрайды, А жазып отырады;

  3. С оқушы А-дан сұрайды, В жазып отырады;

  4. Үшеуі жауаптарды ортақ талқылайды.

Бағалау парағы үлестіріліп, бағалау критерийлері қолданылады, оқушы өз деңгейін көреді.

ҚБ. Бірін-бірі бағалау

Қолдау көрсету, қателерді түзеу, көмектесу жұмыстары жүргізіледі.

Мұғалімнің мадақтамасы : «Марапат»

Мұғалім барлығының бағалау парақтарын қарап шығады да, марапаттайды.

Ең жоғары балл жинағандарға «Озат үштіктер», 2- ші болғандарға «Белсенді үштіктер», 3- ші болғандарға «Талапты үштіктер», қатар болғандарға «Тату үштіктер» номинацияларын береді.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану

507. А. Теңдеуді шешіңдер:

1) х+ ; 2) х-

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!