Материалдар / Ашық сабақ Жаңартылмалы энергия көздері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Жаңартылмалы энергия көздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Электротехника пәнінің оқытушыларына әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
578
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Рисунок 5

МКҚК «АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»
















Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

___________А.Бейсетбаев

______________ 2017 жыл














ЗЕРТТЕУ САБАҒЫНЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАМАСЫ



























Алматы 2018

Келісілді

Сапа жөніндегі басшылықтың өкілі

__________________ Р.Сазанбаева

(қолы)

____________2017 жыл



Сапа жөніндегі эксперт

колледж әдіскері

__________________ Г.Толымбек

(қолы)

____________2017 жыл



Құрастырған

оқытушы ___________ А.Дуйсенбаева

(қолы)







Киноиндустрия, механика және экономика

кафедра отырысында қаралды

_____________2017 жыл

Хаттама № ______

Кафедра меңгерушісі__________М.Исмагамбетова

(қолы)




















САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мерзімі

01.11.2017

Оқытушы

Дуйсенбаева Асем .Аманжановна

Пәні

Электротехника

Тобы

РЭС2А

Сабақтың тақырыбы

Жаңартылмалы энергия көздері

Сабақтың

мақсаты

Біліктілік:

Жаңартылмалы энергия көздерінің күн энергиясын жинақтаушы пластиналарды жасау технологиясы, биоотын алу жолдары, дәнекерлеу технологиясы туралы білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық:

Жаңартылмалы энергия көздерін алу технологияларын іске асыру туралы жобалар дайындату арқылы кәсіби біліктілік қабілеттерін дамыту, ізденіс пен нәтижеге бағытталған іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Электротехника, электроматериалдар, электрорадиомонтаждау және болашақ энергиясы тақырыбы арасында байланыс орнатып, мамандыққа баулу.


Күтілетін нәтиже

Барлық білім алушылар: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауында қозғалған бағыттарды кеңінен тарқату, жасыл энергетика мүмкіндіктерін саралауды біледі.

Жаңартылмалы энергия көздерінің күн энергиясын жинақтаушы пластиналарды жасау технологиясын, биоотын алу технологиясын, дәнекерлеу технологиясын теориялық тұрғыда ажыратып, талдай алады.

Көпшілігі:білім алушылар топтық және жеке тапсырмаларды өздіктерінен шығармашылықпен дамыта орындап, презентациялар жасай алады.

Кейбіреулері: Жаңартылмалы энергия көздерін алу технологияларын дамыту жолында нанотехнология мүмкіндіктерін пайдаланып, наноматериал графен негізінде күн энергиясын жинақтаушы пластиналалардың жаңа үлгісін жобалау жұмыстарын жасай алады.

Сабақтың типі

Жинақтау және білімді жүйелеу, іскерлікті тәжірибеде қолдану

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдістері

Интерактивті әдістер, тәжірибелік әдістер, жобалық зерттеу, демонстрациялау әдістері

Сабақты ұйымдастыру формалары

Ұжымдық, топтық, жеке, тәжірибелік

Технологиялар

Ақпараттық-инновациялық технология, Flipped Classroom, деңгейлік - саралап оқыту , СТО элементтері

Пәнаралық байланыс

Элетроника , электрорадиоөлшеу, операторлық шеберлік, электрорадиомонтаждау

Көрнекіліктер

Бейнефильмдер, макет «FUTURE ENERGY», документ камера, интерактивті тақта, презентация

Оқу әдебиеттері мен интернет ресурстар

1. Қойшиев Т.Қ. Қайта жаңғырылатын энергия көздері.

Оқу құралы. 2000 ж.

2. Сокольский А. К. Нетрадиционные и возобновляемые источники энергии: Учеб.пособие. – М.: РГОТУПС, 2006, - 104 с.

3. Голицын М. В., Голицын А. М., Пронина Н. В. Альтернативные энергоносители. – М.: Наука, 2004. – 159 с.

4. Лосюк Ю. А., Кузьмич В. В. Нетрадиционные источники энергии: Учеб.пособие. – Мн.: УП «Технопринт», 2005. – 234 с.

5. Гали К. За возобновляемую энергетику // Энергетика и коммунальное хозяйство Республики Казахстан. – 2011. № 3 (3). – 50-51.

6. Алияров Б.К. Сараптамалық зерттеу «Қазақстан: Энергетиканың энергетикалық қауіпсіздігі, энергетикалық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы. Жағдайы мен мүмкіндіктері», Энергетикалық зерттеулер институты, Алматы, 2009, 370 б.

7. Тастенов А. Сила ветра и солнца: новые перспективы // KAZENERGY. – 2013. № 06 (61). – 62-63.

8. Web-ресурс: «Использование энергии». Zaporozhye Nuclear Power Plant. (http://nnp.zp.ua)

9. Web-ресурс: https://expo2017astana.com/

10. YouTUBEhttps://www.youtube.com/watch?v=0XZDyGrTK90

11.YouTUBEhttps://www.youtube.com/watch?v=DjgKbODsaQQ


Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған қызмет

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

Мотивация

(Радиоэлектроника және байланыс мамандығының студенттерінің шығармашылық жұмысы

Болашақ телеарнасының жаңалықтар топтамасы)













































Жағымды атмосфера қалыптас

тыру




























Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

элементтері

(Ой қозғау)

Жаңалықтар топтамасы BOLAS’AQ TV

(Білім алушыларды мамандыққа баули отырып, тақырыпқа деген қызығушылықтарын ояту)

Нұрбек:

Армысыздар, Мәңгілік еліміздің жарқын азаматтары!

Сіздермен «Болашақ news» және оның тілшілері

Бекмухаева Кымбат , Әбінәлі Нұрбек.

Қымбат: Елбасының мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапты. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын

ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады.

Нұрбек: Ия, Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынды. Мемлекет басшысы ХХІ ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың феноменін анықтап беріп ,әрі осы жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағдарын ұсынып берді.

Қымбат: Алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тартып, ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, «білім культін» қалыптастыру. Бұл бәрімізге жүктелген міндет.

Нұрбек:Осы тұрғыда, Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, онкүндік жарияланып, колледждің үздік оқытушылары ашық сабақ беруде.Бұл білім ордасы 1940 жылы СССР - дің № 405 бұйрығымен киноиндустрия мамандарын даярлайтын кинотехникумнан бастау алады. Мінеки биыл 77 жылдық тарихы бар ордалы оқу орны әлі де кино мамандарын және сапалы біліммен қаруланған IT мамандарын даярлауда.

Олай болса «Туған жер» бағыты аясында жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын елімізді таныту шарасы болып табылған ЭКСПО көрмесімен байланыс тапқан «Жаңартылмалы энергия көздері» тақырыбындағы сабаққа назар аударайық!

Оқытушы: Көріп отырғандарыңыздай, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында барша Қазақстандық жұмыла іске кірісті. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады… бұл менің емес Ұлт көшбасшысының сөзі! Олай болса, мен де Политехникалық колледждің электротехника пәнінің оқытушысы – табиғи байлықты қолдану бүгіннің еншісінде, ал «Жарқын болашақ – жасыл энергетикада» деген сөзбен бүгінгі зерттеу сабағын бастағым келіп отыр.


(Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында елге қосар үлесін айтып бір- біріне жүрек тапсырады)

Оқытушы: Ернат, мен сенің киноиндустрия саласында мықты маман болып , биік белестен көрінетіндігіңе сенемін.

Ернат:Ернұр, сенің бір ғылыми жаңалық ашатыныңа сенемін!

Ернұр: Жалғас, сен 3 тілді жоғарғы деңгейде меңгересің!

Жалғас: Бағдаулет, сен Туған жердің кереметтігін көрсететін әйгілі фотограф боласың!

Бағдаулет: Дастан, сен Қазақстанның 100 есімінің қатарынан табылатын спортсмен боласың!

Дастан: Еркебұлан, сен Қазақстанның экономикасына үлес қосасың!

Еркебұлан: Ия рахмет, осы жерде атап өтетіні Елбасының ысырапшылдыққа жол бермей, үнемдеуді үйренуді тапсыруы. Қарапайым мысал келтірсек, үйдегі 100 Вттық электр шамын жәй ғана 10 сағатқа өшіруге ұмытып кеттік дейік, көбіміз айтуымыз мүмкін онда тұрған ештене жоқ деп, ал сіздер не дейсіздер?

Қайрат: ия, ол процесстің орнына 38 кг нан пісіруге , 2 жұп аяқ киім  тігуге, 14 кг ірімшік өндіруге, 12 сағ. теледидар қарауға,

2 сағ. үйді шаң сорғышпен соруға жеткілікті


Бейнебаян «Жаңартылмалы энергия көздері»

Олай болса, біз бұл бағдарламаның іске асуына қандай үлесімізді тигізе аламыз?

Қазақстанға ЭКСПО аясында келген қандай жаңалықтарға тоқтала аласыздар?

Студент жауаптары:


Дескриптор:

-өз ойын нақты айтады

-өмірден мысал келтіре алады

-ойын көркем,ғылыми негізделген түрде жеткізе алады






Ресурс1

Жаңалық-тар топтама-сы

















































































Ресурс2

бейнебаян










«Білу» теориясы

Үй тапсырмасын тексеру


Оқытушы: Ия, дұрыс айтасыздар. Олай болса рухани жаңғыруды адам, қоғам сезінуі тиіс. Яғни, ысырапшылдыққа жол бермей, үнемдеуді де үйренген , жан- жақты дамып, біліммен қаруланған қоғам қалыптастыруымыз керек. Ендеше, білімнің салтанат құратынын заманның келгенін айқындайық.

Smart Notebook-та Электротехника тәжірибесі бойынша өткен тақырыпқа шолу жасайық.



  1. Электр тоғы соққанда қандай алғашқы көмек көрсетіледі?

  2. Дәнекерлеу дегеніміз не?

  3. Дәнекерлеуіштер неше топқа жіктеледі?

  4. Флюстың түрлерін атаңыз?

  5. Ақпарат кабельдеріне не жатады?

  6. ВВГ маркілі кабель туралы не білесіз?

  7. Дәнекерлеу жұмыстары қандай стандартпен қадағаланады?

  8. Баспа платасы дегеніміз не?

  9. Дәнекерлеуіштер қандай түрде шығарылады?

  10. Кең тараған ПОС61 белгіленуінің сыры неде?

  11. Резисторлар қандай топқа бөлінеді?

  12. Дәнекерлеудің қандай технологияларын білесіңдер?


Үй тапсырмасы бойынша интерактивті тақтада 3 түске (сары, көк, жасыл) жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы 3 топқа бөлу. ЭКСПО - ның талисманы болған Сауле, Мөлдір, Қуат болып 3 топ құрылды.


1. «Сәуле» тобы – Күн энергиясын

2. «Қуат» тобы- Жердің күш қуатын

3.«Мөлдір» тобы – судың энергиясын тұтыну болашақ- альтернативті, жаңартылмалы энергия көздерінде екенін аңғартады.


Дескриптор:

-өз ойын нақты айтады

-электротехника саласындағы жаңалықтарды біледі

-ойын көркем, ғылыми негізделген түрде жеткізе алады

-шапшаң ойлау, ойды жинақтауды біледі

Ресурс 3

Презентация

Smart Notebook

«Түсіну» теориясы

Білімді жүйелеу және қолдану қызметі













































































«Талдау» теориясы

МАКЕТ «FUTURE ENERGY»

Білім алушылардың шығармашылық жұмысы

Жоба тақырыптары:

«Үшінші буынды биоотын»,

«Графен негізіндегі күн энергиясын жинақтаушы панелдер»






































































































































































































«Қолдану» практикасы

















«Жинақтау» теориясы

Пәнішілік және пәнаралық байланысты нығайту

































































































Бекіту

Оқытушы: Қазіргі кезде адамзат қоғамының өмірін энергиясыз елестету мүмкін емес. Кеш бата бәріміз электр жарығымен өмір сүреміз, үйдегі көптеген электр құралдары, демалыс, көңіл көтеру орындарының тіршілігі, бүкіл өндіріс, өнімдерді өңдеу, басқа да қажетті заттарды жасау технологиялары электр энергиясын қолдана отырып жүзеге асатынын білеміз.

Дәстүрлі энергия көздері ретінде органикалық отын, яғни көмір, мұнай, газ пайдаланылатыны белгілі. Бірақ табиғатта қоры шектеулі: ерте ме, кеш пе, ол таусылады. Дәлелденген әлемдік мұнай қорының көлемі 2015 жылдың аяғындағы жағдай бойынша, жерде 2 трлн. жуық мұнай баррелі болғандығын көрсетеді. Ал мұнай өндіру қарқыны осылай жалғаса берсе, оның қоры 53,3 жылға ғана жетеді.Сондықтан бүгінгі таңда баламалы энергия көздерін іздестіру өте маңызды мәселе болып отыр.

«Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында атап өткендей, «көмірсутегі шикізатының нарығында ірі ойыншы болып қала отырып, біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз» деп атап өткен. Елдің дамуының «жасыл» жолына көшуіне Астанада өткен ЭКСПО-2017 қуатты серпіліс берді. Бәрімізге мәлім әлем назарын аудартқан ЭКСПО көрмесі биыл «Болашақ энергиясы» деген атаумен, электр энергиясын алу, тиімді пайдалану бойынша тәжірибе алмастық. Жаңалық ашылды .



Оқытушы сұрағы: ЭКСПО жайлы біз білмейтін қандай ақпаратпен бөлісе аласыздар?

1.Білім алушының шығармашылық жұмысы

(презентация қорғау)


Оқытушы: Баламалы энергетика – энергияны дәстүрлі қазба көздерінен (көмір, мұнай, газ) емес Күннен, геотермиялық көздерден температураны және т.б.пайдалану арқылы алу. Қазіргі таңда баламалы энергетика қарқынды дамуда. Оның себебі экологияның нашарлауы болып келеді. Баламалы энергияның көптеген түрі бар оның ішінде:

  • Күн энергиясы

  • Жел энергиясы

  • Су энергиясын пайдалануды біз қарастырған болатынбыз. Енді биоотын деген түсінік енгізсек.

Биоотын – биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы биологиялық шикізаттан алынған отын.

Биодизель – өсімдік, жануар, микробтан шыққан майлар және солардың этерификацияланған өнімдері негіз ретіндегі отын. Биодизельді отынды алу үшін оған өсімдік немесе жануар майын қолданады. Шикізат ретінде рапс, соя, пальма, кокос майы немесе кез-келген басқа да шикі-майлар, сондай-ақ тамақ өндірісіндегі қалдықтар қолданылады. Биодизелді су өсімдіктерінен өндіру технологиясы жобаланып жатыр.

Сұйық биожанармайды өсімдік майынан катализаторды қосып, май айыру әдісімен алады. Негізінде сұйық биожанармайды өндіру үдерісін қарапайым адамдар көрген немесе самогон түріндегісін жеке өндіріп көрді. Шикізат әлемінде сұйық май өндіру үшін әртүрлі өнімдерді пайдаланады.

Мысалы:

Биоэтанол,биометанол,биобутанол,диметилэфир,биодизель.

Айта кетейік, жүгері мен қант қамысынан биоэтанолды алады. Бұл өндіріс Бразилия мен АҚШ-та 90%-ға дамыған. Осы елдерді негізгі шикізат өндірушілер ретінде атауға болады. Ал биобутанол дегеніміз қарапайым спирт. Оны өндіру АҚШ-та жақсы дамыған. Биоотынға шикізат ретінде қызылша, бидай, маниок та қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ, биоотынға тән ең жоғарғы техникалық сипаттама рапс майынан алынады.



Оқытушы сұрағы: Сіздер биодизелді алудың тағы басқа қандай әдісін ұсына аласыздар?


Шығармашыл студент: бізде әр тұрғыда қарастырып көріп, мынадай қызықты ұсыныс тастағымыз келеді.

МАКЕТ «FUTURE ENERGY»













Білім алушы: Мухтарханов Ернұр

Зерттеу жұмысымның тақырыбы «Үшінші буынды биоотын».

Яғни биоотынмен өз өзін энергиямен қамтамасыз ететін шағын 10 мыңдай тұрғыны бар жылжымалы қала- дирижавльдар.Бұл қалалар өз платформасында суда жүзе алады, ауада ұшып, басқа да платформаларға қона алады. Ішінде жеке пәтерлер, дүкен, ойын сауық кешендері, сұлулық салон барлығы бар. Қазіргі кезде 3дМАХта 3д тур жасауға кірістік. Ал бұл туынды энергияны қайдан алады? Үшінші буынды биоотын балдырлардан алады. Қазақстанда балдырлардың 3000 дай түрі бар. Бұл дирижавльда балдырлар сыртын қаптай контейнерлерге өсіріліп, шағын ферма құраған.

Балдырлар сулы, жарық жерде жылдам қарқынмен көбейгендіктен бұл ең тиімді әдіс. Өсе отырып, атмосфераны оттегімен байытып, пар эффектісінен құтқарады.



Б алдырлар «майлы» болып келеді, мысалы балдырлар штаммында майдың құрамы 75-85% құрғақ салмағын құрайды.. Ал бұл май мұнайдың қасиеттерімен пара пар. Балдырды өңдеу салдарында пальмалы майға қарағанда3,5 есе, қант таяқшасына қарағанда 5 есе,жүгері майына қарағанда 8 есе көп биоотын алынады. Бұл фермада балдырлар күніне 1м2 ауданға 50 граммнан өседі деп жоспарланып отыр.


AutoShape 1







Білім алушы: Аширханов Бейбарыс.

З Зерттеу жұмысымның тақырыбы:

« «Графен негізіндегі күн энергиясын жинақтаушы панелдер»














Күн энергиясы – жаңартылмалы энергияның қайнар көзі. Сол себепті, кремнилі энергия жинақтаушы панелдерге қарағанда, наноматериал графен негізіндегі панелдерді пайдалану әлдеқайда тиімді. Мына макеттегі панел- ағашты әрі энергия жинақтаушы, әрі түнде керемет сәуле шашатын қала көркі ретінде қолдануға болады. Бұл пластиналар өте жұқа , жеңіл және жарықты екі жағынан да жұту мүмкіндігі бар. Графен көміртегінің 1 атом қабатынан ғана тұратын уникалды материал. Бұл жерде тиімділікті айту үшін бір физикалық жайтқа тоқталсақ. Күн сәулесімен келген фотондар панел бетіне түсіп, ондағы бос электронды ытқытып шығарады, ал ол электрондар ағынынан тоқ пайда болады. Олай болса кремнийлі пластинада бір фотонға бір электрон ытқыса, графенде бірнеше электрон бірден ытқып шығады. Екі материалдың ерекшелігі КазҰТУ технопаркінде наноэдюкейтер сканерлеуші микроскопында қаралды.Тағы бір ерекшелігі жаңбыр жауғанда да, тамшылардан энергия алынады.

Оқытушы: Жаңартылмалы энергия көздері арқылы электр энергиясын өндіру бүгінгі таңда 420 миллион киловатт-сағат болып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда тек 5 % өскен. «Жасыл энергиясы» жобасының түпкі ойы тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аудару болып табылады, яғни:

ауа-райы өзгеруімен және көмірқышқыл газының шығарылуымен күресуге;

балама қуат көздерін пайдалануға ынталандыруға бағытталған, оның ішінде қалпына келтірілетін қуат көздерін пайдалану және энерготиімділік жөніндегі бағдарламаларды енгізу;

энергиямен қамту сенімділігін қамтамасыз ету;

энергияны өндіру, сақтау және пайдалануды басқару;

тұрақты қуат көздеріне жалпы қол жетімділікті қамтамасыз ету

Осы орайда биоотын мен нанотехнология жетістіктерін дұрыс бағытта қолдана алуымыз қажет. Рахмет сіздерге!

Оқытушы In English: About the exhibition we can talk endlessly, but lets focus on the results of the EXPO,because we went there with you and witnessed grand and historically important event of our country.

Көрме жайында көп айтуға болады, дегенмен бәріміз көрмені тамашалап, танысып қайтқанбыз, тек қорытындыға тоқталсақ.

WHAT did EXPO give us?

Student:

Firstly its an infrastructure.All the beauty whichwas built for theexhibition will be used as a technology park for the development of IT technology and a scientific center for the implementation of green energy.

Біріншіден: инфрақұрылым, яғни ғимарат IT саласындағы стартап проектілерді дамытатын технопарк және жасыл технологияларды зеттейтін орталық ретінде қызметін жалғастырмақ.

Во вторых по мониторингу экпертов, более 150 научных открытий, 68 технологий из них начнут внедрять в Казахстане.

Екіншіден: сарапшылардың мониторингі бойынша 150 дей ғылыми жаңалықтар ашылды, соның ішінде 68 технологияны Қазақстан енгізуге қадам жасады.

Ия дұрыс айтасыздар,үшіншіден энергияны өндіру саласы ғана емес, үнемдеу эффективтілігі де өз нәтижесін берді. Мысалы, университеттерде энергоаудит, энергоменеджмент деген мамандықтар да ашылды. Жастардың интеллект деңгейі көтеріліп, сананың жаңғыруы басталды.


Дескриптор:

-өз ойын нақты айтады;

-электротехника саласындағы жаңалықтарды біледі;

-жобаны 3 тілде жетік меңгерген;

-шапшаң ойлау, ойды жинақтауды біледі.


Топпен жұмыс

Үш топ берілген тапсырмалар бойынша жұмыс

Оқытушы: Өте жақсы, мұндай жаңалықтар ашып, оны жетілдіру үшін электротехника, электрорадиоматериалдар, электрорадиомонтаждау пәндерін жақсы меңгеру қажет.

Сіздерге тәжірибелік тапсырма беріп, қаншалықты бұл пәндерді игергендеріңізге көз жеткізсек.

1-топ. Жарық диодтарынан мультивибратор, диодтардан жыпылықтағыш конструкциясын платада дәнекерлеу жұмысы арқылы орындау

2-топ. Electronics Workbench бағдарламасында жоғарыда аталған құрылғылардың тізбектерін электронды нұсқада құрау

3-топ. Жарық диодтарынан мультивибратор, диодтардан жыпылықтағыш конструкциясында қолданылатын диод, резистор, конденсатор транзистордың маркасын номиналын электронды қосымшалар арқылы анықтау

Бітіруші топтың білім алушылары «Операторлық шеберлік» пәніне кіріспе жасап, сабақты қорытындылайды

Тілші: Кайырлы күн, алаш қауымы! Көріп отырғандарыңыздай студенттер тәжірибелік жұмысты аяқтап қалған тәрізді, сұхбаттасып көрсек...

1-топқа сұрақ: Дәнекерлеу барысында қандай қиындық болды және тізбек іске қосылды ма?

2-топқа сұрақ: Қандай бағдарламада жұмыс жасадыңыздар?

Студент: Кез келген радиоэлектронды құрылғыны жасау физикалық және математикалық моделдеумен қатар жүреді. Electronics Workbench бағдарламасы аналогты және цифрлық тізбектерді моделдеуге мүмкіндік береді.

Тиімділігі:

  • қауіпсіз және ешбір элемент қателескен жағдайда істен шықпайды;

  • қателік болмайды;

  • уақытты үнемдейді.



3-топқа: Резисторлардың қандай моделге номиналы кандай екенін қалай анықтауға болады?

Студент: Оны қолдағы анықтамалық ақпарат арқылы анықтауға болады немесе қазір цифрлы технологияның дамуына байланысты түрлі электронды қосымшалар арқылы да анықтай аламыз. Интерактивті тақтадан мысал келтіріледі.

Тілші: Жауаптарыңызға рахмет, тәжірибелік бөлімді қортындылай келе сіздердің алып жатқан мамандықтарыңызға байланысты осы түсірілім барысында қолданылған әдіске де біраз тоқталсақ.

Интервью— көсемсөз жанры, журналистің бір не бірнеше адаммен қандай да бір өзекті мәселе төңірегінде сұхбат жүргізуі. Интервью барысында белгілі бір оқиғаның, құбылыстың мән-мазмұны маман әңгімелесушінің түсіндіруі, айтуы бойынша терең ашылады. Интервью жанры, негізінен, хабарламалы интервью және түсіңдірмелі интервью болып екіге бөлінеді. Олардың өзі іштей жіктеледі.

Бүгінгі қолданған түріміз: Хабарламалы интервью — тілші мен әңгімелесуші екеуінің сұрақ-жауап түріндегі диалогқа негізделген интервью .

Репортаж ең алдымен болған оқиға, байқалған құбылыс жайында бастан-аяқ баяндау.«Репортаж» сөзі латын тілінен аударғанда «хабарлау» деген мағынаны білдіреді.Репортаж – оқиғаларды орнынан жедел және көркем етіп беретін жанр. Жанрдың негізгі қасиеті – «болу эффектісі» - бұл оқырман, тыңдаушы, көрермен болған оқиғаны репортердің көзімен көруі және естуі.









Сегіздік әдісі туралы айтып өту

Дескриптор:

-мамандықтың қыр сырын біледі

-дәнекерлеу технологиясын біледі

-тісірілім барысындағы әдістерді меңгерген


  • Kahoot кешенінде өткен тақырып бойынша тест алу


Ресурс4

Презентация



























Ресурс4

презентация ЭКСПО-2017















































Ресурс5

макет «FUTURE ENERGY»

Презентация
































































































Ресурс6

макет «FUTURE ENERGY»

Презентация















































Ресурс7

Nanoeducator сканерлеуші микроскоп түсірілімі


























































Ресурс 8

Радиоэлементтер;Монтаж үстелі;

EWB бағдарла-масы;

Электрик қосымша-сы







Ресурс9

презентация































































Бағалау

Табыс критерийі. Бағалау парақшалары. Өзін-өзі бағалау

Аты жөні

Ой түрткі

Бейнебаян

бойынша

миға шабуыл


Smart Notebook

Тапсырма-

лары

Жоба

қорғау

Талдау

Топтық

жұмыс

Жинақтау










Ресурс10

Бағалау парағы

Білім алушы үні

(кері байланыс орнату)

Эмблеманың 3 түсін әр топ біріктіру арқылы тақырыпты түйіндеу. Жаңартылмалы энергия көздері жөніндегі ой-пікірлерін анықтау. Көшбасшы анықталады.

1- топ:

Өнер-білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды, – деп білімді жұрттың болашағы жарқын болатынын айтқан. Жаһанданып бара жатқан жаңа заманның ағымына ілесеміз десек, біз білімге талпынуымыз керек. Өйткені, кемел келешек бүгіннен басталады.


2-топ:

Жасыл энергетика басты мақсат біз үшін

Өз көмегін берері анық сіз үшін

Жеті бағыт жоспарланды мінеки

Пайдамызды тигізейік ел үшін!


3-топ: Болашақ энергиясы – жаңартылмалы энергия көздерінде! Оған бәріміздің көзіміз жетті деп ойлаймыз!


Жаңалықтар тілшісі Қымбат:

Әр қырынан танылған колледж студенттері бүгінгі іс шара барысында қоржындарын қажет біліммен толықтырып, білім кеңістігінде тағы бір саты көтерілді.

Нұрбек: Ендеше, білім жолындағы сапарлары сәтті болғай! Сіздермен болған Бекмухаева Кымбат, Әбінәлі Нұрбек. Жағымды жаңалықтар көп болсын!




Қорытынды

Оқытушы:Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев міндет қойды: Қазақстан-2030 таза ауасы мен мөлдір суы бар таза және жасыл ел болуы тиіс. Біздің негізгі байлығымыз: мұнай, газ, көмір мәңгі емес. Сондықтан да ертеңгі күні энергия тапшылығына тап болмас үшін біз «Болашақтың Энергиясын" дамытуға міндеттіміз.Осы орайда бүгінгі өткен тақырыбымыз әрқайсыңызға ой салды деп ойлаймын. Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе Жаңартылмалы энергия көздерінің артықшылықтарын атап өтсек:

  • Шикізатты сатып алу-тасымалдаудың, қалдықтарды шығарудың қажеті жоқ;

  • Электр қуатын беруші компаниялардан дербестік қамтамасыз етілген;

  • Ластаушы қалдықтар жоқ;

  • Табиғи ресурстар үнемделеді;

  • Отын, электр қуатының шығындары қысқарады;

  • Атмосфералық жылулық балансқа әсер етпейді;

  • Табиғаттың оттек қорын сақтайды;

  • Желдің кинетикалық энергиясын электр қуатына тегін айналдырады.




Үйге тапсырма

  • https://www.youtube.com/watch?v=huR_ZCHe9NI YouTUBE видеохостингында Асем Аманжановнаның бейнесабақтары каналынан сілтеме бойынша мәлімет алу

  • Биоотын алу жолдары тақырыбында ақпарат кэйсін толықтыру






Ү 38 СМЖ АМПК КСТ 11 1Басылым

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!