жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Жануарлардың қандай түрлері болады?" 1 сынып
|
Пән: Жаратылыстану Бөлім: 2.Жануарлар Күні: Сынып: 1 «А» |
Мектеп: Тасты-Талды орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Какимжанова Айгүл Темиржановна Қатысқандар саны: 6 Қатыспағандар саны: 0 |
||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Жануарлардың қандай түрлері болады? |
||||||||||||||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты |
1.2.2.2 Жабайы жануарларды үй жануарларынан ажырата алу; қоршаған әлемнің құбылыстарын,үдерістерін және нысандарын зерттеу қажеттілігін түсіндіру. |
||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар:
Кейбір оқушылар:
|
||||||||||||||||
|
Тілдік мақсат: |
Тірек сөздер: жабайы жануарлар,үй жануарлары,төл Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: Үй жануарлары мен жабайы жануарларды бөліп көрсетеді,сәйкестендіреді. (айтылым) Сурет бойынша нөмірін жазады (жазылым) |
||||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Тақырыпты түсіндіру және тапсырмалар орындау кезінде |
||||||||||||||||
|
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
Тірек сөздер жазылған үлестірмелі парақшаларды таратып береді. Белгі бергенде,оқушылар тірек сөздер бойынша үштікке (үй жануары,жабайы жануар,төл сөздері бір топ құрайды)жиналады. |
||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану |
||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Оқушылар жабайы жануарларды үй жануарларынан ажырата білу керек. |
||||||||||||||||
|
Жоспар |
|||||||||||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Дереккөздер |
|||||||||||||
|
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 5 мин |
1.Амандасып алу -Сәлеметсіздер ме,балалар? |
Оқушылардың амандасуы (үш тілде амандасады) -Сәлеметсіз бе? -Здравствуйте -Good morning teacher! |
|
|
|||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 20 мин |
«Жануарлар дүниесі» сурет бойынша жұмыс.Топтастыру әдісі Оқушыларға қима суреттер таратылады.Өз топтарына сәйкес суреттерді топтастырады. -Суреттердегі жануарларды қандай топтарға бөлуге болады? Сабақтың тақырыбымен мақсатымен таныстыру. Сонымен балалар, мына мәліметті «Есте сақта!» сақтаңдар Табиғатта өз бетінше тіршілік ететін жануарларды жабайы жануарлар деп атайды. Адамдар күтіп-баптайтын жануарларды үй жануарлары деп атайды. «Жұптастыру» әдісі Жабайы және үй жануарлары Суреттерге қарап,жануарлардың не істеп жатыр? Олардың қайсысы жабайы,қайсысы үй жануары? Суреттерді төмендегідей етіп жұптастыруға болады: қоректену: құндыз қорегін өзі табады,итке адам тамақ береді; емделу: құндыз жарақатын жалап жазады,ал итке адам қамқорлық жасайды,мал дәрігеріне апарады; баспана: құндыз өзіне ағаш бұтақтарынан ін жасап алады,ал итке адам үйшік жасайды; Оқушылардан өмірде осы әрекеттердің қайсысын көргенін сұраймын. Сергіту сәті Қорбаңдаған аюдың Құлпынай көп екен. Теріп - теріп алайық, Қалтамызға салайық. Айтылым, тыңдалым «Енелері мен төлдері » ойыны Үй жануарларын атап шығады.Әр жануар қандай дыбыс шығарады. Айтылым, тыңдалым,оқылым,жазылым Дәптермен жұмыс 14-15 беттерді жеке орындайды.
15 бет Үйшік-ит,қойқора-қой,атқора-жылқы,сиырқора-сиыр,үй-мысық,күрке-тауық
Ойлан! Неліктен ит пен қасқыр бір-біріне ұқсас? |
Оқушылар қима суреттерді топтастырады. Сұрақтарға жауап айту арқылы бүгінгі тақырыпты анықтайды. Сабақтың тақырыбымен мақсатымен танысады.
Оқушылар жануарлар түрлерін естеріне сақтайды
Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді. Қайсысы үй жануары, қайсысы жабайы жануар ,бөліп көрсетеді. Жануарлардың не тіршілік жасап жатқандарын түсіндіреді.
Оқушылар айтылған мәліметтерді тыңдайды, айтады
Оқушылар екі жолға жануарлардың номерін жазады.
Суреттер бойынша сәйкестендіреді.
Айырмашылықтарымен,ұқсастықтарын анықтайды. |
«Тамаша!», «Керемет!», «Жарайсың-дар!»
«Басбармақ» әдісі бойынша
«Бағдаршам» әдісі бойынша
«Тамаша!», «Керемет!», «Жарайсың-дар!»
|
Жануарлардың қима суреттері
Интербелсенді тақтадан көрсету
Оқулықпен жұмыс
Бейнежазбадан (жануарлардың дыбыстарын тыңдайды) интербелсенді тақта
Жұмыс дәптері № 1
Интербелсенді тақта |
|||||||||||||
|
Сабақтың соңы 10 мин |
«Орман» және «Үй» ойыны Мұғалім жануарларды атайды. Сөздер: сиыр, бұғы, қой, түлкі,мысық,қасқыр,қоян,аю, түйе,жылқы ,жолбарыс. Кері байланыс -Балалар сабақ көңілдеріңнен шықты ма? -Не себепті үй жануарлары және жабайы жануарлар деп бөлінеді екен? -Адам үй жануарларын қалай күтіп-баптайды? -Үй жануарларының қандай пайдасы бар? |
Ал оқушылар оны жабайы жануар деп санаса «Орман», үй жануары деп ойласа «Үй» белгісін көтереді. Оқушылар сұрақтарға жауап айтады. |
«Басбармақ» әдісі бойынша
Шапалақ әдісі
|
Жануарлардың суреттері үлестірмелі |
|||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||
|
Саралау-оқушыға мейілінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?үлестірмелі материал (жазылым,айтылым) |
| ||||||||||||||||







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген