жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Жануарлардың бөліп шығару жүйесі 7сынып
|
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың бөліп шығару жүйелері. Жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру. |
Мұғалімнің аты-жөні:Қуандықова .С Күні:17.01 19ж |
||||||||||||||
|
СЫНЫП: 7А |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
|||||||||||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
7.1.5.3 - омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру |
||||||||||||||
|
Сабақ нәтижесі: |
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.Жануарлардың зәр шығару жүйесінің эволюциясына анықтама бере алады, тақырып мазмұнын түсінеді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Біржасушалы жануарлардың сұйықтық бөліп шағаруына мысалдар келтіре алады. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды. Бөліп шығару мүшелерінің эволюциясы тұрғысынан жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің сызбасын сызыңда алады. Жалпақ және буылтық құрттардың, ұлулардың, шаянтәрізділердің, балықтар мен сүтқоректілердің бөліп шығару жүйелерінің жетілуін талқылап, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
Жануарлар ағзасы үшін бөліп шығару жүйелерінің маңызына баға бере алады. Бөліп шығару мүшелерінің эволюциялық тұрғыда басқаша даму барысын елестетіп көреді.Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
||||||||||||||
|
Тілдік құзіреттілік |
|
||||||||||||||
|
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
||||||||||||||
|
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі. |
||||||||||||||
|
Үй тапсырмасы |
§30. Өсімдік бөлінділерінің ерекшеліктері |
||||||||||||||
|
Сабақтың жоспары |
|||||||||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
|||||||||||||
|
Басталуы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топ басшыларды сайлау Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады |
1-топ: Жазушылар 2-топ:Зерттеушілер 3-топ:Суретшілер |
|||||||||||||
|
Жаңа білім 10 минут |
Білу және түсіну Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. Қарапайымдар немесе біржасушалы жануарлар жиырылғыш вакуоль арқылы бөліп шығаруды жүзеге асырады . Бұл – өсімдік вакуоліне ұқсас жасуша цитопламасында болатын мембрна-көпіршіктері. Оларға судың, тұздар мен басқа да зиянды еріген заттардың артық мөлшері түседі. Жиырылғыш вакуоль зиянды ерітіндіге толған соң, олар жиырылады. Яғни жиналған заттарды жасушадан сыртқа шығарады. Жиырылғыш вакуоль алғашқы көпжасушалы жануарлар: губкалар, ішекқуыстылар (медуза, маржандар т.б.) бөліп шығарудың негізгі мүшесі болып табылады.Жалпақ құрттар – бұл жануарларда дербес шығару мүшелері: «жұлдыз тәрізді жасушалар» алғаш пайда болады. Шеті жұлдыз сияқты,құйғыға (воронкаға) ұқсайтын құрылымның алдында қозғалатын кірпікшелердің шоғыры болады. Кірпікшелер тербеліп, құйғы ішіне жасушааралық сұйықтықтан зиянды заттарды кіргізеді. Кірпікшелердің қозғалуын микроскоппен қарағанда жалынның қозғалысына ұқсайды. Мұндай жасушалар бүкіл дене бойымен екі жағында орналасқан. Олардың барлығы сыртқашығару саңылауымен ашылатын екі ұзын бойлық шығару өзектеріне ашылады. Жұмыр құрттар. Құрттардың бұл типі өкілдерінің денесі жұмыр, себебі ішкі сұйықтыққа толы болады. Аскариданың бөлу мүшесі – денесінің ортасында бір шығару тесігіне ашылатын бөлу түтікшесі. Ол арқылы зиянды заттар сыртқа шығарылады. Сонымен қатар осы типтің көптеген өкілдерінде «мойын бездері» деп аталатын мүшесі бар. Бұл жинақтау бүйректері – зәр шығару мүшелері, оған зиянды заттар жиналады, зиянсыздандырылады, бірақ ағза тіршілігін жойғанша сақталады . Буылтық құрттар типіне денесі буылтықтан құралған секілді көпжасушалы жануарлар жатады. Оған шұбалшаң, сүлік және теңізде, топырақта тіршілік ететін ағзалар жатады. Буылтық құрттарда алғаш рет бөлу мүшелері – зәр шығару түтікшелері – метанефридиялар пайда болады. Олардыңқұрылысының жалпы жоспары мен жұмыс принципікелесі тип жануарлары үшін бірдей. Олардың жұмысын толығырақ қарастырайық. Метанефридиялар – ұшы сыртқа ашылатын шығару түтікшесі бар құйғы тәрізді болады. Шұбалшаңның әрбір буылтығында (сегмент) ұшы көрші буылтықта (сегментте) ашылатын осындай 2 құйғы бола-ды. Соңғы сегментте құйғы болмайды, себебі ол ашылатын жер жоқ. Шұбалшаң денесіндегі қуыс сұйықтығы құйғыға түседі, оның пайдалы құрамбөліктері: су, қоректік заттар шығару мүшесімен өткен кезде ағзаға кері итеріледі. Онда қалған зиянды заттар қоршаған ортаға шығарылады. Шығару мүшелері эволюциясындағы келесі қадам – бүйректер. Бүйректі микроскоп арқылы қараса, буылтық құрттардың шығару түтікшелеріне – метанефридияларға ұқсас құрылымдардан тұратыны анықталады. «Жариялау» әдісі (Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен стикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.) 1-топ: Жазушылар Біржасушалы жануарлардың сұйықтық бөліп шағаруын жүзеге асыратын жиырылғыш вакуоліне сипаттама беріңдер. 2-топ: Зерттеушілер Жалпақ құрттардың бөліп шығару мүшелерінің жұлдызша тәрізді жасушаларын сипаттаңдар. 3-топ: Суретшілер Кiрпiкшелi кебiсшенiң құрылысын айтып беріңдер. |
Оқулық, мәтіндер. |
|||||||||||||
|
О 10 минут |
Қолдану «Салыстыру кестесі» Ортақ тапсырма: Тақтада сызылған кестеге жауаптарын стикерге жазып жабыстырады немесе, маркермен жазады.
Талдау «Ыстық орындық» орындық әдісі (Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады. Жаттығудың сипаттамасы: Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. 1-сұрақ. Бүйрек құрам бөлігі – нефрондардың құрылысы мен қызметінің ерекше ліктерін талдаңдар. Олардың эволюциясын буылтық құрттардан бастап сүтқоректілерге дейін талдаңдар. 2-сұрақ. Омыртқалы мен омыртқасыз жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің ұқсастығы мен айырмашылығын талқылаңдар. |
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.
|
|||||||||||||
|
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут |
Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі
|
.
«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі
|
|||||||||||||
|
Кері байланыс 3 минут |
«Рефлексиялық шеңбер» Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
|
Рефлексиялық шеңбер
|
|||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенінтексеруді қалайжоспарлайсыз? |
Пəнаралықбайланыс Қауіпсіздікжəнееңбекті қорғауережелері АКТ-менбайланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||||||||||||
|
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайыма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағыахуал Қандай болды? Мен жоспарлаған Саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген Уақыт ішінде үлгердімбе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес Келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды Жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
|||||||||||||||
Оқу ісі меңгерушісі: Б .Амалдықова
шағым қалдыра аласыз

ртасы



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген