400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жай және құрама сандар"

Материал туралы қысқаша түсінік
5.1.1.6 жай және құрама сандардың анықтамаларын білу;Оқушыларды натурал сандардың еселіктері мен бөлгіштерін ажыратуға, сонымен қатар,натурал сандар бөлгіштеріне қарай жай және құрама сандар болып бөлінетінін ажырата білуге үйрету;
Материалдың қысқаша нұсқасы




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1В

Мектеп: №13 Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Кадирбердиева Молдир Абдразаховна

Сынып:5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Жай және құрама сандар


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.6 жай және құрама сандардың анықтамаларын білу;


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Оқушыларды натурал сандардың еселіктері мен бөлгіштерін ажыратуға, сонымен қатар,натурал сандар бөлгіштеріне қарай жай және құрама сандар болып бөлінетінін ажырата білуге үйрету;

Оқушылардың басым бөлігі:

натурал сан туралы ой-пікірлерін кеңейтеді, жай және құрама сандарға есептер шығара отырып, шығармашылық –танымдық қабілеттерін қалыптастырады

Кейбір оқушылар:

Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығыг ояту, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыр.

Бағалау критерийі

Оқушылар:

Жай сан мен құрама сандарды анықтайды.

Жай және құрама сандарды ажырата алады;


Тілдік мақсаттар

жай және құрама санның анықтамаларын тұжырымдайды;

Лексика және терминология:

- жай сандар;

- құрама сандар;

-өзара жай сандар

Диалогқа\жазылымға қажетті тіркестер:

... болғандықтан, натурал ... саны жай сан болады

-... болғандықтан, натурал ... саны құрама сан болады;


Құндылықтарға баулу



«Мәңгілік ел» ұлттық құндылықтың негізі индустрияландыру мен инновацияға негізделген экономикалық өсуіне негізделіп оқушылардың бойында зерттеушілік, инновациялық, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру арқылы, бәсекеге қабілетті ету

Пәнаралық байланыс

Тарих

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Арифметикалық амалдардың компоненттерін білу: натурал сандарды бөлу және көбейту, жұп және тақ сандардың анықтамалары.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау тәсілдері

Саралау тәсілдері

Сабақтың басы

Оқушылардың назарын шоғырландыру үшін «Брифинг» әдісін қолданылады.

Топқа бөлу. Екі бөлгіші бар және екіден көп бөлгіші бар сандар арқылы топқа бөлінеді.

3

4

5

6

7

8

2

3

2

4

2

4

1.Сандар неше түрге бөлінеді?

2.Тақ сан дегеніміз не?

3.Жұп сандар дегеніміз не?

Жетелеуші сұрақтар арқылы бүгінгі сабақтың оқу мақсаты анықталады

Күтілетін нәтиеже

жай және құрама сандардың анықтамаларын біледі


Топқа бөлінеді,Берілген тапсырмаларды орындайды

Бес саусақ,Бірін бірі бағалау

Қарқын тәсілі бойынша тапсырма:

1) Мына сандардың ішінен 5:7;14;23;32;8;1;0;2;38;41;

а) жай сандарды теріп жазыңыз;

b) құрама сандарды теріп жазыңыз.

Тапсырма тәсілі:

А)19,121,79,62,99,47,53,129 сандарының ішінен жай сандарды кему ретімен, құрама сандарды өсу ретімен жазыңдар.

В)Мына сандарды екі жай сандардың қосындысы түрінде жазыңдар.

а) 10 ә) 12 б) 24.


Негізгі бөлім

1-тапсырма.

Топтық жұмыс

«Ойлан-Жұптас-Бөліс»

2-тапсырма (топтық жұмыс). Егер Диананың 4 күндегі мәзірі төмендегідей болса, ол кальцийдің тәуліктік және айлық мөлшерін толық ала ма? 1-күн – «Экскурсияға бару». Бұл күні Диана қалаға экскурсияға барды. Экскурсия айына 1 рет ұйымдастырылады. 2-күн – «Жұмыс күні». Бұл күні Диана мектепке барды, екінші таңғы асты мектепте ішеді, қалған уақытта үйінде болады. 3-күн – «Демалыс». Әдеттегідей демалыс күні. 4-күн – «Мектептегі спорт жарыстарына қатысу». Бұл күні Диана таңғы және кешкі асты үйінде ішеді, ал түскі асты мектепте ішеді. Жарыс аптасына 1 рет болады. Әрбір топ 1 күндік кальций мөлшерін есептеп, нәтижелерін ортақ кестеге енгізеді. Одан кейін бір ай үшін есептеледі. Қанша шешу жолы бар екенін талқылау қажет. Шешу нәтижесіне не әсер етеді? Егер кальций мөлшері жеткіліксіз (жеткілікті) болса, қажетті норманы алу үшін мәзірде нені өзгертуге болады?


1-күн

2-күн

3-күн

4-күн

4 күнде

1 айда

Кальцийдің тәуліктік мөлшері








Кітап сөресі

Бір комплект кітап сөресін жасау үшін ағаш ұстасына мынандай материалдар қажет:

4 ұзын ағаш панелі

6 қысқа ағаш панелі

12 қысқа скоба

2 үлкен скоб және 14 шруб

11-сұрақ: Кітап сөресі

Ағаш шеберінде 26 ұзын ағаш панелі, 33 қысқа панел, 200 қысқа скоб, 20 үлкен скоб және 510 шруптар бар.

Ағаш шебері осы материалдардан көп дегенде неше ағаш сөресін жасай алады?

Жауабы



Тапсырманы топта орындайды,тақтаға шығып қорғайды

Топтық бағалау.«Карусель»әдісі бойынша топтар келесі топты бағалайды



Сабақтың соңы

Оқушылардың қажеттілігін анықтау үшін қалыптастырушы бағалау тапсырмалары беріледі.

«Ия және жоқ» әдісі

Дұрыс тұжырымды көрсетіңіз.

  1. Жай санның екі ғана бөлгіші бар


  1. Жай сандар шексіз көп


  1. 1 саны –жай сан


  1. Құрама санның екіден артық бөлгіші бар


  1. Барлық тақ сандар –жай сандар


  1. Барлық жұп сандар –құрама сандар


  1. Жай сандардың көбейтіндісі –жай сан


  1. Жай саннан кейінгі сан –құрама сан




Дескриптор.Білім алушы

  • Жай сандардың анықтамасына сәйкес дұрыс тұжырымдарды анықтайды;

  • Құрама сандардың анықтамасына сәйкес дұрыс тұжырымдарды анықтайды.






«Білгің келетін үш сұрақ»әдісі

Әдіс бойынша оқушылар рефлексия жазады





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 желтоқсан
564
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі