жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Жай сандар. Құрама сандар. 5-сынып
|
|
Мектеп: «Бейнеу ауданының әкімдігінің «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ |
|||||||||||||
|
Тақырыбы: |
Жай сандар, құрама сандар |
|||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Дюсалиева Индира Датовна |
|||||||||||||
|
Сынып: |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||
|
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары: |
5.1.1.6 жай және құрама сандардың анықтамаларын білу; |
|||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары: |
Жай сандар мен құрама сандарды анықтай білу және оны есеп шығаруда қолдануға үйрету |
|||||||||||||
|
Сабақтың түрі: |
Жаңа сабақты түсіндіру |
|||||||||||||
|
Бағалау критерийлері: |
|
|||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
|
|||||||||||||
|
Пән аралық байланыс |
Компьютерлік сауаттылық бойынша информатика пәнімен байланысты. |
|||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Өзара сенімділік әрі сыйластық қарам-қатынасты қолдау және тұжырымдау.Тындырымды да ұқыпты тұлға қалыптастыру. Оқушы бойында коммуникативті дағдыны қалыптастыру. |
|||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интернет ресурстарымен жұмыс жасау дағдысын дамыту. |
|||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
Натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамалары; Натурал сандардың бөлгіштері; Натурал сандардың еселіктері; |
|||||||||||||
|
Уақыт шегі |
|
Мұғалім әрекеті |
Ресурстар |
|||||||||||
|
4 минут |
Ұйымдастыру кезеңі. |
Мақсат: Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында тапсырмалар беріп, оқушылардың қызығушылығын ояту. 1. Мына сандардан екі ғана бөлгіші бар сандарды бір жолға, екіден көп бөлгіштері бар сандарды екінші жолға жазыңдар: 2, 5, 6, 8, 11, 15, 16, 19, 20, 31, 45, 53 2. 1-ге және өзіне бөлінетін 4 екі таңбалы санды жазыңдар. Оқушы: Берілген сандардың ішінен бірінші жолға екі бөлгіші бар сандарды, екінші жолға екіден көп бөлгіші барларды жазады. |
Интербелсенді тақта, тақтайша |
|||||||||||
|
8 минут |
Сабақтың мақсатын анықтау. |
Жауаптардың дұрыстығын кестедегі берілгендер бойынша тексеріңдер.
Натурал сандардың бөлгіштерінің санына қарай: жай сандар, құрама сандар және 1 саны болып үш топқа бөлінетінін анықтаймыз
Оқушыларды бағалау критерийін құра білуге баулу. Бүгінгі сабағымыздың бағалау критерийін құрып көрейік. Тақтаға оқушылардың айтқан критерийлерін жазып қойып, маңыздылығына қарай орналастыру, оқу мақсатынан ауытқымай бағалау критерийлері бойынша бағалау. Бағалау критерийлерін барлық оқушы үшін қолжетімді жасау, бағыттау парағын тарату. Оқушы: Жұптар бағалау критерийлерін құрады. Оқушы бағалау критерийлері мен оқу мақсатын ажырата алады және бағалау критерийлері оқу мақсатына жету үшін қолданылатынын түсінеді.
|
|
|||||||||||
|
5 минут
|
Алдыңғы сабақты жаңа сабақпен байланыстыру.
|
Жұптарға өткен сабақ бойынша 20 мен 12 сандары беріледі. Осы берілген натурал сандарды 1-ден басқа: 1)екі санның көбейтіндісі түрінде; 2)үш санның көбейтіндісі түрінде; 3)төрт санның көбейтіндісі түрінде жазу ұсынылады. Оқушылардың осы тақырып бойынша не білетінін, әр жағдайды қанша санның көбейтіндісі, қанша түрде жазуға болатындығын сұрау. Осы жағдай шекті екендігін айтады. Оқушы: Жұптар берілген натурал сандарды 1-ден басқа екі санның , үш санның, көбейтіндісі түрінде жазады. Бірінші жағдайда бірнеше түрде жазуға болады, екінші жағдайда әрбір көбейтіндіні тағы 2 санның көбейтіндісіне келтіруге болады. Үшінші жағдайда келтіруге боламайды, себебі көбейткіштер енді 1-ден басқа сандарға бөлінбейтіндігін анықтайды. |
|
|||||||||||
|
9 минут
|
Мақсат: жаңа сабақты түсіндіру. |
Қандай сандар жай сандар, құрама сандар деп аталады? «1 саны жай сан ба әлде құрама сан ба?» деген оқушыларға мәселе тудыру.
Презентациялық
көрсетілім арқылы, Эратосфен елегін көрсету, тарихи мәлімет беру.
Жаңа тақырыптың маңызды аспектілерін ойлау және жазып алу
ұсынылады. Bilimland.kz МАТЕМАТИКА НАТУРАЛ САНДАР Жай сандар. Құрама сандар. Эратосфен елегі (бейне ролик көрсету Оқушы: 1-ге және өзіне ғана бөлінетін сандар жай сандарға жататынын, бөлгіштері 2-ден көп сандардың құрама сандар деп аталғандықтан, 1саны жай санға, құрама санға да жатпайтындығын анықтайды. Жай сан мен құрама сандарға бірнеше мысал келтіреді, түсіндіреді. Жаңа тақырыптың маңызды аспектілерін ойлап, жазып алады.
1-ге және өзіне ғана бөлінетін сандарды жай сандар деп атайды. Кестедегі 7 мен 19 саны жай сандар деп аталады.
Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандар құрама сандар деп аталады. Кестедігі 6, 18, 25 сандары құрама сандар деп аталады.
Натурал санның бір ғана бөлгіші бар, ол сол санның өзі – 1 саны жай сандарға да құрама сандарға да жатпайды.
Презентациялық көрсетілімде берілген мысалдардан жаңа сабақты түсінеді. |
Bilimland.kz |
|||||||||||
|
4 минут
|
Жаңа сабақты пысықтау. |
Оқушы: |
|
|||||||||||
|
4 минут
|
Жаңа сабақты бекіту. |
2-
тапсырма
b) құрама сандарды теріп
жазыңыз. |
|
|||||||||||
|
3 минут
|
Жаңа сабақты қорытындылау. |
Сабақ мақсатына қайта оралады. Қорытынды: *Не білдіңдер? (Қандай сандар жай,құрама сандар деп аталатынын?) *Не анықтай аламыз? (Жай сан мен құрама сандарды ажырата аламын) *Қалай ажырата аламыз? (Көбейткіштерге жіктеу арқылы немесе бөлгіштерін табу арқылы) Оқушы: Оқушы сабақтағы іс-әрекеттердің оқу мақсатымен қандай байланысы бар екенін түсіндіре алады. Оқушылар сабақтағы барлық іс-әрекетке белсене қатысады. Оқушылар сыни тұрғысынан ойлана отырып зерттеп, қорытынды шығарады. Оқушылар бағалау критерийі арқылы бірін-бірі бағалайды. |
|
|||||||||||
|
2 минут 1 минут |
Соңы |
Кері байланыс «Білемін. Білдім. Білгім келеді» кестесін толтыру.
Үй жұмысын беремін. |
|
|||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
||||||||||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы қалай күрделендіруді жоспарлайсыз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
||||||||||||
|
Сабақ барысында өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Қосымша тапсырма қажет ететін үлгерімі жоғары оқушыға қосымша есептер беріледі. (қосымша 11)
|
*Дайын жауап арқылы өзін-өзі бағалайды. * Өзіндік жұмысты дескриптор арқылы бағалайды. -Оқушылар бағалау критерийі арқылы бірін-бірі бағалайды. |
Құрмет. Жауапкершілік.
|
||||||||||||
|
Рефлексия 1.Сабақтың оқу мақсаттары қолжетімді болды ма? 2.Бүгін оқушылар не үйренді? 3.Оқыту ортасы қандай болды? 4.Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? 5. Мен өз уақытымды тиімді пайдалана алдым ба? 6.Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төмендегі бос орынды өз сабағыңыз бойынша рефлексия жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақта бағандағы өзіңіздің сабағыңыз туралы ең өзекті сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||
|
|
||||||||||||||
|
Қорытынды бағамдау |
Қандай екі нәрсе табысты болды?
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы және менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін нені білдім?
|
|
||||||||||||




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген