400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жалқаулыққа жол жоқ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Денсаулықтың адам баласына табиғаттың берген сыйы екенін түсінуге тәрбиелеу. Қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру. Белгілі бір бағытқа шапшаңдықпен, жылдамдата жүгіруге жаттықтыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті: Денешынықтыру

Мақсаты: Денсаулықтың адам баласына табиғаттың берген сыйы

екенін түсінуге тәрбиелеу. Қимыл-қозғалыс дағдыларын

қалыптастыру. Белгілі бір бағытқа шапшаңдықпен,

жылдамдата жүгіруге жаттықтыру.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме? Көрермендер, топ тәрбиешілері. Дарынды бүлдіршіндерді анықтау үшін, ортаға II-ші сәбилер тобының бүлдіршіндерін шақырамыз. (Әуенмен, спорттық киінген бүлдіршіндер шеңбер жасап тұрады.)

Шаттық шеңбері: Армысың, алтын күн!

Армысың, асыл жер!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос!

Тәрбиеші: Балалар, «Тазалақ - денсаулық, денсаулық - байлық негізі» - деген, қазақ халқында мақал бар. Бүгін сендердің өз денсаулықтарыңа қандай жауапкершілікпен қарап, қалай бағалайтындарыңды көретін боламыз. «Жалқаулыққа жол жоқ» атты эстафеталық ойындарымызды бастаймыз.

Бой жазу жаттығулары:

  1. Сапқа тұру.

  2. Жәймен жүру.

  3. Саппен жүгіру.

  4. Аяқ ұшымен жүру.

  5. Өкшемен жүру.

Дамытушылық жаттығулар:

  1. «Міне, біз қандай үлкенбіз» (қолды жоғары көтеріп созылу). «Біз енді кішкентаймыз» (отырып, қолды тізеге қою). Б.қ Тік тұру, қол төменде. 2-3 рет.

  2. «Ұзын аяқтар» (еденде отырып, қолды артқа тіреу, аяқты бірге алға созу). «Қысқа аяқтар» (аяқты жиып, тізені бүгіп, құшақтау).

  3. «Құстар ұшады» (еркін тұрып, бір орында секіру).

Тәрбиеші: Дүниедегі ең үлкен бақыт – денсаулық. Денсаулығымыз болмаса көп ауыратын боламыз. Не үшін көп ауырамыз деп ойлайсыңдар? Себебі, адамдар жалқаулықтан, қомағайлықтан, ластықтан ауырады. Жалқаулыққа жол бермеуіміз керек.


Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

  1. «Қояндар секіреді» (арқан үстінен секіру).

  2. Төрт тағандап еңбектеу.

  3. Бір орында тұрып, ұзындыққа секіру.

Тыныс алу жаттығулары:

«Ботқа қайнайды» сол қол іште, оң қол кеудеде. Ішті тартып, ауа жұтып, кеудемізді үреміз де, оң қолымызды ішімізге түсіріп, шшш деп айта отырып ішімізді сипаймыз.

Тәрбиеші: Сендер, өте жылдам екенсіңдер. Ендеше, денсаулық туралы мақал-мәтелдер айтып, оны қалай түсінетіндерің туралы айтып жарысасыңдар. Мен мақалдың басын айтамын, сендер жалғастырып және қысқаша түсінік бересіңдер.

  1. Тәні саудың - (жаны сау)

  2. Денсаулық - (зор байлық)

  3. Ас адамның - (арқауы)

  4. Ішің ауырса - (аузыңды тый)

Сендер еліміздің болашағы, қазақтың атын бүкіл елге танытатын, дарынды бүлдіршінсіңдер. Олай болса бүгінгі эстафеталық ойынымызды аяқтаймыз.



















ММ Өкпе ауруларына қарсы сауықтыру

«Балдырған» балабақшасы





Shape1

(ЭСТАФЕТАЛЫҚ ОЙЫНДАР)



Тәрбиеші:Қарымбаева.А

II-ші сәбилер тобы



17.03.2014ж


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
489
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі