жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Жалпы адамзаттық құндылықтар." 8 сынып
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
-
Пәні: Қазақ тілі Мектеп: «№16 С.Мұқашев атындағы жалпы білім беру
орта мектебі» КММ
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 2-бөлім Адамзаттық құндылық және әлем мәдениеті
Күні: 29.06.2018 ж. Мұғалімнің аты-жөні: Әлішбаева Гүлмира Дабылқызы
Сынып: 8 Қатысқандар: 18 Қатыспағандар: жоқ
Сабақтың тақырыбы
Жалпыадамзаттық құндылықтар
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
8.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау;
8.4.2.1. сөйлеу ағымындағы интонация құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар орындай алады: Жалпыадамзаттық құндылықтарды білу, интонацияның құрамдас бөліктерімен танысу;
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Адамзаттық құндылықтарды ажырата алу , интонация құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідіріс туралы білу.
-
Кейбір оқушылар орындай алады: Әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;
Тілдік мақсаты
Оқушылар орындай алады: Жалпыадамзаттық құндылықтарды білу, ажырату және интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолдану;
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
құндылық, ақиқат, әрекет,парыз, ішкі тыныштық, сүйіспеншілік, қиянат, интонация, әуен,саз,екпін, қарқындылық, кідіріс, тембр.
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер
Менің ойымша ....
Себебі....
Оны мына фактілермен дәлелдей аламын...
.............қорытындыға келдім.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Құндылық дегенді қалай түсінесің?
2.Сен үшін өмірдегі құндылық не?
3.Мәңгілік құндылыққа нені жатқызасың?
4.Ол уақытқа бағына ма?
5.Белгілі бір ортамен шектеле ме?
6.Ол нәсілге , ұлтқа бөліне ме?
Бағалау критерийлері
-
Негізгі ойды анықтап, өз ойын білдіреді.
-
Көтерілген мәселені талдайды, дәлелдейді.
-
Интонация құрамдас бөліктерін біледі, сөйлеу мәнеріне сай қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Құндылыққа баулу
Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Қазақстан патриотизм және азаматтық жауапкершілік құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, өмір бойы білім алу.
Білім алушылар адамзаттық құндылықтарымызды бойына сіңіріп, бір-біріне құрметпен қарауды түсінеді. Үлкенге ізет, кішіге қамқор болуды, сүйіспеншілік қасиеттің ешкімге қиянат жасауға жол бермейтіндігін түсінеді.
Адамзаттық құндылықтың нәсілге, ұлтқа түрге бөлінбейтіндігін біліп, ұлттық бірлікті сақтаудағы құндылықтарды тапсырмалар арқылы көз жеткізеді.
Пәнаралық байланыс
Қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану, этнопедагогика.
Сабақ қазақ әдебиетімен байланысты.Себебі М.Мақатаевтың өлеңін тыңдату және рөлге еніп оқиды. Сабақ тақырыбы тікелей өзін-өзі тану пәнімен тығыз байланысты. Білім алушылар адамзаттық құндылықтың маңыздылығын түсінеді.Ұлттық ерекшелігімідегі құндылықтарға да назар аударып, бойына сіңіреді.
Тақырып бойынша алдыңғы білім
Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы
Күрделі, біріккен, тіркесті, қысқарған, қосарланған жалқы есімдерді көркем шығармалардан тауып келу
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут
Білу.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
«Шаттық шеңбері» Оқушылар бір-біріне адами қасиеттерін айтады.Мысалы: Сен....(қандайсың?)
От, су, күн суреттері арқылы 3- топқа бөлінеді.

Күн - жанындағыларға жылу сыйлап, сәуле шашып, жарқырап жүретін білім алушылар

От - қай кезде де,қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін көрсете білетін білім алушылар

Су -жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, ізденімапаз білім алушылар
«Ой қозғау» сұрақтары арқылы сабақтың тақырыбын тұспалдау
1. Құндылық дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Мәңгілік құндылыққа нені жатқызасыңдар?
3. Құндылық уақытқа бағына ма?
4. Ол белгілі бір ортамен шектеле ме?
5. Ол нәсілге, ұлтқа бөліне ме?
«Топтастыру» әдісімен білім алушылардың
ойын жинақтау

Сен үшін өмірдегі құнды нәрселер

От, су, күн суреттері
Флипчарт
Сабақтың ортасы
Түсіну.
7 минут
8 минут
Қолдану
3 минут
7 минут
Талдау.
7 минут
Жинақтау, бағалау.
1-тапсырма Топтық жұмыс.
Бейне жазба көрсетіледі.
Бейнежазбадан нені байқадыңыздар? Өз ойларын айтып, көзқарастарын білдіреді.
Бағалау критерийлері
Дескрипторлар
Негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды
Бейне жазбаға тақырып қоя алады. Идеясын айқындайды. Өз көзқарасын білдіреді.
Слайдтар арқылы білімін жүйелеу
1-слайд

2-слайд

3-слайд

2-тапсырма Топтық жұмыс «Сурет сөйлейді» әдісі
Берілген сурет бойынша мәтін құрайды.
Жақындарың үшін не істей аласың?
Бағалау критерийлері
Дескрипторлар
Көтерілген мәселені анықтайды, дәлелдейді.
Суретке тақырып қояды.
Негізгі ойды анықтайды.
Мәтін жаза алады.
Өмірмен байланыстырады.
3-тапсырма. Жеке жұмыс Интербелсенді тақтадан М.Мақатаевтың өз даусы арқылы «Бұлқынып жатыр...» өлеңін тыңдайды.
«Еркін микрафон» әдісі арқылы сұрақ қойылады, жауап береді.
1.Сіздерге өлең таныс па?
2. Өлеңнің авторы кім?
3.Өлең мазмұны не туралы?
4.Өлеңді кім оқыды, кімнің дауысы деп ойлайсыңдар?
5. Сіздерге ұнады ма?
6. Ұнаса не себепті ұнаттыңыздар?
Бағалау критерийі
Дескрипторлар
Бейнежазбаны тыңдайды, негізгі ақпаратты анықтайды.
Мұқият тыңдайды
Сұраққа жауап беріп, өз ойын білдіре алады
4-тапсырма. «Өзара оқыту» әдісі. (Топқа интонация құрамдас бөліктері туралы материал беріледі. (жеке оқиды, бірі –біріне түсінгендерін айтып, талдайды)
Қандай тіл болмасын, оның интонациялық жүйесі белгілі бір заңдылыққа сүйенеді.
Интонация(лат. іntono) – сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Интонация — сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы.. Интонация — төмендегідей компоненттердің бірлігінен тұратын күрделі құбылыс:
Әуен,саз,тембр, фразадағы сөздер мен сөз тіркестерін бөліп айтуға қызмет ететін логикалық және тіркес екпіні.
Интонация — ауызша сөйлеудің маңызды элементі, ол жазуда тыныс белгілерімен және мәтінді абзацтарға бөлумен беріледі.
Интонацияның басты құрамдас бөлігі – әуен. Әуенсіз ауызекі сөйлеу тіліндегі сөйлем ешбір тиянақты ойды білдіре алмайды. Түптеп келгенде, сөйлеу тілінің ағысын бөлшектерге мүшелеп жіктейтін де, олардың басын қосатын да әуен мен кідіріс.
Әуен, мелодия (грек. melodіa — саз, әуез) — ырғақ пен әуез арқылы белгілі бір жүйеге түсіп, үйлесім құраған әр түрлі биіктіктегі дауыс қатары, яғни, ән немесе күй сазы. Бір дауыстық әуен музыкалық шығарманың көркемдік өзегін құрайды
Тембр (фр. tіmbre – кішкене қоңырау) – дыбыстың сапасы (оның “бояуы”, “характері”). Ол әр түрлі аспаптарда немесе түрлі дауыста орындалған белгілі бір биіктіктегі дыбыстарды ажыратуға мүмкіндік туғызады. Тембр дыбыс тербелістерінің формасына байланысты болады. Тембрге музалық аспаптың материалы, формасы, дыбыс шығару тәсілі, т.б. әсер етеді. Тембр арқылы дауыс ырғағын өзгерте отырып, сезім-күйді (қуаныш, реніш) білдіруге болады.
Қарқындылық (орыс. интенсивность (лат. intensio - қарқын)) — дыбысты, әсіресе дауысты дыбысты, айтуда өкпеден шығатын фонациялық ауаның күшеюі мен солғындау дәрежесі.
Қарқындылық — бір шаманың күшейтілген,
үдемелі шамасы.
Интонацияның маңызды да белгілі компоненттерінің бірі – пауза немесе кідіріс. Бір сөз ырғағын екіншісінен ажыратып тұратын кідірістерді интонациялық-логикалық кідіріс деп атайды.
1-топ Жұптық жұмыс «Сәйкестендіру» әдісі
-

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген